1.3. Батырлардың әлеуметтік құрамы жэне институционалдык статусы
71
Батырлардың ықпалы тек жеке басының қасиетіне ғана байла-
нысты емес, руының күшіне, ал ру күші
оның санына байланыс-
ты болды. Руластардың көп болуы, ол рудың жауынгерлік қабі-
летін күшейтеді. Л. Гавердовский «кедей қазақтар өз отбасымен
бірге атақты бір билердің қарамағындағы ауылдарға кіреді, өз бас
амандығы үшін қамқоршысының айтқанымен жүреді,
кейде қы-
сымына да шыдайды. Ал тізесі тие берсе қарсы рулардың біріне
қосылып кетіп бұрынғы қамқоршысының малын барымталап ай-
дап алады», - деп жазады219 2
2
0
Ал Орынбор губернаторы Волконс
кий «күшті ру басылар немесе жай қарапайым елдің ортасынан
шыққан жігіттер жэне басқалары өздерінің соңына ерген қазақ-
тармен бірге ұрлық жасап, ел тонайды, билерге, сұлтандарға, тіп-
ті ханның өзіне бағынбақ түгілі,
оларға қауіп төндіріп, қолда ба-
рын тартып алады» деген пікір аитадьг .
Халық атынан сөйлеу құқығы бар билер мен батырлардың
салмағының жоғары болғанын орыс деректері растай түседі. Мә-
селен, 1785 ж. Кіші жүз ру көсемдері Екатерина II патшайымға
«Кіші жүздің би, батыр, мырзалары сізден өте өтініп сүраймыз.
Әбілқайыр балаларын түгел
қызметтен босатып, артықшылық-
тарынан аластасаңыз. Олар біздің қара халықты жамандап, ыза-
ландырып, көпшілігін ренжітті, олардың азғын сөзіне сенбеңіз»
деген хат жолдайды221
Кейінгі оқиғалар көрсеткендей, Сырым
батыр бастаған бүл топтың ауызбіршілігінен сескенген патша
үкіметі бұл талаптарды орындауға мэжбүр болады.
XVIII ғасырдағы қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси құрылы-
мының
ерекшеліктері туралы айта келе, И. Георги «соңгы кезде
қара сүйектен шыққандар күшейді. Олар өздеріне би, батыр де
ген лауазымдарды алып, сұлтан тұқымдарымен туысып, көптеген
ауылдарға басшылық жасай бастады»222 - деп жазады. Өз кезегін-
де зерттеуші Ж. Артықбаев орыс деректеріндегі қазақ халқының
әлеуметтік түрғыдан үлкен екі топқа
бөлінетіндігі туралы мэлі-
меттер анық болғанымен, сәл үстірттеу, - дей келе, қара сүйек-
Достарыңызбен бөлісу: