А. И. Исаева Қазақ халқындағЫ


 Батыршылык институтының сыртқы саяси қарым-қатынастағы орны мен ролі



Pdf көрінісі
бет118/219
Дата18.11.2023
өлшемі7,97 Mb.
#124470
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   219
2.2. Батыршылык институтының сыртқы саяси қарым-қатынастағы орны мен ролі 
1 2 5
Қасымұлын да қосуға болады. Өйткені бір жағынан Кенесары да- 
лалық ережелердің барлығын бойына сіңіре отырып, өзін батыр 
ретінде мойындатқан тұлға болса, екінші жағынан оның жеңісте- 
рінің басы-қасында Ағыбай, Бұқарбай, Иман т.б. айтулы батыр- 
лар жүрді.
Екіншіден, қазақтардың оның ішінде батырлардың көтері- 
ліске араласуы олардың Ресей әкімшілігі немесе жергілікті би- 
ліктен (хан, султан) көрген қысымшылықтарының мөлшерімен 
анықталды. Яғни, белгілі бір рудың қонысына ешбір зиян тиме- 
се, оның көтеріліске бой ұруы екі талай болатын. Ал егер жағ- 
дай керісінше болса, батырдың соңынан ерген ру шеп бекініс- 
терінің мазасын алатын, не болмаса ауқымды қарулы қозғалыс 
ұйымдастыратын.
Мәселен, көтерілістердің тарихына көз салсақ, алғашқы қақ- 
тығыстар орыс билігінің орнығып, жергілікті халықты ысырып 
қойып өзіне тиімді саясатты жүзеге асырған жерлерде орын ал- 
ған. Ондай жерлер Жайық, Жем, Қобда, Ойыл өзендерінің маңы 
болатын. Сырым Датұлы, Жоламан Тіленшіұлы, Исатай Тайма- 
нұлы тэрізді батырлардың көтеріліс ошақтары аталған өзендер- 
дің аумағын қамтыған болатын. Ал Ресей Сыр бойына бекініс- 
тер шебін соғып, экімшілік реформалар жүзеге асыра бастаған- 
да Есет Көтібарұлы, Жанқожа Нұрмұхамедұлының қозғалыста- 
ры бұрқ ете қалады. Қазақ тарихындағы азаттық күрестің кез 
келгенін саралайтын болсақ, мынадай заңдылықты аңғарамыз. 
Отарлық саясат күшейіп және тереңдеген сайын батырлар тара- 
пынан көрсетілген қарсылық та барынша күшті жэне ауқымды 
болтан.
Қазақ батырларының отарлық езгіге қарсы күресінің алғашқы 
белгілері Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысы кезінде көрінеді. 
Бір бекініске шабуылдан басталған бүл көтеріліс Еділ мен Жайық 
бойына жэне Батые пен Солтүстік Қазақстанның аумағын қамты- 
ған ірі соғысқа ұласады. Осы өңірлерде қоныстанып, Ресей та- 
рапынан қысымшылық көрген қазақ ру-тайпаларының көтеріліс- 
ке белсене араласуы орыс экімшілігі тарапынан алаңдатушылық 
тудырған. Оған жазалаушы әскердің басшысы Бибиковтың орта-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет