А. И. Исаева Қазақ халқындағЫ


 2 6 2-ТАРАУ. XVIII - XIX ғасырдың алғашкы жартысындагы қазақ қогамында



Pdf көрінісі
бет119/219
Дата18.11.2023
өлшемі7,97 Mb.
#124470
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   219
1 2 6
2-ТАРАУ. XVIII - XIX ғасырдың алғашкы жартысындагы қазақ қогамында ...
лыққа жазған мынадай сөздері дәлел бола алады: «...ең қиыны 
қазақтардың бұл көтеріліске белсене араласуы болып тұр»342 
Н. Бекмаханованың еңбегіндегі мәліметтерге сүйенсек Сырым 
батыр Е. Пугачев соғысы кезінде қол бастап, орыс бекіністерінің 
тыныштығын алған343 Сырым Датұлынан басқа тарихи деректер- 
де аталған көтеріліске Байбақты қолын бастаған Айдар жэне Ка­
ра батырдың, Беріш қолын бастаған Құрбанбай батырдың, Апа- 
шаларды Баймұрат батырдың бастап қатысқандықтары келтіріле- 
ді344. Аталған жэне де басқа батырлардың көтерілістегі қызметі 
шеп бойындағы бекіністерге шабуыл жасап, адамдарын тұтқынға 
алумен жэне малдарын айдап әкетумен сипатталады.
Жалпы қазақ батырларының аталған көтеріліске қатысып шың- 
далуы, болашақта батырлар институты өкілдерінің тарапынан 
орын алатын азаттық күрестердің негіздемесіне сүйеніш болды. 
Сонымен қатар ұлт-көтерілістерінің мазмұны оны басқарған ба- 
тырдың мақсаты мен міндеттеріне қарай анықгалды. Оларды біз 
екі топқа бөліп жіктеуімізге болады. Алғашқысы бойынша батыр- 
лардың азаттық күресі жергілікті билік өкілдеріне бағытталды. 
Оның басты себебі Ресейге арқа сүйеген сұлтандар қарапайым ха- 
лыққа жэне батырларға тізелерін батыруға тырысты. Соның салда- 
ры оларға деген өшпенділікті тудырған еді. Мұны «Бекет батыр» 
жырынан алынған мына үзінділер нақтылай түседі:
«Бүгін өліп кетсем де,
Арманым жоқ Аллаға,
Талтаңдаған төрені 
Сақалынан ұстап ап 
Қонаққа сойған қозыдай,
Қолымнан өлім бергенмін.
Өлтірген неше төрені
Сал мойын Бекет дегенмін»345
342
Бекмаханов Е. Семенюк Г. Казахи в крестьянской войне 1773-1775 гг. / Ученые запис­
ки. T. LIV. Серия историческая. - Алма-Ата, 1963. - Вып. 12. - С. 70.
343
 Бекмаханова Е. Легенда о невидимке: (участие казахов в крестьянской войне под руко­


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет