2.2. Батыршылық институтының сыртқы саяси қарым-катынастағы орны мен ролі
123
жауып отырған340 Сонымен қарастырылып отырған кезеңдегі
«қытай факторы» батырларымыздың
араласуы нәтижесінде ше-
шімін тапқандығы жоғарыда келтірілген деректер арқылы белгілі
болып отыр.
Жоңғар хандығы құлағаннан кейінгі аймақтағы геосаяси жағ-
дай қазақ - қырғыз қатынастарына да
өз әсерін тигізбей қойма-
ды. Жоңғарға қарсы күрестегі одақтастар арасында жайылым
үшін тартыс
басталып, оның арты өзара барымтамен, шабыстың
өршуіне әкеліп соқтырды. Қырғыздарды тыныштандыру үшін
Абылай ханның бастауымен қазақтың
сол кезеңдегі көптеген
айтулы батырлары бас қосып, жорыққа шығады. Үмбетей жы-
раудың төмендегідей жыр жолдары
бұған қатысты біршама мә-
лімет береді:
«...¥лы сәске болғанда
Жасаған жақсы жол беріп,
Жол бергенде мол беріп,
Ойламаған бақ беріп
Қырғызды тэңірім қақ бөліп,
Садырбала бітем деп,
Әтеке соғыс күтем деп,
Бірі көнбей біріне
Садыр кетті бөлініп,
Соғысудан түңіліп,
Әтеке сынды жырықтың
Қабырғасы сөгіліп,
Шапқанда батыр төгіліп:
Қаракерей Қабанбай
Қанжығалы Бөгембай
Сары, Баян мен Сағынбай
Қырмап па еді жауыңды
Қуантпап па еді қауымды...»341
Халық ішіндегі тарихи аңыздар бойынша екі ел арасындағы
қақтығыстардың ең маңыздысы «Жайыл қырғыны» деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: