2.2. Батыршылық институтының сыртқы саяси қарым-қатынастағы орныменролі
1 2 7
Сырым бастаған көтерілісті де бірінші топқа жатқызуға бола-
ды. Мәселен, батыр өз жақтастарымен келісе отырып, Орынбор
губернаторы О. Игельстромға жолдаған хатында, егер Ресей Кіші
жүздің билігінен Әбілқайыр ұрпақтарын алатын болса ғана, кү-
ресті тоқтататындықтарын мэлімдеген болатын346. Соған сәйкес
Нұралы хан биліктен кетіп, Кіші Жүзді басқару О. Игельстром
реформасы бойынша батырлар мен билерге берілген болатын.
Алайда реформаның жетілмегендігін байқаған Ресей экімшілігі
Кіші жүздегі хандық билікті қайта қалпына келтіреді. Бұған на-
разы болтан Сырым батыр 1792 жылы Ресейге соғыс жариялау-
ға дейін барса, 1797 жылы оның жақтастары Ресейдің тарапынан
бекітілген Есім ханды өлтіреді347 Бұл топқа жатқызылған көтері-
лістердің басты ерекшелігі оның басшыларының, яғни батырлар-
дың орыс әкімшілігімен ымыраға келуінде жэне олардың басшы-
лары өздерінің наразылықтарын жергілікті билікке қарсы шығу
арқылы көрсетуге күш салған.
Екінші топқа жататын қозғалысты ұйыдастырушы батырлар
мен отарлаушылар арасында келісушілік болуы мүмкін емес еді.
Олай дейтініміз бұл топтағы батырлардың алға жоспарлаған мақ-
саттары маңызды және Ресейге қойған талаптары саяси тұрғыдан
ауқымды болды. Мәселен Жоламан Тіленшіұлының Орынбор әс-
кери-губернаторына жолдаған хатында Елек өзені бойына орна-
тылған эскери бекіністерді алып тастауды, қазақтарға Елек жэне
Жайық өзендері арасында көшіп-қонуға рұксат беруді жэне Ішкі
Ресейде тұтқында отырған Арынғазы сүлтанды қайтару туралы
талап қояды348. Әрине, бұл талаптардың ешқайсысын Ресей экім-
шілігі орындамайды, нақтырақ айтқанда олар отарлық саясаттың
жобасымен үйлеспейтін еді. Сондықтан да Жоламан батырдың
Ресеймен келісімге келуі екіталай болатын. Екінші топқа жата
тын батырлардың қызметін И. Бларамберг жақсы ашып көрсе-
теді: «Жоламан бастаған көтерілісшілер атақоныс үшні соғысып
Достарыңызбен бөлісу: