А. И. Исаева Қазақ халқындағЫ


Липец Р. Образы батыра и его коня в тюрко-монгольском эпосе. - С. 120



Pdf көрінісі
бет165/219
Дата18.11.2023
өлшемі7,97 Mb.
#124470
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   219
461
Липец Р. Образы батыра и его коня в тюрко-монгольском эпосе. - С. 120.
462
Ахметжанов К.С. Жараган темір кигендер: Батырлардың қару-жарагы, әскери өнері.
салт-дәстүрлері. - 34 б.
463
Мағауин М. Ғасырлар бедері. - 174 б.
464
Аманұлы Ж. Қарасай // Егемен Қазакстан. - 1998. - 4 кыркүйек.


4.1. Батырдың әлеуметтік-рухани болмысы мен беделі
175
серік болғаны, талай қиындықтар мен ауыр кезеңдерді бірге өт- 
кізгені жырға арқау болып, сондай-ақ жорықтардағы арғымақтың 
да елеулі үлесі ашыла түскен 465
XIX ғасырдың орта шенінде қазақ халқының әдет-ғұрпын, 
салт-дәстүрі мен фольклорын зерттеуге үлес қосқан Бронислав 
Залесскийдің еңбегінен: «Қазақ даласының тіршілік-тынысы» 
еңбегінде «Қазақты ат үстінде тану қажет. Жер түбіне дейін шар- 
шамай-шалдықпай ат үстінде жүре берер төзімділігін, ептілігін 
көргенде қазақтар осы ер үстінде жаралғандай көрінеді» деген 
жолдарды кездестіреміз466.
Зерттеуші Р.Г. Липец эпостардан келтірген бір мысалда «елші- 
лікке жіберілген бір салт атты иттердің абалап қаумалағанынан 
аты үркіп құлап қалады. Ол ханның алдына жаяу келгенде, оны 
уәзірлер мойындамай кіргізбей қояды» деп жазады467 Бұл оқиға 
көшпелілер қоғамында жаяу адамның ешқандай орны мен сал- 
мағы жоқ екенін ашық көрсетеді. Сондықтан жауынгер үнемі ат 
үстінде болуы қилы кезеңдегі заман талабынан туған шарт болып 
қалған.
Қазақ халқының жылқы малына деген көзқарасы мен құрметі 
де ерекше. Қазақ сонымен қатар, ат немесе жылқыны «қанатты 
тұлпар», «дүлдүл» «пырақ» сияқты теңеулер арқылы дәріптеген. 
«Пырақ», «дүлдүл» ислам дінімен енген. «Пырақ» (арабша «Бу­
рак»/ Мухаммед /с.ғ.с.) пайғамбардың Мирадж түні жеті қат ас- 
панға көтеріліп, Алланың тағының алдына барғанда мінген аты. 
«Дүлдүл» - Хазірет Әлінің талай шайқасқа мінген атының есі- 
мі468 Осыған орай қазақ батырларында «ат сүйек беру» деген дәс- 
түр болғанын атап өту қажет. Бұл дәстүр бойынша майданда аты 
оққа ұшқан батырды жау қолында қалдырмай басқа атқа ауысып 
мінуін қамтамасыз ету керек болған. Ал, енді батырлар атының 
бейнесін қазақ эпостарындағы, соның ішінде батырлар жыры мен 
тарихи жырлардағы көрінісімен салыстыра отырып талдайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет