4.1. Батырдың әлеуметтік-рухани болмысы мен беделі
1 7 7
рымдарынан қаруымен жэне атымен бірге жерленген балалардың
табылуын да осы ғұрыппен байланыстырады472
Зерттеушілер эпостың эрбір жанры ат образын жасауда өз
көркемдік қүралдарын, дэстүрлі бейнелеу үлгілерін қалыптасты-
ратындығын атап өтеді. Мэселен, синкреттік, мифтік-ертегілік
шығармалардан енді ғана еншісін бөліп ала бастаған архаикалық
эпоста аттар қиял-ғажайып қасиеттерге ие бейнелердің қатарында,
әрқилы ерекше қабілеттері, магиялық күш-қуаты, құдіреті бар жан
иесі турінде сипатталады. Ал, халықтық, этникалық ұғым-түсінік-
терді бойына молынан жинақтаған қаһармандық эпостарда аттар
өздерінің архаикалық эпостан қалған ерекше қабілеттерінің кейбі-
рін сақтап қалуымен қатар, үлкен ақыл-естің, адалдық, сенімділік
сияқты моральдық қасиеттердің иесі болтан аса қадірлі жануарлар,
орасан зор эпикалық тұлғалар дәрежесіне көтеріледі 473.
Мэселен, эпоста батырдың ат таңдауы, тұлпарын табуы; оны
құлынынан баптап бағып, жетілдіру, аттың сыны, сырт көрінісі,
ер-тұрманы, әбзелі, жасы, түлпардың кеңістіктегі қозғалысы, ат-
тың жүретін кеңістігінің көріністері, жүріп өткен жолының ұзақ-
тығы, жүру уақыты, шабысы, шабыс кезіндегі сипаты, динамика-
лық қозғалыс үстіндегі сырт көрінісі, соғыс майданындағы әре-
кеттері, аттың батырмен жэне эпостың баска да кейіпкерлерімен
тілдесуі, сөйлесулері, баска да белгілері кеңінен сипатталды.
Зерттеуші А. Көшекова: «эпостардың көне нұсқаларында ат
батырдың бағынышты көмекшісі, көлігі, айтқанынан, еркінен
шықпайтын жануар ғана емес, толыққанды жеке дара кейіпкер
ретінде батырды өзіне бағындырып, алға бастап, бағыттап оты-
рады, ал бас қаһарман өз атының айтқанын екі етпей орындайды.
Бірақ уақыт өте келе батырлар жырында бейнеленетін аттардың
кейбір қызметтері, мэселен, сиқырлы, көмекшілік, тіпті, қолдап-
жебеушілік, жөн-жоба көрсетушілік қасиеттері сақталып кал
ган», — дей келе бұлардың өзіндік төмендегідей ерекшеліктерін
бөліп көрсетеді:
Достарыңызбен бөлісу: