4.1. Батырдың әлеуметтік-рухани болмысы мен беделі
173
талдай отырып, оның батыр, әскербасы, жауынгер, жорықшы
болғандығын айта келе: «Шалкиіз поэзиясының рухы - ерлік.
Жыраудың кей шығармалары майдан даласының өзінде туғанға
ұқсайды» деп тұжырым жасайды458
Ақтамберді жырау да - ойраттармен күрес дәуірінде қазақ қо-
лының басында жүрген аруақты ерлердің бірі. Ол атақты Қара-
керей Қабанбаймен бірге Найманның рубасы көсемі, эскербасы
батыры. Сонымен қатар, Ақтамберді жортуыл жыршысы, әлеует-
ті жырау болған. ...Ол ойраттарға қарсы күресті ұйымдастыру-
шылардың алдыңғы сапында жүреді, елге ұйытқы болады. Басы-
нан таяқ өтіп, қаннан қаймыққан, бет-бетімен бас сауғалап кетуге
айналған жұртқа жанқияр ісімен де, жалынды жырымен де дем
береді459
Дэстүрлі қазақ қоғамына тэн құндылықтар жүйесіндегі батыр-
лар институтының орнын қарастырғанда батырлар атының бей-
несіне де тоқталмай өтуге болмайды. Белгілі зерттеуші А. Вебер:
«Орталық Азиядан шыққан көшпелі халықтардың Қытай, Үн-
дістан жэне Батыс елдеріне баса-көктеп жетуі (ежелгі дүниенің
осынау ұлы мәдениеттері көшпелілерден жылқыны пайдалануды
үйренді) дүниенің үш атырабына да бірдей ықпал етті, ат үстін-
дегі көшпелі халықтар дүниенің кеңдігін таныды. Олар ежелгі
дүниенің ұлы мәдениеті бар мемлекеттерін жаулап алды. Қиын-
қыстау тіршілік пен қауіп-қатері мол жорықтар арқылы дүниенің
жалғандығын түсінді, үстем нэсіл ретінде олар дүниеге ерлік пен
трагедиялық сананы орнықтырып, оны эпос түрінде паш етті»,
- дей келе көшпелі халықтарды эпос тудырушы халық ретінде
даралап көрсеткен460 Сондықтан батырлардың қазақ қоғамында-
ғы құндылықтар жүйесіндегі алатын орнын қазақ эпостарындағы
батыр тұлпарының бейнесімен бірге қарастыру қажет.
Себебі, батырлардың басты өзгешеліктерінің бірі - өздеріне
сай арғымақтарының болуы. «Ер қанаты - ат» демекші батырлар
өзінің жеңістеріне астындағы қазанаттарының көмегімен де қол
Достарыңызбен бөлісу: