4.2. Дәстүрлі қазақы ортадағы батыршылыққа тәрбиелеу мен баулу ісі
181
тыру мен әскери өнерге баулуға ерекше назар аударылатындығын
атап өтеді479
Көшпелі тайпаларға тэн осындай тэрбие жүйесінің айқын кө-
рінісін қазақ қоғамында кездестіре аламыз. Мысалы, Райымбек
батыр жеті жасқа толғанда нағашы атасы көк тай мен қару жарақ-
тың бүкіл түрлерін алып келіп, Қангелді батырға әскери өнерге
баулуды табыстайды480
Батырлар жырында болашақ батыр мал соңында жүрмеуі ке-
рек. «Нұрадын» батыр жырында жас бала
Мал бақпайын мен деді
Мал соңында жалпылдап
Атқа мініп жүрмеймін
- деп өзінің батырлық өнерге дайындалатынын білдіреді481.
Халық жадында сақталған образдар бойынш а батыр атағын
ер жігіт шын мэнінде өзінің жауынгерлік атымен қауыш ып,
өзінің алғашқы ерлік ісін атқарғаннан кейін ғана алады. Бі-
рақ, ол бұған дейін эр түрлі жолдардан өтуі тиіс. М әселен, ол
өз қүрдастарынан ерекше күшті болуы керек, күн санап өсіп
жетілуі тиіс т.с.с. Сондықтан жас батырдың атымен қауышуы
түркі-моңғол халықтарында кең тараған ж асөспірім ж ігіттің
жауынгерге өтуі дәстүрімен, осы сәттегі ең кұнды сыйлық өз
атына ие болуымен тікелей байланысты туындаған эпизод деп
қарасақ, мұндай ерекшелікті Күлтегін жырынан да кездестіре-
міз. Күлтегін бұл дәстүрден он жасында өтеді. Ж ырда «он жа-
сында Умай тэрізді анам хатунның қуаныш ына менін кіш і інім
Күлтегін батырға лайық есімін иеленіп, батыр атанды» деген
жолдар бар.
Батырлыққа тәрбиелеудің үлкен мектебі хандар мен хас ба-
тырлардың қасы на еріп, нөкер болып жүру салт-дәстүрімен
тығыз байланысты. Бұл мектеп жас талапкерлердің ғұмырын
Достарыңызбен бөлісу: