58
1-ТАРАУ. Қазак қоғамындағы батырлык дәстүрлердін тарихи бастауы ...
демейді, себебі, оған қуат беретін - намыс.
Ерлік деген тек бір
сәттік көрініс емес, ерлік батырдың қалыпты жағдаиы», - деп тү-
йіндейді ғалым. Ерлік идеологиялық ұғымға айналғанда, оның
табиғи болмысындағы ізгілік өзге іске, зұлымдыққа айналып ке
ту мүмкіндігі үнемі болып тұрады.
Қалмақ батырлары да батыр,
алайда, олардың ісі ізгілікті ме. Олай болса ерліктің өлшемі не
болмақ? Ерліктің өлшемі - ізгілік - деп анықтама береді. Одан
әрі зерттеуші қазақ батырларының мақсаты елін,
жерін қорғау,
- дей келе, Райымбек батырды әулие дегенде ол елдің қорғаны,
қалың жұрттын көшбасшысы, адасқан шақта жол табатын кемең-
гер әулиелігін айтады. «Әулие
арлы адам, арлы адам намысшыл
келеді, сондықтан Райымбек бабамыздың батырлығы, ел қорғаны
болтаны да әулиеліктің көрінісі», - деп тұжырым жасайды196
Қазақ қоғамы үшін батырлықтың белгісі - ең алдымен сыртқы
жауға қарсы күрестегі ерлік. Мәселен,
халқымызбен бірге жаса-
сып келе жатқан «қаһармандық эпоста белгілі бір жырдың бас-
ты геройы ең мықты батыр болып көрсетіледі. Ол жеңілу дегенді
білмейді, онымен тең келер, күш таластыра алар жан жоқ. «Алпа-
мыс» жырында ешкім Алпамыстың бетіне шыдай алмайды, «Қо-
быландыда» ноғайлының ең үлкен
батыры осы Қобыландының
өзі, ал, «Ер Сайын» жырында Сайынның ерлігі Қобыландыдан
асыңқырап кеткендей болады. Батырлық жырлардағы негізгі мо
тив - ерлік, сыртқы жауларға қарсы күрес. Әйтпесе жыр батыр
лык деп аталмас та еді»197
Қазақ үғымында «батыр» атағы мирасқорлық жолымен бе-
рілмейді, оған эрбір адам жеке басының ерлігімен ие болады.
Ел үшін жанын қиған батырлардың есімі ел үранына айналып,
халық олардың аруақтарын қастерлеген.
Ата-бабаларынан бе-
рі қарай «Батыр» атанып келе жатқан, ауыр жараланса да ұрыс
даласын тастамағандар «кара Батыр», немесе «қара Верен Ба
тыр»,
қауіп-қатерді елемей, үрысқа жалғыз кіріп ерлік көрсеткен
адам «жеке Батыр» атанған. Талай рет қақпа бұзып жау қамалына
Достарыңызбен бөлісу: