2.1. Қазақ қоғамының саяси жэне әлеуметтік жүйесіндегі батыршылык
95
басқыншылығына пәрменді тойтарыс
беруді ұйымдастыру қа-
жеттілігі эуелі эскери сахнада, ал сонан соң саяси сахнада да ха-
лықтың жол бастаушылары мен
қолбасшылары - батырлардың
аса көрнекті шоғырының пайда болуына жеткізді»278 Үмбетей
жыраудың:
«Батыры ханға сай болды,
Елің жайпақ болды»,
- деп жырлайтыны осы к езең 279
Тарихи даму үдерісінің біркелкі болмауына орай қоғамдық
институттар бірін-бірі жиі алмастырып,
соған байланысты эр
түрлі әлеуметтік құрылымдардың бірі алға шығып, екіншісі кен-
желеп отырды. Зерттеу жұмысының
тақырыбының уақыт шең-
берін қамтитын аумалы-төкпелі кезеңде батырлар институтының
алдыңғы қатарға шығуы заңды құбылыс болатын.
Әскери өнерді кэсіп етіп, ел қорғау арқылы даңқ пен абырой-
ға бөленген батырлар ендігі жерде жэй ғана қару асынған
сарбаз
емес, халыққа сөзін өткізіп, билік айтатын саяси тұлғаға айналды.
Олардың атап өтерліктей маңызды ішкі саяси қызметтері қатары-
на азаматтық басқару істеріне тартыла бастауларын жатқызамыз.
Тіпті кейбір жағдайда хан мен сұлтандардың өзі батырлармен са-
насып отыруға мэжбүр болған. Өйткені ханның немесе сұлтан-
ның қоғамдағы орны оған қолдау білдірген батырлардың беделі
мен санына қарай анықталды. Оның үстіне
батырдың шыққан
руы үлкен болып, өзі ауқатты болса, осыған қатысты біздің ой-
тұжырымдарымыздың барысын түсіну қиын емес.
Халқымыз-
дың «батыр болып, бай болса, ханнан несі кем» деп соз саптауы
осыған қатысты айтылса керек.
Бұл айтылған тұжырымдары-
мызды тарихи деректермен негіздесек. XVIII ғасырдың алғашқы
жартысында қазақ ел басшыларынан ант қабылдаған Татищев
Әбілқайыр хайды көп ешкім тыңдамайтындығын айта келіп, Ор
та Жүзден Жәнібек батыр мен Шүрек батыр және Кіші Жүзден
Достарыңызбен бөлісу: