188
АБЫЗ – түркі халықтары Тәңірі сенімінде болған көне дәуірдегі бірегей мә
дениәлеуметтік жүйенің өкілі. Абыз –
әскери бақсы, болжаушы, кеңесші,
рудың
ақсақалы, батагөй қариясы мағынасында қолданылады.
АВТОРДЫҢ БЕЙНЕСІ – әдеби шығармадағы жазушының өз тұлға сының көріну
қалпы.
АҚЫН – поэзиялық туындыларды, өлең, жырдастан, поэма ларды ауызша айтып
не жазып шығаратын өнер иесі, халықтың көркемдік дәстүрлерін қалыптастырып,
жалғас тыратын сөз шебері.
АЛЛИТЕРАЦИЯ (латын.
ad-littera – дыбыстас) – шығар маларда бірыңғай
дыбыстардың үндестігі, дәлірек айтқанда дауыссыз дыбыстар дың қайталануы.
АҢЫЗ – қазақ фольклорлық прозасының жанры, елдің, тайпа, рудың шық қан
тегі, кешкен жолы хақындағы немесе тарихта болған әйгілі адамдар – хан, батыр
лар, би,
шешендер жайындағы, сондайақ нақтылы бір жерсу, сол жерде өткен
оқиғалар турасындағы
тарихи шындыққа негізделген, халықтың тарихи жадында
сақталған, әйтсе де уақыт өте көркемдік сипат алған әңгіме.
АССОНАНС (латын.
assono – үйлесім) – өлең сөзде дауыс ты дыбыс тардың үндесе
қайталануы.
ӘҢГІМЕ – оқиғаны
баяндап айтуға негізделетін, қарасөз бен жазылған шағын
көркем шығарма.
БАҚСЫ САРЫНЫ – әртүрлі ырым, рәсім көрсету кезінде өзіне табындыра бау
рап алу үшін музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен айтылатын өлеңжыр. Сөз
дері айшықты,
бі рақ мағынасы бұлдырлау, көбінесе төкпе жыр үлгісінде айтылған.
Достарыңызбен бөлісу: