А. К. Жундибаева Алматы «Атамұра» 2018 А. С. АҚтанова, А. К. Жундибаева, Л. К. ЖҰмекенова жалпы бiлiм беретiн мектептiң 8сыныбына арналған оқулық



бет81/86
Дата20.12.2023
өлшемі0,67 Mb.
#141832
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86
Байланысты:
Танова, А. К. Жундибаева-emirsaba.org

БАЯНДАУШЫ БЕЙНЕСІ – әдеби шығармада оқиғаны әңгімелеп айтушы, сол
оқиғаға қалайда қатысы бар, болған жағдайларда өз көзімен көрген адамның тұлғасы.
ГРАДАЦИЯ (латын. – біртіндеп көтеру), яғни дамыту – айшықтаудың бір түрі:
алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды асыра, асқақтата түсу.
ҒЫЛЫМИ ФАНТАСТИКА – фантастикалық әдебиеттің жетекші саласы.
ДАСТАН (парс. сөзі – тарихи әңгіме, ертегі, батырлар жыры) – Таяу және Орта
Шығыстың, Азияның, оңтүстікшығыстың әдебиеті мен фольклорындағы эпикалық
жанр, өлең түріндегі уақиғалы шығарма.
ЕРТЕГІ – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанрының барлығына
тән ерекшелік: бұлар бұрынғы өткенді қиялмен ұштастыра болжайды, сюжетті
көркем әңгіме түрін де келіп, қарасөзбен беріледі.
ЖАНР – әдеби шығармалардың жеке түрлері, көркем әде биеттің салалары.
Орныққан жүйе бойынша әдеби шығар малар негізінен үш топқа бөлініп, жіктеледі:
эпостық жанр, лирикалық жанр, драмалық жанр. Бұлар – әдебиеттің үш үлкен са
ласы, үш тармағы.
ЖЫРШЫ – ауыз әдебиетінің дәстүрін сақтаушы, батыр лық, тарихи, ғашықтық
жырларды айтып таратушы. Ірі өнерпаз жыршылар жырларды өзінше өңдеп, не
суырып салып шығарып та айтқан.
ИДЕЯ – әдебиет шығармасында өмірдегі жайжағдайлар, адам тағдыры баян
далғанда, суреттелгенде жазушының сөз болып отырған мәселелерге қатынасы,
көзқарасы да аңға рылады.
Г Л О С С А Р И Й 
(АНЫҚТАМА СӨЗДІК)
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217


189
КЕЙІПКЕР (персонаж) – көркем әдебиетте роман, повесть, әңгімеде, драмалық


шығармада, поэмада бейнелетін уақиғаға қатысушы.
КОМПОЗИЦИЯ – әдеби шығарманың құрылысы, оның үлкенкішілі бөлімбөл
шек терінің бірбірімен қисынды түр де қиюластырылып, әртүрлі тәсілмен байла ныс
тырылған тұтастықбірлігі.
КӨРКЕМ БЕЙНЕ – көркем өнерде, соның ішінде әде би шығармада жинақталған
түрде суреттелетін өмір құбы лысының нақтылы көрінісқалпы, кейіпкердің көркем
ой елегінен өткізіліп, қорытындылап жа салған тұлғабейнесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет