32
Билингвалды компонент: еңбек – труд – work.
1.ҰОҚ барысы
Шеңбер құру: «Жылы лебіз!»
Шарты: балалар шеңбер болып тұрады. Оң жаққа бұрылу
арқылы бір-біріне әдемі
сөздермен теңеу айтады. Мысалы, Әсел, сен әдемі қызсың. Марат, сен ақылды баласың.
Балалар шеңбер болып тұрады. Бір-біріне әдемі сөздер айтуға тырысады.
Әңгіме оқу: Кішкентай бағбан. (
Балаларды шеңбер бойымен кілемге отырғызып алу).
Садықтың әкесі – бағбан. Садық оған ылғи көмектесіп жүреді. Қар кетіп, жер дегдісімен
әкесі мен баласы бақта құмырсқаша қыбырлап, еңбек етті. Бір күні Халел жүгіріп келіп:
– Кеттік, Садық, ойынға, – деді.
– Менің жұмысым көп, – деп жауап берді Садық оған.
– Жұмыс деген немене тәйірі! Әкең бәрін де істейді ғой. Ойнаған қызық емес пе?!
Халел ойыншықтарының бірінен кейін бірін алып, көрсете бастады.
Садық ойнағысы
келіп кетсе де, өзін-өзі басып, жұмысын жалғастыра берді. Күз де келді. Бақта жеміс пен
жидектің сан алуан түрі өсіп-жетілді. Садықтың өзі де қарық болды, досын да барынша
сыйлады. Халел тойып алып:
– Бәрін де түк қалдырмай жеп қоямыз, – деді
– Қалады, – деп жауап берді Садық.
– Әкем «Кім
ойынға елікпей еңбек етсе, жер соны қарық қылады» деген.
– Бағбан деген кім? (Бағбан деп бақша егетін адамды атайды).
Жаңа сөзді, «Телефон» ойыны арқылы қайталату.
Шарты:«Бағбан» сөзін шеңбер бойымен бір-бірінің құлағына сыбырлау арқылы, ең соңғы
баладан қандай сөз естігендігін сұрау.
«Ғ» дыбысына жаттығу орындау.
Бағ-бағ-бағ-бағбан.
Бұғ-бұғ-бұғ-бұғы.
Қағ-қағ-қағ-қағаз.
Сұрақтар:
– Әңгіме қалай аталады? (Кішкентай бағбан)
– Неге ол «Үлкен бағбан» деп аталмаған? (Өйткені бағбан Садық кішкентай).
– Садық қандай бала? (Садық – еңбекқор бала).
– Ол бақта не егеді екен? (Ол бақта әкесіне көмектесіп, жемістер егеді).
Достарыңызбен бөлісу: