40
Це-це-це-цемент
Циркте қандай аңдар мен жануарлар өнер көрсететінін сұрайды (олардың қимыл-
қозғалысын салуды ұсынады). Ал балалар циркте: аю, күшік, піл, арыстандар, жылқылар
тағы басқа өнер көрсететінін баяндай отырып, қимылын салып көрсетуге асығады.
Енді балалардың назарын суреттегі күлдіргіштің жанындағы чемоданға аудару.
Педагог балалардан ол заттың атауын және оның күлдіргішке қажеттілігін сұрай
отырып, чемодан туралы әңгімелеу (оның пішіні, түсі). Балалар, ол заттың чемодан екенін
және оның қажеттілігі туралы пішінін, түсін әңгімелеуге атсалысады.
– Чемодан сөзінің басында естілетін «Ч» дыбысын қайталайықшы.
Балалар «Ч» дыбысын педагогпен бірге қайталайды.
Буындар мен сөздерді қайталап, «Ч» дыбысын айтуға жаттығады.
«Ч» дыбысын дұрыс естіп ажырату үшін буын ішінде келтіріп, жаттықтыру:
Че-че-че – чек
Че-че-че – чемодан
Чи-чи-чи – чипсы
Чи-чи-чи – Чикаго т.б
Күлдіргіштің доптары туралы тақпағымызды қайталап, сергіту жаттығуын жасату.
Достарыңызбен бөлісу: