А. М. Наурызбаева СӨйлеуді дамыту әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы


түсінеді: жаңа сөздерді, ізгі сөздерді айтуды,  қолданады



Pdf көрінісі
бет34/73
Дата15.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#83043
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   73
Байланысты:
httpswww.edulife.kzsabaq-kzattachmentsyleud-damytu-dstemelk-nsau.pdf

түсінеді: жаңа сөздерді, ізгі сөздерді айтуды, 
қолданады: дастарқан әзірлеуді. 
Қолданылатын көрнекі құралдар: сөйлеуді дамыту дәптері, мазмұнды-рөлді ойын 
құралдары, қазақы дастарқан үнтаспасын қолдану. 
Сөздік жұмыс: қант салғыш, май салғыш, нан салғыш 
Билингвалды компонент: нан – хлеб – bread 
ҰОҚ барысы:: 
1. Ұйымдастыру кезеңі 
Педагог топқа дастарқан әкеледі. Балалар қызығушылық танытады. 
2. Негізгі кезең 
Педагог:
– Бұл не?
– Дастарқан. 
(«Қ» дыбысына жаттығу орындату.
Қа-қа-қа – қан 
Қа-қа-қа – қат 
Қан-қан-қан – дастарқан 
(«Қ» дыбысы дауыссыз дыбыс екендігін айту). 
Балалар дастарқан жайлы ән бар, кәне, бәріміз қосылып айтайық. (Бәрі үнтаспамен 
қосылып айтады.) Балалар жаттығуды орындайды. 
Ән айту: «Қазақы дастарқаным» 
Әнін жазған: М.Ілиясов 
Сөзін жазған Ж.Боранбаев 
 
Бүгінгі ел ішінде, 
Дәстүрді жалғастырған. 
Татулық белгісі ме, 
Жағалай малдас құрған. 
Қ-сы: 
Ей, менің асқар тауым, 
Қазақы дастарқаным. 
Өзіңсің бақ-берекем, 


42 
Ақ қайнар бастауларым. 
Балалар бірге қосылып қайталап, әннің ырғағына қарай әндетеді. 
Педагог балаларға сұрақтар қояды.
Сұрақ-жауап:
– Балалар, дастарқан не себепті берекелі деп аталды? 
– Өйткені дастарқанға нан, май, сүт, қант, шай, тамақ, әртүрлі жемістер қойылады.
Педагог мақал-мәтел қайталаттырады.
Мақал-мәтел:
– «Ас атасы – нан» деген бар, нанды немесе жалпы тамақты шашуға немесе басуға 
бола ма? (Шашуға деа басуға да болмайды). 
Педагог: ал енді нан туралы тақпақты тыңдайықшы.
Тақпақ: «Нан – ардақты, асыл ас». 
Нан қоқымын шашпаңдар, 
Жерде жатса баспаңдар. 
Теріп, алып қастерлеп, 
Торғайларға тастаңдар. 
(Ә.Қалдыбаев) 
– Балалар, дастарқанға отырмас бұрын қолды не істеу керек? (Жуу). 
– Кез келген жемісті жумай жеуге бола ма? Балалар: қолды да, жемісті де жуу керек 
деп жауап береді.
Дәптермен жұмыс: тапсырманы орындау. 
– Қанттың дәмі қандай? (Қанттың дәмі тәтті). 
– Кәне, қайталаймыз?
– Тәп-тәтті 
– Қантты қандай ыдысқа саламыз? (Қант салғышқа саламыз). 
Жаңа сөз: Қант салғыш
– Нанның да өзі ыдысы, майдың да ыдысы, тұздың да ыдысы болды екен. Олар қалай 
аталады?
– Нанның ыдысы – нан салғыш, майдың ыдысы – май салғыш, тұздың ыдысы – тұз 
салғыш.
Жаңа сөздернан салғыш, қант салғыш, май салғыш сөздерін қайталайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет