49
Мұз болады, қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
(А.Тоқмағамбетов)
Тақпақты балалар мұқият тыңдайды.
– Балалар, қар қандай болады? Балалар, қар аппақ, ұлпа, жұп-жұмсақ, мамықтай ұлпа
болады деп жауап береді.
– Балалар, міне, жаңа қардың түсі ақ дедік, даланың бәрін аппақ қар ақ мамыққа орайды
екен. Қардың үстінен жүрсең, қандай дыбыс шығарады?
– Сықыр-сықыр, сықыр-сықыр.
– Иә, дұрыс айтасыңдар. Балалар, сендерге қар жауған ұнай ма? (Әрине).
– Ендеше, қармен қандай ойындар ойнауға болады?
Қарды домалатып, аққала жасауға болады. Қарды домалатып ойнауға да болады.
– Иә, тағы қандай қысқы ойындарды білесіңдер?
– Шанамен сырғанау, конъки тебу, шаңғы тебу.
(Шаңғышының, конькишінің қимылдарын жасайды).
– Балалар, қар күн жылынып кетсе, не істейді? (Қар күн жылыса, еріп кетеді).
– Ал қар күн суытса неге айналады? (Қар күн суыса, мұзға айналады).
– Кәне, бәріміз бірге «М»-«Н» дыбыстарына жаттығу орындайық.
М-м-м – мұз,
Ма-ма-ма – марал,
На-на-на – нан,
Н-н-н – нар.
«М», «Н» дыбыстарының дауыссыз дыбыс екенін айтып өту.
м-мұз,
Ма-ма-ма – марал,
На-на-на – нан,
Н-н-н – нар.
Дыбыстарды анық айтуға тырысады.
Достарыңызбен бөлісу: