А. М. Наурызбаева СӨйлеуді дамыту әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет35/73
Дата15.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#83043
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   73
Байланысты:
httpswww.edulife.kzsabaq-kzattachmentsyleud-damytu-dstemelk-nsau.pdf

Сергіту жаттығу:
Ал, балалар, тұрайық, 
Алақанды ұрайық. 
Оңға қарай иіліп, 
Солға қарай иіліп, 
Бір отырып, бір тұрып, 
Біз тынығып алайық. 
(Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындату). 


43 
Мазмұнды-рөлді ойыны: «Дүкенші» 
Мақсаты: Баланы мамандыққа үйрету. 
Ойналу шарты: Бір баланы сатушы етіп, қалған балалар сатып алушы болып ойналады. 
(Мысалы, сатушы «келіңіз, сізге не керек?» деген сөздерімен және сатып алушылар 
«рақмет» сияқты мейірімді сөздерді қолдана білуге үйрету. Балалар ойынды қызыға
ойнайды. 
3.Қорытынды кезең (рефлексия) 
Педагог жаңа сөздердің дыбыстарын дұрыс айтуға ұсыныс білдіреді. Балалар сөздерді 
анық айтуға тырысады. 
 
 
№15
Білім беру салалары: Коммуникация, Әлеумет, Денсаулық 
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту 
Тақырыбы: «Қонақтарды күтеміз» 
Мақсаты
Қонақ күту жайлы түсіндіру.
Міндеттері: 
а) Заттарды топтастыра суреттеуге үйрету, (ыдыстар: асүйлік, асханалық). 
ә) Сөздік қорды жаңа сөздермен байыту, олардың атқару қызметін ұғындыру.
«Ы» 
дыбысына артикуляциялық жаттығу жасату; қарым-қатынас дағдыларын жетілдіруді 
жалғастыру.
б) Қонақжайлылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер: 
біледі: дыбыстарды және олардың атқаратын қызметін білуі;
түсінеді: жаңа сөздерді;
қолданады: «Ы» дыбысын ажыратуды. 
Қолданылатын көрнекі құралдар: доп, гүл, сөйлеуді дамыту дәптері 
Сөздік жұмыс: хош иісті 
Билингвалды компонент: гүл – цветок – flower. 
 
 ҰОҚ барысы: 
1. Ұйымдастыру кезеңі 
Педагог топқа гүл әкеледі. Балалар қызығушылық танытады. 
2. Негізгі кезең 
– Балалар, бұл не? 
– Гүл. 
Педагог балаларға шеңберге тұруға ұсыныс білдіреді.
Шеңбер құру: «Гүл иіскеу» 
Мақсаты: Балалардың тілін дамыту. 
Қолданылуы: Шеңбер бойымен гүлді иіскеп көреді және гүлге әсерлі сөздер айту қажет. 
(мысалы, хош иісті гүл екен, әдемі гүл, жұпар иісті гүл, таңғажайып гүл)
Балалар шеңбер бойымен гүлді иіскеп, әдемі сөздермен гүлді теңеулерге теңейді. 


44 
– Балалар, сонымен қатар өсіп тұрған ауладағы гүлді жұлуға болады ма? Балалар 
гүлді жұлуға да, басуға да болмайды деп жауап береді.
Педагог: Жақсы, жаңа біз гүлді хош иісті дедік. Кей уақытта үйге қонақ келгенде немесе 
мереке күндерде біз үстелдің ортасына құмыраға су құйып, гүл қоямыз. Себебі бөлменің 
ішінен аңқыған гүлдің иісі шығып тұрсын деп. Ал енді балалар гүл ұғымын түсініп алдық 
енді ойын ойнап алайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет