Дидактикалық ойын:«Қайсысы нені жақсы көреді?»
Мақсаты: баланың ойлау қабілетін дамыту, кейіпкерлер бейнесін сомдауға баулу.
Шарты: Сөйлеуді дамыту дәптерімен орындалады. Суретте берілген жануарларды,
құстарды жақсы көретін тағамдарымен қосу. Мысалы: мысық – сүт, ит – сүйек, тауық –
тары, лақ – шөп. Дәптердегі жануарлар мен құстардың дауысын, қимылын келтіріп
ойнату. Суреттерді бір-бірімен сәйкестендіреді.
3.Қорытынды кезең (рефлексия)
Қонжық:
– Балалар, енді мен қайтайын, мені анам іздеп қалар, апаныма түсіп, ұйқыға жатуым
керек. Қыс мезгілі де келе жатыр. Мына балдан ауыз тиіңдер! Өзім жинаған бал.
Сендермен бірге тақпақ жаттадым, жаттығу да жасадым, ойнадым. Сендерге көп рақмет!
Көктем мезгілінде тағы да қонаққа келемін. Сау болыңдар!
– Сау болыңыз.
– Қонжық, саған тәтті ұйқы тілейміз!
Балалар қонжыққа шырша бүрлерін сыйға тарту етеді.
№ 11
Білім беру саласы: Коммуникация, Шығармашылық, Әлеумет
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Жаз, күз (сурет бойынша әңгіме құрау)
Мақсаты:
Жаз және күз мезгілдеріның айырмашылықтарын әңгімелеуге үйрету.
Міндеттері:
а) Балаларды хабарлы сөйлемді қолдана отырып, сурет мазмұнына қарай әңгіме құрауға
үйрету.
ә) Саусақ моторикасын дамыту, «ұ» мен «у» дыбыстарын дұрыс айтуға дағдыландыру
;
балаларды айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, өз ойын ауызша
жеткізуге баулу.
б) Өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
біледі: күз мезгілімен жаз мезгілінің айырмашылықтарын ажыратуды;
түсінеді: «Ұ» мен «у» дыбыстарын дұрыс айтуды;
қолданады: суретке қарап әңгімелеуді.
|