А. М. Наурызбаева СӨйлеуді дамыту әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет26/73
Дата15.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#83043
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   73
Байланысты:
httpswww.edulife.kzsabaq-kzattachmentsyleud-damytu-dstemelk-nsau.pdf

Сергіту жаттығуы
Гүл өсірсең терлеп
Мұның аты – еңбек, 
Кесте тіксең зерлеп, 
Оның аты – еңбек. 
Қырға шықсаң өрлеп, 
Оның аты – еңбек. 
Қиындықтың бәрін, 
Еңбек қана жеңбек. 
(Н.Жанаев) 
(Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындау). 
Дидактикалық ойын: 
«Көгөністер мен жемістерді ажыратып, себеттерге орналастыр» 
Мақсаты: Көгөністер мен жемістерді ажырата білу. 
Ойын шартысөйлеуді дамыту дәптерімен орындалады. 
Суреттегі жемістерді бір бөлек, көгөністерді бір бөлек себетке топтау. 
– Әңгімеміздің жалғасына оралайық, бір күні Садыққа кім келді, ойнайықшы деп? 
– Халел қандай бала екен? (Халел жалқау бала екен). 
– Ал Халелдің ол ісі дұрыс па? 
– Ал Садықтың іс-әрекеті сендерге ұнады ма? Неліктен? 


33 
– Әңгіме соңында қалай аяқталды? 
Мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіру. 
Еңбек етсең ерінбей 
Тояды қарның тіленбей. 
3.Қорытынды кезең (рефлексия) 
Әңгімені мазмұндауға үйрену керек екендігін айту. 
Балалар түсінгенін айтуға тырысады. 
№ 10
Білім беру саласы: Коммуникация, Әлеумет
Бөлімі:Сөйлеуді дамыту 
Тақырыбы: Қонжық бізде қонақта (ойын-сахналау). 
Мақсаты
Қонақта өздерін қалай ұстау керектігін түсіндіру.
Міндеттері: 
а) Балаларды шағын тақпақтарды жатқа оқуға, кейіпкерлер бейнесін сомдауға көркем оқу 
әдіс-тәсілдерін қолдануға, дауыс ырғағына, дыбыстау көркемдігіне көңіл аударуға үйрету. 
ә) Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту; өз ойын ауызша жеткізу біліктерін жетілдіру. 
б) Ізеттілікке тәрбиелеу. 
Күтілетін нәтижелер: 
біледі: шағын берілген тақпақты жатқа оқуды
түсінеді: қимыл-қозғалысын келтіруді; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет