А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


-1980 жж. елдегі реформалар



Pdf көрінісі
бет40/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   134
1970-1980 жж. елдегі реформалар.
«Мәдени революция» 
халық алдында коммунистердің беделін түсіріп жіберді. Сон-
дықтан ел қандайда бір тосын ӛзгеріске дайын тұрды. Бірақ 
Қытайда осы күнге дейін саяси жүйе мен саяси бағытта айтар-
лықтай ӛзгерістер бола қойған жоқ. Дегенмен экономикалық ба-
ғытта үлкен ӛзгерістер басталды. Мао Цзэдун қайтыс болысы-
мен күтпеген жерден елде үлкен ӛзгерістер басталды. 1976 жы-
лы 6 қазанда ҚКП ОК-нің тӛрағасы Хуа Гофэн «тӛртеудің қа-
рақшылары»- деп аталатын топтың басшылары Цзян Цин және 
оның күйеу баласы Яо Вэньюаньды, Саяси бюро мүшелері Чжан 
Чуньцяо мен Ван Хунвенді тұтқындап, оларды саяси сахнадан 
ығыстыруды қолға алды. Ал 1976 жылы 10 қазаннан бастап бұ-
рын тұтқындалғандардың айып-кінәларына рақымшылық жасау 


61 
жұмыстары басталды. 1978 жылы ақпаннан бастап білім саласы-
на қатысты саясатқа ӛзгерістер енгізіле бастады. Интеллиген-
цияға да кӛзқарас ӛзгерді: білімді адамдарды жұмысқа қайта 
алып, құрмет кӛрсетілді. 1978 жылы тамыз айында ҚКП-ның
ХІ съезінде «тӛртеудің қарақшыларын» үлкен сынға алды. Ал 
1980 жылы қарашадан 1981 жылдың қаңтарына дейін Пекинде 
осы «тӛртеу-дің қарақшыларына» ашық сот ісі болып, олардың 
барлығы айыпты деп танылды. Цзян Цин бастапқы кезде ӛлім 
жазасына кесіліп, артынан ӛмір бойына түрмеге жабылды, қал-
ғандары да ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айырылды. 
ҚКП-ның ішінде «тазалау» жұмыстары жүріп, 350 шенеуніктің 
290 ӛз орындарынан кетті. Съезд Дэн Сяопиннің беделін кӛтер-
ді, ол 1977 жылы шілдеде ақталып, жұмысына қайта оралған ол, 
ӛте талантты саясаткер және ӛте беделді болатын. Партия және 
мемлекеттің маңызды орындарын Дэн Сяопиннің түрмеден 
ақталып шыққан жақтастары иемденді. 
Хуа Гофен ӛз мүмкіндіктерінің шектеулі екенін білді. 
Сӛйтіп, 1979 жылы 7 қыркүйекте ол премьер-министр орнынан 
кетіп, оның орнына Чжао Цзыян келді. Ал 1980 жылы ақпанда 
Ху Яобан ҚКП Орталық Комитетінің бас хатшысы болып таға-
йындалды. 1979 жылы желтоқсанда болған ҚКП ОК-ның 3-ші 
Пленумында ӛткен саяси жүйенің атына күшті сын айтылып, ен-
ді болашақта стратегиялық реформа жүргізу керектігі сӛз болды.
1982 жылы қыркүйекте ҚКП-ның ХІІ съезінде Дэн Сяопин 
кеңесшілер ұйымын құруды ұсынды, ал ӛзі Кеңесшілер орталық 
комиссиясын басқаруды қолға алды. Сӛйтіп, партияның, мемле-
кеттің жоғарғы орындарын кӛп жыл басқарған мамандар осы 
кеңесшілер құрамына кіріп, олардың орнындарын әрі жас және 
білімді мамандар иемденді.
Осы кезде «кеңестік үлгісі» бойынша жүргізілген эконо-
миканың тағдыры тығырыққа тірелді. 1973 жылы мұнай бағасы 
тез кӛтеріліп кеткен кезде әлемнің дамыған елдерінде ӛтпелі 
постиндустрия революциясы басталды: экономика құрылысы 
түгел ауысып, жаңа технология мен құрал-жабдықтар пайда 
болды. Тек «социалистік әлем» ғана бұл үрдістен шеткері қал-
ды. Бұл экономиканы мемлекеттік жоспарлаудың уақыты ӛтке-


62 
нін кӛрсетеді. Мұны Қытай кӛршісі Тайваннан байқады, яғни ол 
70-жылдардың соңында аймақтағы дамыған тӛрт «азиаттық 
жолбарыс» мемлекеттерінің қатарына қосылды.
Қытай үшін ең маңыздысы Батыс елдерімен қарым-қаты-
нас орнату болды. 1971 жылы ҚХР-сы БҰҰ-ның құрамына кірді
ал 1972 АҚШ президенті Р.Никсон Қытайға ресми сапармен 
келді. 1979 жылы қаңтарда АҚШ пен ҚХР-сы арасында толық 
дипломатиялық байланыс орнайды. 1979 жылы ақпанда Дэн 
Сяопин ресми сапармен АҚШ-қа барып, сонымен бірге Қытай 
реформасына кӛмек кӛрсету үшін Батыс кәсіпкерлерімен де кез-
десті. Ал 1980 жылдан бастап қытайлық студенттер әлемнің та-
нымал оқу орындарына оқуға жіберіле бастады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет