«Тӛрт модернизация» реформасы және оның нәтижесі.
1979 жылы ҚКП-ның кезекті мәжілісінде ауыл шаруашылығы,
ӛнеркәсіп, ғылым және техника, әскери сала бойынша «тӛрт мо-
дернизация» реформасын жүргізу туралы арнайы жарияланды:
Ауыл шаруашылығына модернизациялау
1978 жылдың ӛзінде Сычуань провинциясында отбасы
мердігерлік туралы тәжірибе жасалды. Мұның табысы ӛте жо-
ғары кӛрсеткішке ие болды: бидай ӛндіру және басқа ауыл шар-
уашылық ӛнімі тез қарқынмен дамып, шаруашылық кірісі бірне-
ше есеге ӛсті. 1979 жылы қыркүйекте болған ҚКП ОК-нің Пле-
нумында бұл тәжірибені бүкіл елге тарату туралы қарастырыл-
ды. 1980-ші жылдардан бастап жеке меншік кооперативтер
ашыла бастады. Ауыл шаруашылығын кең кӛлемде қайта құру
1981 жылы жаздан басталды: жерге жеке меншік болған жоқ,
тек 15 жылдан 50 жылға дейін жалға алу енгізілді. Бұл да ауыл
шаруашылығының тез қарқынмен ӛсуіне түрткі болды.
1987 жылға қарай Қытай ӛзін-ӛзі іштей азық-түлік және
ауыл шаруашылығы шикізатымен қамтамасыз ету мәселесін
шешіп, енді тамақ ӛнімдерін экспортқа шығаруды қолға алды.
Ӛнеркәсіпті модернизациялау
Техникалық жабдықтарды жақсарту үшін экономиканы
мемлекеттік жоспарлаудан енді нарықтық жүйеге кӛшу, ал
бәсекелестікті дамыту үшін «әлемге ашылу» керектігі алға тар-
тылды. Қытайда кӛптеген кӛне ӛнеркәсіп орындары бар бола-
63
тын, бірақ оларды түгел жауып тастауға да болмайды. Ӛйткені,
халықты жұмыспен қамтуда үлкен проблема туындайды.
Осы ӛнеркәсіп саласы бойынша да 1979 жылы Сычуань
провинциясында тәжірибе жүргізілді: мемлекет тапсырысын
орындаған ӛнеркәсіптер қалған кірісті ӛз бетінше жұмсауға
мүмкіндік алды. Нәтижесінде жақсы кӛрсеткішке ие болып,
ӛнеркәсіп 80%-ға ӛсті. Ал 1981 жылы бұл тәжірибе елдің барлық
аймағына тарады. Елде жеке меншік ӛнеркәсіптер ашыла баста-
ды, ал осы кәсіпкерлер бастапқы кезде 5 сосын 15-50 жалдамалы
жұмысшылар иемденуге рұқсат алды. 1987 жылы ҚХР-да жеке
меншік ӛнеркәсіптер саны 25 млн. жетті. Қытай экономикасы
жанданып әр отбасы - теледидар, кір жуғыш машина, магнито-
фон т.б. иемдене бастады.
Ғылым мен техниканы модернизациялау
Ең бастысы Қытайда интеллигенция және білімді адам-
дарға деген кӛзқарас ӛзгерді. Сонымен бірге жұмысқа орналасу-
да білім ең маңызды жетістік болып саналды. Барлық түрдегі
оқу орындарына мемлекет қаржылай кӛмек кӛрсетіп, оқытушы-
лардың еңбек ақысы кӛбейтілді. Қабілетті студенттер шетелде
және әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінде мемлекет
есебінен оқуға жіберіле бастады. Сонымен қатар әр отбасы ӛз
қаржысымен балаларын шетелдерде оқытуға мүмкіндік алды.
Қорғаныс күштерін модернизациялау
1979 жылы Вьетнаммен шиеленіс жойылған соң әскери
шығынды қысқарту қолға алынды. 1984 жылы әскери шығын
1979 жылмен салыстырғанда 2 есеге азайды. Қытай армиясының
санын да қысқарта бастады: 1979 жылдан 1981 жыл аралығында
1/3; ал 1985 жылы тағы ірі қысқарту салдарынан 1 млн. адам
жұмыстан босатылды.
Әскери ӛнеркәсіп қайта құрылды: ӛндіріс орындары тек
әскери емес азаматтық ӛнім шығара бастады. Кӛптеген әскери
орындар, қоймалар жеке меншік қарамағына ӛтті. Сонымен бір-
ге Қытай ядролық қару жасауды қолға алды. Соңғы жылдары
армия үлкен экономикалық күшке айналды: оның жеке менші-
гінде заводтар, фабрикалар, ауыл шаруашылық ӛндірісі, кен
орындары, шахта, сауда фирмалары тіпті арақ-шарап заводтары
64
да болды. Әскерилер біртіндеп мемлекетттің кӛмегінсіз-ақ ӛзін-
ӛзі қамтамасыз ету деңгейіне жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |