А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


Реформа жолындағы қиындықтар



Pdf көрінісі
бет42/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   134
Реформа жолындағы қиындықтар. 
Қытайда 1980 жыл-
дың басында парақорлар саны кӛбейіп, кӛпшілігі сотқа тартыл-
ды. Саны 20 млн. адамға жеткен мемлекеттік аппараттағыларды 
қысқарту басталды. Ал жаңа мамандар жастығымен, жан-жақ-
тылығымен ерекшеленіп, партияға тек интелигент, білімділерді 
тарта бастады. Реформа нәтижесі тек экономиканың дамуын тез-
детіп қана қойған жоқ. Жұмыссыздық пен инфляцияға да жол 
берілді.
1987 жылы XIII съезде
Ху Яобан
партия басшылығы қыз-
метінен алынады. Оның орнына 
Чжао Цзыян
иемденеді, ал 
мемлекеттік кеңестің жаңа басшысы болып
Ли Пэн
сайланады. 
Саяси жүйедегі реформа туралы пікірталас күшейе түсті. Ком-
мунистерді сынға алу кӛбейіп, цензураны жою талабы күшейді.
1989 жылы кӛктемде
Ху Яобан
қайтыс болады. Оны
Пекинде жерлеу рәсімі суденттер мен жастардың жаппай де-
монстрацияға шығуына түрткі болды. Оған наразы болған жұ-
мысшылар мен интеллигенция қосылып, бұл толқу елдің 80 ірі 
қаласын шарпып ӛтті. Тяньаньмэнь алаңына жиналған студент-
тер саяси реформа жүргізуді талап етті. 
1989 жылы 20 мамырда Пекинге тӛтенше жағдай енгізі-
ліп, Дэн Сяопин демонстраттарды қууға рұқсат береді. Әсери 
күш қолданып, жүздеген адам қаза болады. Осы кезде
Чжао 
Цзыянның
орнына
Цзян Цзэминь
келеді.
XX ғасырдың соңы, XXI ғасырдың басындағы Қытай. 
1989 жылы маусымда Тяньаньмэнь алаңындағы оқиғадан кейін 
саясатты ӛзгертуге мүмкіндік жоқтай болып кӛрінді. Дегенмен
1991 жылы Дэн Сяопин ҚКП ОК-ң Әскери кеңесі тӛралығы ор-
нынан бас тартады, ол кезде ол 87 жаста болатын. Бірақ мем-
лекеттегі басшылық орынды сақтап қалды.
1992 жылы 
Дэн Сяопин
Шанхай, Ухань және тағы басқа 
оңтүстіктегі экономикалық қалаларды аралап, нарықтық қаты-
насты қайта қалпына келтіру керектігін айтады. 1992 жылы қа-
занда ҚКП XIV съезі болады. Бұл уақытта ӛзінің беделін кү-
шейтіп алған, партияның жаңа кӛшбасшысы Цзян Цзэминь съез-


65 
де баяндама жасайды. Онда нарықтық реформаны қайта қолға 
алу керек екендігі айтылады.
1997 жылы 19 ақпанда «реформаның атасы» 
Дэн Сяопин
қайтыс болады. Алайда реформаны жалғастыру үшін Цянь 
Цземинь ӛз позициясын күшейтіп алған еді. 1998 жылы кӛктем-
де Қытайдың премер-министрі болып Чжу Жунцзы тағайында-
лады. Жұмысқа ӛте қабілетті, белсенді 
Чжу Жунцзыны
Қытайда 
- «экономика патшасы» ал шетелде - «Қытайдың Людвиг 
Эрхарды» деп атаған. Премьер-министр тағайындалғаннан кейін 
Чжу Жунцзы шешуші реформаны мемлекеттік аппараттан бас-
тады, оның санын екі есеге қысқартуды қолға алды. Қартайған 
шенеуніктерді жұмыстан шығарып, оларды орнынан біршама 
жаяу (50 жастан тӛмен) және кәсіби мамандармен ауыстырды.
2002 жылы ҚКП-ның ХVI съезінде Цзян Цзэминьбас хат-
шылық орнынан отставкаға кетеді. Оның орнына 59 жасар 
Ху 
Цзинтао
сайланады, 2003 жылы ҚКП-ның тӛрағасы орнына 
да ӛтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет