А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б



Pdf көрінісі
бет67/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   134
Реформалық саясат.
Лозан конференциясында Антанта 
елдерімен ара қатынасты реттеу мүмкіндігіне ие болды. Осы 
конференцияның жұмысы барысында (1922 ж. қараша - 1923 ж. 
шілде) М.Кемальдың жақтасы Исмет Инен бастаған түрік деле-
гаттары ең бастысы Түркияны тәуелсіз мемлекет ретінде халық-
аралық мойындауға қол жеткізулері болды. 
Осы тәуелсіздік үшін күрестен кейін Түркия экономикасы 
артта қалған елдер қатарында болатын. Шексіз тізе бүгу режимі 
аяқталған соң кемалшылдар экономиканы дамытуды қолға ал-
ды. Үкімет бұрын шетелдіктер қолында болған барлық ӛндіріс 
орындарын, теміржолды ӛздеріне қаратып алды, шетелдік 
«Режи» темекі монополиясын мемлекет қарамағына ӛткізді, со-
нымен бірге орталық билік құрылды.
Экономикалық саясаттағы маңызды қадам барлық мемле-
кеттік қорды ӛнеркәсіп, теміржол транспортына, т.б. шаруашы-
лық салаларын дамыту үшін жұмсау керек деп шешті. Этатизм-
мемлекеттік капитализм түрі, онда шетелдік капитал қызметін 
шектеп, түрік ұлттық буржуазиясының позициясын күшейтуді 
қолға алу болды. Үкімет мұндай ұлттық экономиканы ғана қол-
дап, саясат жүргізсе де, жеке меншік капиталы ӛнеркәсіп құры-
лымына кӛп қор бере алған жоқ. 


107 
1923 жылы қарашада астана Стамбулдан Анкараға ауыс-
тырылды. Тағы бір қайта құруда дінді мемлекеттен бӛлу болды. 
1924 жылы наурызда Түркияны алты ғасыр басқарған Халифат 
және Осман династиясының барлық мүшелері жойылып, елден 
қуылды. Діни және вакуфтар істері жӛніндегі министрлік құ-
рылды, діндарлар ӛздеріне тиесілі байлықтарынан айырылды. 
Медреселер жабылып, оқу орындарына ағартушылық министр-
ліктер бақылау жасады. Жаңа әкімшілік басқарулар енгізілді, 
вилайеттар (губерниялар) енді орталыққа бағынды.
Халықтық-республикалық партиясы (ХРП) 1925 жылдан 
бастап, бір партиялық жүйеге кӛшті. 1925-1928 жылдары жаңа 
еуропалық үлгідегі қылмыстық және азаматтық кодекс енгізілді. 
Онда кӛп әйел алуға тыйым салынды, неке және ажырасуда 
әйелдер ерлермен бірдей құқықтарға ие болды. Еуропалық күн-
тізбе, еуропалық киім үлгісі, сонымен бұрынғы араб қаріптері-
нің орнына латын қаріпі және фамилия енгізілді.
Мұстафа Кемаль Ататүрік
басшылығымен жүргізілген 
Түркияның реформасынан кейін экономика және қоғамдық ӛмір 
жандана түсті. Этатизм саясаты кезінде және буржуазиялық ре-
форма барысында камализм (ататюркизм) идеологиясы пайда 
болды. Кемализмнің негізгі принциптері - республикашылдық
ұлтшылдық, этатизм, ланицизм (исламды мемлекеттен және ха-
лық ағартушылығынан бӛлу), түрік халқының бірлігі, револю-
цияшылдық (имамшылдық және реформаға сенім идеясы) бол-
ды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет