А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


Монархияның жойылуы және Г.А.Насер билігінің ор-



Pdf көрінісі
бет95/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

Монархияның жойылуы және Г.А.Насер билігінің ор-
науы.
Египет 1922 жылдың ӛзінде тәуелсіздікке қол жеткізген-
мен территориясынан ағылшын әскері шығарылған жоқ бола-
тын, олар Суэц каналы аймағында ғана емес Каир және 
Александрия аудандарына да шоғырланды. Тіпті қаржы жүйесі 
әлсірегеннің ӛзінде Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Англия 
Египеттің қорғаныс күштерінде маңызды рӛл ойнады: Англия-
ның Египетке қарызы 400 млн. ф.ст. шамасында болды. 
Ағылшын әскерінің Египетке бұлай үнемі тұрақтап қалуы 
бұл елдің үкіметін мазаландырдыра түсті, ал Англияның Египет-
ке қатысты ӛз жоспары болатын, сондықтан Таяу Шығыста жа-
қын арада кетуді мақсат еткен жоқ. Англия бұл аймақта араб 
мемлекеттері Лигасын құруды қарастырды. Ал Египет болса ӛз 
халқының саны жағынан кӛптігі мен экономикалық күш жігері-
нің басымдылығын пайдаланып, осы ұйымда кӛшбасшылыққа 
ие болуын алға тартты. Сонымен, 1944 жылы бес мемлекет 
(Египет, Сирия, Ирак, Ливан және Трансиордания) Александрия 
хаттамасына қол қойды, ал араб елдерінің Лигасы келісімшарты
1945 жылы наурызда бекітілді. 
1946 жылы Англия Каир және Александриядан ӛз әскерле-
рін алып шығып, Египетпен келісімшарт жоспарын талқылауды 


157 
қолға алды, алайда іс ӛте баяу жүрді, ал 1948 жылы Египет пар-
ламенті одан мүлдем бас тартты. Осыдан кейін қиын кезеңдер 
басталды, 1951 жылы Батыс елдері Орталық Шығыс мемлекет-
тері үшін құрылатын Қорғаныс ұйымы жобасына Египетті және 
Суэц каналы аудандарындағы базаны да қоспақ болды. Бірақ 
бұл жобадан да Египет бас тартты, ӛйткені шетелдік әскердің 
канал маңын иемденуі ұлттық мүддені қорлау болып есептелді. 
1951 жылы Суэц каналы маңында ислам әскерлерінің лаң-
кестік оқиғасы, ал 1952 жылы қаңтарда Каирда ағылшындарға 
қарсы күшті демонстрация болды. Осындай жағдайлар нәтиже-
сінен 1952 жылы шілдеде офицерлер тобы Египет патшасы 
Фарукты биліктен тайдырып, монархияны жойды. Ал билік 
Мұхаммед Нагиб
бастаған «Еркін офицерлер» ұйымының қолы-
на кӛшеді. 1953 жылы маусымда Египет Республика болып жа-
рияланды. Кӛп ұзамай 1954 жылы М.Нагибті 36 жасар полков-
ник 
Гемаль Абдель Насер
ауыстырды, сонымен бірге тап осы 
жылы қазанда Египеттен әскерлерін алып шығу туралы ағыл-
шындармен келісімге қол қойылды. 
Сыртқы саясатта Г.А.Насерді қатты мазаландырып отыр-
ғаны Израиль болды. 1955 жылы наурызда Египет армиясы 
Газада израильдықтардың соққысына тап болды, ал осыдан ке-
йін Г.А.Насер шұғыл түрде қару-жарақ алудың кӛзін іздей бас-
тады. 1950-ші жылғы АҚШ, Англия және Франция арасында 
болған үш жақты келісімде Батыстан қару алу жолын жауып 
тастаған болатын. Дегенмен, жаңа мүмкіндік те пайда болды: 
1955 жылы қыркүйекте Насердің КСРО-дан чех қаруын алғаны 
туралы жариялады.
Насердің КСРО-ға бет бұруының тағы бір себебі Асуан 
бӛгетіне қатысты мәселе болатын. Бұл жобаның мақсаты бойын-
ша Египет ӛңделмелі жерді 860 мың 
га.
кӛбейтуді қолға алды, ал 
экономикалық жағынан даму үшін электр қуаты ӛндірісін 
шешіп алу керек болды. Сарапшылардың бағалауынша құры-
лыстың жалпы құны 1,4 млрд. долл. құрады. Қаражаттың бір 
бӛлігін АҚШ және Ұлыбритания берулері керек болатын. Алай-
да 1956 жылы бұл елдермен келіссӛз еш нәтиже бермеді, АҚШ 
және Ұлыбритания бұл жобаны қаржыландырудан бас тартты. 


158 
Бұған жауап ретінде Г.А.Насер 1956 жылы 26 шілдеде Суэц ка-
налын мемлекет қарамағына ӛткізу туралы жариялады. 
Сонымен, ағылшын-француз әскерінің Египетке қарсы 
басқыншылығы басталып, оған Израиль да қосылды, нәтижесін-
де Синай түбінде мысырлық армия жеңіліс тапты. Бұл жағдай-
дың қорытындысы бойынша Англия және Франция канал маңы-
нан ӛз әскерлерін шығаруларына тура келді. Ал үгіт-насихат 
науқанының табысты жүргізілу салдарынан КСРО Таяу Шығыс-
та ӛз беделін күшейте түсті. 
Г.А.Насер «Маркстік үлгі бойынша Египетте социализм 
құрылысын орнату» туралы жариялады. Суэц каналын мемлекет 
қарамағына ӛткізу Египет басшысының беделін кӛтеріп, КСРО-
ға бағыт ұстануын анықтап берді, яғни олар Египет армиясын 
тек қару-жарақпен қамтамасыз етіп қана қоймай, қаржылай қол-
дау кӛрсетуге де уәде берді. 1956 жылы Египет ҚХР-сын мо-
йындайды, ал 1957 жылы желтоқсанда КСРО-ны Каирда бола-
тын африкалық және азияттық халықаралық конференцияға қа-
тысуға шақырды. 1958 жылы сәуір-мамыр айларында Г.А.Насер 
КСРО-ға ресми сапармен барып қайтты. 1958 жылы 1 ақпанда 
Біріккен Араб Республикасын (БАР) құру туралы жарияланды, 
яғни оның құрамына Египет және Сирия кірді, ал кӛп ұзамай 
оған Йемен қосылды. Осы ӛтпелі кезеңде республика екі аудан-
нан тұрды - солтүстік (Сириялық) және оңтүстік (Египеттік). 
БАР-ның астанасы Каир, ал президенті 
Г.А.Насер
болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет