153
тоқтаған жоқ. 1993 жылы наурыздағы соғысты тоқтату туралы
Исламабадтағы келісім де еш нәтиже берген жоқ.
1994 жылы қыркүйекте күреске жаңа саяси күш қосылды -
Талибан қозғалысы. Оның басшысы
Мұхаммед Омар молда
елдегі азамат соғысын тоқтатып,
Ауғанстанда ислам тәртібін
орнатуды қолға алды. Талибан қозғалысының бастаушы күші
пуштундар мен тәжіктер болды. Талибтар бастапқы кезде
Кандагарды басып алды, сосын елдің басқа аудандарына қарай
жылжыды. Б.Раббани оларға қолдау кӛрсетіп отырды. Талибтар
Джелалабадты алды, сосын олар 1996 жылы қыркүйекте
Кабулға кіріп Ауғанстанды ислам әмірлігі деп жариялады.
Мұнда олар
Г.Хекматиар
әскерін талқандады, сосын
М.Наджибулламен
есеп айырылысып, БҰҰ-ның қызметкерлері
ӛлтірді. Талибтарға қарсы басты күш Пандшер жазығындағы
Ахмед-шах Масуд
әскері болды, (ол 2002 жылдың басында лаң-
кестік оқиға нәтижесінде қаза болды). Оның қарулы әскері нақ-
ты қозғаушы күшке айналып, 1998 жылы күзде Ауғанстанның
90% территориясын ӛз бақылауларына алды. Ал талибтар қозға-
лысына қарсы А. Достум әскері талқандалды.
Ауған қоғамын исламдауға
байланысты Талибтар қатал
шаралар қолданды. 1997 жылдың ӛзінде Кабул университетінің
70% оқытушылары жұмыстан босатылды. Темекі шегуге, карта
ойнауға, билеуге, ән, музыкаға, кино және теледидарға тыйым
салынды, сонымен бірге 9 жастан асқан қыздарды мектепте оқы-
туға да тыйым салынды.
Осыдан кейін дәстүр бойынша талибтардың елді біріктіру-
ге мүмкіндігі бар ма? деген сұрақ туады. Кабулдағы талибтар
режимін әлемдік қауымдастық сынға алды, яғни онда Ауғанстан
лаңкестіктің ең жоғарғы деңгейімен танымал болды. Усама бен
Ладен ауғандықтарды дұрыс жолдамыз деп сенімділікке шақырды.
2000 жылы күзде миссиялық идеясын таратты және Орта-
лық Азия елдерінде:
Тәжікстан, Ӛзбекстан, Түркіменстан,
Қырғызстан және Қазақстанда нақты исламды құруды мақсат
етті.
2001 жылы 11 қыркүйекте болған АҚШ-ғы лаңкестік оқи-
ғаны исламдар, талибтар жариялады деп, атап кӛрсетілді.
Ауғанстанда лаңкестерге қарсы операция басталды: талибтар ре-
154
жимі жойылды, штаб-пәтерлері жабылды, елге халықаралық әс-
керлер түсірілді. Алайда негізгі күш «Әл-Каид» Ливанға қашып
кетті.
2002 жылы маусымда бүкілауғандық лоя джирга болып,
Хамид Карзай
(пуштун) Ауғанстанның
президенті болып таға-
йындалды.
Б.Раббани
және Ауғанстанның бұрынғы патшасы
Мұхаммед Закир-шах
елге қайта оралды, Б.Раббани парламентті
басқарды. Ең кӛрнекті саяси қайраткер, пуштун
Г.Хекматиар
оппозицияға кетті.
Қазіргі кезде ауған үкіметі елдегі жағдайды тұрақтандыру-
ды қолға алуда. Халықаралық қарулы күштер елдегі «Әл-Каид»
ұйымының содырларының қалдықтарын жоюда.
Достарыңызбен бөлісу: