А. Мұрат, М. Қалқаманұлы Қылмыстық-атқару қҰҚЫҒЫ кестелердегі оқу құралы Қостанай, 2022 жыл



Pdf көрінісі
бет4/16
Дата15.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#138386
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
1 ТАҚЫРЫП. ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ 
ҚҰҚЫҒЫ:ТҮСІНІГІ, ПӘНІ, ӘДІСІ ЖӘНЕ 
ПРИНЦИПТЕРІ. ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ САЯСАТЫ 
Кесте 1 
ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ҚҰҚЫҒЫ ҰҒЫМЫ 
Жазаларды 
орындау 
мен 
өтеуге, сондай - ақ 
қылмыстық заңда 
көзделген 
қылмыстық-
құқықтық 
сипаттағы өзге де 
шараларды 
қолдануға 
байланысты 
туындайтын 
қоғамдық 
қатынастарды 
реттейтін 
құқық 
саласы 
Заңнама 
саласы-
қылмыстық жазаны 
орындау 
мен 
өтеудің тәртібі мен 
шарттарын 
және 
сотталғандарға 
түзету құралдарын 
қолдануды 
реттейтін 
заңдар 
мен заңға тәуелді 
нормативтік 
құқықтық актілер 
жүйесі 
Ғылым - жазаны 
орындау және өтеу 
тәртібі мен шартта-
рын құқықтық рет-
теудің және қыл-
мыстық - құқықтық 
сипаттағы өзге де 
шаралардың 
заң-
дылықтары 
мен 
негізгі қасиеттері 
туралы 
идеялар, 
көзқарастар, 
теориялар жүйесі 
және жаза мақсат-
тарына 
барынша 
тиімді қол жеткізу 
үшін сотталғандар-
ды түзеудің негізгі 
құралдарын пайда-
лануды айқындау 
Қылмыстық-атқару 
заңнамасын және 
қылмыстық 

атқару 
құқығы 
ғылымының негізгі 
ережелерін 
зерделеуге 
негізделген, 
оқу 
орындарында 
оқытылатын 
дербес оқу курсын 
білдіретін оқу пәні 
Кесте 2 
ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ҚҰҚЫҒЫН РЕТТЕУ ПӘНІ 
Қылмыстық жазаның барлық түрлерін және қылмыстық-құқықтық 
сипаттағы өзге де шараларды орындау (өтеу) кезінде, сондай-ақ 
сотталғандарға түзеу құралдарын қолдану кезінде
мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін - өзі басқару 
органдарының жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың қызметін 
бақылау және оларға сотталғандарды түзеуге көмек көрсету жөніндегі 
қызметіне байланысты; 
жазаны орындайтын және қылмыстық - құқықтық сипаттағы өзге де 
шараларды қолданатын органдар мен мекемелердің әкімшілігі мен қоғамдық 
бірлестіктер, сондай - ақ олардың сотталғандарды түзеуге немесе ҚАЖ 
мекемелеріне баруға қатысуына байланысты азаматтар арасында туындайтын 


7
қоғамдық қатынастарды реттеу. 
Кесте 3 
ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ 
(ҚР ҚАК 1-2 баптар.) 
Құқық көздер і- халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған 
қағидаттары мен нормалары және Қазақстан Республикасының құқықтық 
жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылатын Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттары 
Қазақстан 
Республикасының 
Конституциясы 
Қазақстан 
Республикасының 
қылмыстық-атқару заңнамасы 
Қазақстан 
Республикасының 
Қылмыстық-атақру кодексі 
Жазалардың орындалуын және 
басқа да қылмыстық шараларды 
қолдануды 
реттейтін 
Қазақстан 
Республикасының заңдары 
Қазақстан Республикасының өзге 
де нормативтік құқықтық актілері 
Қазақстан 
Республикасы 
Президенті Жарлықтары 
Қазақстан Республикасы Үкімет 
Қаулылары
Ведомствоаралық 
нормативтік 
актілер 
Ведомстволық нормативтік актілер 
Жоғары сот инстанцияларының 
қылмыстық 
жазаларды 
орындау 
саласындағы нормативтік құқықтық 
актілерді қолдану және қылмыстық-
құқықтық 
сипаттағы 
өзге 
де 
шараларды 
қолдану 
мәселелері 
жөніндегі қаулылары мен өзге де 
шешімдері 
Кесте 4 
ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ САЯСАТЫ 
жазаларды орындау және сотталғандармен қарым-қатынас жасау жөніндегі 
мемлекеттік органдар қызметінің негізгі бағыттарын, нысандарын, құралдары 
мен әдістерін айқындайтын жазаларды орындаудың мәні, қағидаттары, 
мақсаттары мен міндеттері туралы жүйелендірілген, ұтымды негізделген 
көзқарастар мен идеялардың жиынтығы 
Сыр тқы 
Ішкі


8
басқа 
мемлекеттермен 
және 
халықаралық ұйымдармен қатынастарға 
қолданылады 
мемлекет азаматтарымен, азаматтығы 
жоқ 
адамдармен, 
мемлекет 
аумағындағы шетел азаматтарымен 
қатынастарға қолданылады 
Кесте 5 
ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ 
(ҚР ҚАК 4 бап.1 б) 
Сотталғандарды түзеу 
Сотталғандардың 
да 
және 
өзге 
адамдардың да жаңа қылмыстық 
құқық бұзушылықтар жасауының 
алдын алу 
Кесте 6 
ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ 
(ҚР ҚАК 4 бап.2 б) 
Жазаларды және өзге 
де 
қылмыстық-
құқықтық ықпал ету 
шараларын 
орындаудың 
және 
өтеудің тәртібі мен 
шарттарын реттеу 
Сотталғандарды 
түзеу құралдарын 
айқындау 
Сотталғандардың 
құқықтары 
мен 
бостандықтарын 
қорғау 
Сотталғандарды
ң 
әлеуметтік 
бейімделуіне 
көмек көрсету 
Кесте 7 
ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ӘДІСТЕРІ 
Императивтік әдіс қылмыстық-атқару құқықтық қатынастарының негізгі 
субъектілері 
арасындағы 
бағыныстылық 
қатынастарына 
негізделген, 
бұйрықтарды, талаптарды, өкімдерді пайдалану арқылы іске асырылады және 
құқықтық мәжбүрлеу шараларын қолдану мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі 
Диспозитивті әдіс сотталған адамға заңда көзделген жағдайларда мінез-
құлық нұсқасын таңдаудың белгілі бір шектерін беруге негізделген, 
сотталғандардың заңды мүдделерін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді, 
сотталған адамға берілген құқықтарын іске асыру үшін қолайлы жағдайлар 
жасайды 
Көтермелеу әдісі сотталған адамның жеке басының жағымды қасиеттері 
мен қасиеттерін сақтау және дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып 
табылады, сотталған адамға жазаны орындаудың прогрессивті жүйесінің 
элементтерін қолдану арқылы іске асырылады 
Жазалау әдісі сотталған адамның жазаны өтеу тәртібін, шарттарын немесе 
қылмыстық-құқықтық сипаттағы өзге де шараны бұзуына байланысты 
қолайсыз жағдайлар жасаудан тұрады. Жеке тұлғаның жағымды қасиеттері 
мен қасиеттерін сақтау және дамыту үшін қолданылады 


9
Кесте 8 
ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ 
(ҚР ҚАК 5 бап.) 
Қағидаттар-қылмыстық-атқару саясаты мен қылмыстық-атқару құқығы 
негізделетін іргелі, негіз қалаушы идеялар, ережелер 
Жалпы құқықтық қағидаттар 
Заңдылық қағидаты соттың айыптау үкімінің ұйғарымдарын дәл 
орындауды, сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауды, 
сондай - ақ жазаларды орындайтын және қылмыстық - құқықтық сипаттағы 
өзге де шараларды қолданатын мекемелер мен органдар қызметінің құқықтық 
нормаларға сәйкестігін қамтамасыз етуді білдіреді 
Ізгілік қағидаты қылмыстық-атқару құқығының халықаралық шарттар мен 
сотталғандармен қарым-қатынас стандарттарын сақтауға бағытталған 
нормаларында бекітілген, азаптау мен адамның қадір-қасиетін қорлайтын 
қарым-қатынас пен жаза түрлерін қолдануға тыйым салудан көрінеді 
Адам және азамат құқықтарын, бостандықтарын сақтау қағидаты 
сотталғандарды түзету процесін ұйымдастырудың, жазаны орындайтын 
мекемелер мен органдар қызметінің ашықтығын, қоғамды сотталғандармен 
тәрбие жұмысына тартуды, жазаны орындайтын және қылмыстық - құқықтық 
сипаттағы басқа да шараларды қолданатын органдардың қызметіне бақылауды 
жүзеге асыруды білдіреді 
Сотталғандардың заңды мүдделерін сақтау қағидаты жазаны өтеудің 
бірыңғай жағдайлары мен режимін жасауға, сондай-ақ нәсіліне, терісінің 
түсіне, жынысына, тіліне, діни, саяси және басқа да нанымдарына, ұлттық 
немесе әлеуметтік тегіне, мүліктік жағдайына қарамастан қылмыстық-
құқықтық сипаттағы өзге де шараларды қолдануға бағытталған шаралар 
кешенімен қамтамасыз етіледі 
Салааралық қағидаттар 
Жазаларды орындау шарттарын саралау қағидаты әр түрлі жағымсыз 
көріністердің алдын алуға бағытталған- 
сотталғандардың жазаны өтеуі сотталғандарды жазаның түрі мен режиміне, 
жынысына, жасына, мінез - құлқына, еңбекке қабілеттілігіне, денсаулық 
жағдайына және басқа да белгілеріне байланысты біртекті топтарға бөлу арқылы 
жүзеге асырылады 
Жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын 
орындауды даралау қағидаты жазаның немесе сотталған адамның жеке 
басының қылмыстық-құқықтық сипатындағы өзге де қолданылатын 
шаралардың жасалған қылмыстың сипаты мен ауырлығына барынша ықтимал 
сәйкестігін қамтамасыз етеді. Сотталған адамға оның жеке басының 
ерекшеліктерін, қылмыстың жасалу сипаты мен мән-жайларын, сотталғанға 
дейінгі өмірлік жағдайды және т. б. зерделеу негізінде үкімде белгіленген 
жазаны өтеу процесінде тәрбиелік және алдын алу әсері арқылы қол 
жеткізіледі. 


10
Салалық қағидаттар 
Сотталғандарды мәжбүрлеу шараларын ұтымды қолдану қағидаты 
бұзушылық жасау мән-жайларын, сотталған адамның жеке басын және оның 
бұрынғы мінез-құлқын ескере отырып, сотталған адамға мәжбүрлеу 
шараларын қолдану болып табылады 
Сотталғандардың құқыққа бағынушылық және белсенді, қоғамға пайдалы
мінез-құлқын ынталандыру қағидаты олардың құқықтық жағдайын 
жақсартатын көтермелеу нормалары арқылы сотталғандарды ұстау 
жағдайларының өзгеруін реттейтін құқықтық ынталандыруларды қолдануды 
көздейді 
Түзелуге ықпал етумен жазаны сабақтастыру қағидаты жазаның барлық 
түрлерін орындау және қылмыстық-құқықтық сипаттағы өзге де шараларды 
қолдану сотталғандарға тәрбиелеудің әртүрлі шараларын қолданумен қатар 
жүргізілуге тиіс екенін айқындайды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет