Бағдарлану, сұлба, географиялық карта, глобус түсініктерімен таныстыру, түсіндіру.
Студенттердің ой-өрісін дамыту. Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Студенттерге сұлба және картаның мәнін ұғындыру.
Студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамуына ықпал ету,карта, атластармен жұмыс жасау, өз бетінше ізденулеріне бағыт беру.
Сұрақтар, тапсырмалар
1.Көкжиек тұстарын білудің қажеттілігін дәлелдеңіздер?
2. Сұлбадан картаның қандай айырмашылықтары бар екенін бастауыш сынып оқушыларына дәлелдеп беріңіздер?
3. Топографиялық диктант орындаңыз (жерді сұлбаға түсіру).
Масштаб 1 см: 100 м.
Ауылдың шетінде мектеп орналасқан, одан шығысқа қарай жол шығады.
Сіз жолмен шығысқа қарай келе жатырсыз, оң жағында бұталар, сол жағыңда жеміс бағы. Сіз 1 км өттіңіз, қара жол солтүстік шығысқа бұрылды. Оң жағыңызда аралас орман, сол жағыңызда шабындық, ұзындығы 500 м. Сіз ағаш көпірмен өзеннен өттіңіз.
Өзен оңтүстіктен солтүстікке ағады. 100 м кейін жол солтүстікке бұрылды. Сол жағыңызда шабындық, оң жағыңызда қылқан жапырақты орман. Одан 1 км алыста жалғыз үй тұр.