А. О. Искакова «Мәшhүр-Жүсіп Көпеев шығармаларындағы мақал-мәтелдер» 6М020500 Филология магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация



Pdf көрінісі
бет15/23
Дата20.09.2022
өлшемі0,49 Mb.
#39539
түріДиссертация
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Байланысты:
А. О. Искакова «М шh р-Ж сіп К пеев шы армаларында ы ма ал-м тел

Ата көрген - оқ жанады
Анасын көр де, қызын ал,
Аяғын көр де, асын іш» [6, 43 б.]
«Ат - биеден,
Алып анадан туады» [6, 45 б.]
«Әйелдің аузы - алпыстікі,
Асты – жетпістікі. 
Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа
Әуелгі қыстау – жердің құты,
Әуелгі әйел – ердің құты» [6, 48 б.]
«Еркекте ақыл қалмайды,
Қонысынан ауған соң.
Әйелде ақыл қалмайды,
Біреуден сауын сауған соң. 
Еркектің қоры - күлегеш,
Әйелдің қары - күлегеш. 
Ерсіз қатын үйге тұрмас,
Баусыз оймақ қолға тұрмас» [6, 59 б.]
«Жақсы әйел-
Жаман еркекті хан қылады.
Жаман әйел -
Жақсы еркектің басын даң қылады» [6, 60 б.].
Жалғанның жартысындай жасыл-жазира даласын ғасырлар бойында
шекарасына қамал-қорғандар салмай-ақ, жалаңтөс батырлары жанпидалықпен
қорғай білген ата-бабалармыз қандай қаһарман халық болған?!
Халық қашан да ойшыл, халық - қашан да білгір. Ол жалпы болмыстың
ғана емес, әр саланың да, соның ішінде жауынгерлік өмірдің қыр-сырларына
терең сүңги бойлап, жіті толғайды. Ерлік - әр ердің жасына тән қасиет десек, ел
жеңісі – ер жеңісі. Жеңіске жету үшін ынтымақ, бірлік, достық, жолдастық
салтын берік ұстану шарт. Әр ер жігіт үшін серіктестерінің, қаруластарының
беріктігі, мықтылығы, қайраттылығы ауадай қажет. Қазақ халқы осы мәселені
де көкей көзінен тысқары қалдырмаған. Ер жігіт жайында мақал-мәтелдер
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы жазбаларында да кездеседі. Ер жігіт туралы мақал-
мәтелдер саны он алты.
«Ер дұшпансыз болмайды, 
Есек тұсаусыз болмайды. 
50


Ер - егіз, 
Еңбекте жалғыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет