А. О. Искакова «Мәшhүр-Жүсіп Көпеев шығармаларындағы мақал-мәтелдер» 6М020500 Филология магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация



Pdf көрінісі
бет11/23
Дата20.09.2022
өлшемі0,49 Mb.
#39539
түріДиссертация
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
«Бір ауыз сөз қасиетті тияды
Бір ауыз сөз айықпас дерітті жияды; 
Бір ауыз сөз әлемге әйгі еткізсе, 
Бір ауыз сөз жаманатқа қияды... « –
деп жырлайды. Даналықтың терең сыры да, міне, осы сөз арқылы
танылып, адам санасына сіңеді.
Тілімізде қордаланған мыңдаған мақал-мәтелдердің мән-мағынасына
зерделі көзбен қараған адам ең алдымен өз халқының басынан кешірген барша
өмірін, салт-сана, қалыптасқан дәстүр, дүниетанымын елестете алады. мақал-
мәтелдер, әрине, тарих пен өткен уақыттың табын бойында сақтаған рухани
шежіре. Ел жадында сақталған кейбір мақал-мәтелдерден есте жоқ ескі
замандардың сарынын аңғарып, тарихи дәуірлердің дүбірін сезінуге болатын
сияқты. Мәселен, «ғұн/хун заманын», «Сақ дәуірін» естіген де, естімеген де
жұртшылық бар. Ал, қазақ, тілінде: «Көкте күн-жалғыз, Жерде ғұн - жалғыз»
деген мақал кездеседі. Қазақ этносының (әрине оның ата-бабаларының)
санасында сақталып қалған бұл мақалдың мағынасын, пайда болу мотивін «тым
ерте кездерде ғұндар көне түркі тайпаларының басын қосып, бүкіл Еуро-
азиялық жазықтықта ұлы Ғұн империясын құрып, аспандағы Күн сияқты,
сонша елді бір өзі ғана билеп-төстеген бір ғана ғұндар еді» деп түсіндіруге
болатын сияқты.
Көмескілеу болса да, халық санасында сақталған осы ұғымның бір мәнін
бүгінгі заман (XX ғасыр) ақын-жазушылары, мәселен, Мағжан Жұмабаев: «Ғұн
Күннен жаралған», «Ғұн - Күн текті бейне» деп жырласа, Жұбан Молдағалиев:
«Осындай боп, білмеймін, кімнен тудым, бәлкім қайсақ, бәлкім бір ғұннен
тудым...» – деп, өзінің сол ғұнның бір ұрпағы екендігін паш етіп отыр.
Осының өзі-ақ бүгінгі қазақтардың нақтылы дәйек келтіріп, дәлелдеп келе
жатқан ұлан-ғайыр проблемасының күре тамырын атам заманда бабалар
аузымен айтылып қалған осы бір мақал тап басып отырған жоқ па? Сол сияқты,
«Ceгіз саққа жүгірту» деген тұрақты тіркесте бүгінгі қазақтардың көнедегі ата-
бабалары сақтарды айтып, солардың әскери айла-тәсілін аңғартып тұрған жоқ
па?
Одан берірек пайда болған «Қайда барсаң – Қорқыттың көрі» деген мақал
бүкіл Орта Азия, Кавказ, Кіші Азия халықтары арасында есімі аңызға айналған
абыз, өмір бойы өлімге қарсы күресіп өткен Қорқыт атаның осы бір ерекше
әрекетіне байланысты қалыптасқандығы белгілі.
Сол сияқты: «Өлдің Мамай-қор болдың», «Жаудықашырған қарапайым
халық – батыр атақ Барақта қалды «, «Абылайдың асында шаппағанда, атаңның
басында шабасың ба ?, «Қасымның ханның қасқа жолы, Есімханның ескі жолы «,
«Аяз би, өліңді біл, құмырсқа, жолыңды біл «, «Бәлен жерде Бақан тay - ол да
біздің барған may» т.б. мақал-мәтелдердің баршасы қазақ халқының жалпы
тарихына және нақтылы тарихи тұлғалардың жеке басына, іс-әрекетіне
байланысты қалыптасқан.
36


Мұның бәрі, сондай-ақ мақал-мәтелдердің мотивтік негіздерінің басым
көпшілігі ретроспективті бағыттағы үрдісте, көне салт-дәстүрлер мен
дүниетанымды уағыздау барысында қалыптасуы, сайып келгенде, олардың
«архаикалық құбылыс»' екендігін айқындай түседі. Замана талабына сай
қаншама жаңа мақал-мәтелдер пайда болып, даналық қоры толассыз толығып,
дамып жатса да оның рухани көзі өткен өмірімізге байланысты. Мақал-
мәтелдерді «көненің көзі, дананың сөзі» деп атауымыздың басты себебі де, міне,
осы.
Әрбір халықтың тілінде қорланып, қалыптасқан мақал-мәтелдер бір
заманның ғана емес, әр түрлі заманның және біріне-бірі жалғасып, үздіксіз
дамып келе жатқан ұзақ замандардың жемісі. Олай болса, халық даналығының
ұйытқысы саналатын мақал-мәтелдер мен аталы сөздердің басқа түрлері де,
жоғарыда ескерткен екі – ішкі және сырткы –арнаның екеуі бойынша толығып,
дамып отыратығын  мойындағанымыз жөн.
Бұл екі арнаның екеуі де мұрагерлік дәстүрі негізінде қалыптасқан. мақал-
мәтелдердің ішкі арна бойынша адасуы, мәселен, казақ халқы үшін өз ата-
бабаларынан рухани мұра болып келе жатқан мақал-мәтелдерді оның тікелей
мұрагері ретінде жадында сақтап, өз өмірінде қолдану бар да, бүкіл түркі
әлеміне тән сол тәрізді байлықты «ортақ дүние» деп қабылдап, пайдалану тағы
бар. Бұлардың екеуі де атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа рухани мұра боп
ауысып, өз дүниесіне айналады. Ішкі арна мен сыртқы арна бойынша толассыз
толығып отыратын даналық қорындағы мақал-мәтелдердің өзара мидай
араласуы соншалық, оларды, тек тарихи-салыстырма зерттеу арқылы болмаса,
қарапайым жұрт бірінен-бірін ажыратып ала бермейді.
«Көпшілік жағдайда ата-бабаларымыздың аталы сөздері бейнелі
мағынасын, өзекті идеясын сақтағанымен, тілдің тұрақты дамып отыру
заңдылығына байланысты, берілу тәсілі, құрамдық-құрылымдық тұлғасы
өзгеріп отыруы да мүмкін» [12, 250, 280 б.] – дейді Әбдуали Қайдар. Оның ең
басты себебі: түркі әлеміне ортақ, оның көптеген тілдерінде қолданыста жүрген
мақал-мәтелдердің, баршасы сол тілдердің
дыбыстық,
тұлғалық
зандылықтарына сәйкес өзгеріп, сол тілдерге икемделіп, өздерінің о баста
қалыптасқан «төркін-тілінің» ерекшеліктерін жойып алатындығында. мақал-
мәтелдің бәрін бірдей қай заманда, қандай тарихи себептермен,
этнолингвистикалық мотивтермен пайда болғанын дәйектеп, құжаттап айтып
беру, әрине, мүмкін емес.Өйткені, ол мақал-мәтелдердің басым көпшілігі, тіпті
«қазақ'« болып саналатын 5 ғасырдың бер жағынан емес, өз бастауын соның ар
жағындағы тарихи тұңғиықтан, алғашқы ру-тайпалар заманынан алады.
37




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет