А. О. Искакова «Мәшhүр-Жүсіп Көпеев шығармаларындағы мақал-мәтелдер» 6М020500 Филология магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация



Pdf көрінісі
бет13/23
Дата20.09.2022
өлшемі0,49 Mb.
#39539
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
    Бұл бет үшін навигация:
  • Адам
«Адам аласы - ішінде,
Мал аласы – сыртында» 

6, 40 б.

.
Бұл мақалда адамның сыры ішінде екендігі, әр адамды толық түсініп
болмайтыны айтылады. Себебі адамтану ғылымының шегіне жеткен ешкім жоқ.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы жинаған қазақ мақал-мәтелдер арасында халықтың
мал баққан тұрмысымен байланысты үлгілерді де кездестіруге болады. 
«Адам болар жігіттің-
Етек-жеңі кең келер,
Қошқар болар қозының-
Маңдай алды дөң келер 
Адам құлақтан семіреді,
Хайуан тамақтан семіреді.
Адам сөйлескенше,
Жылқы кісінескенше» [6, 40 б.]
«Адам сөйлесіп танысады, 
Хайуан иіскесіп танысады
Адам тілінен ұсталады,
Ат тезегінен ұсталады
47


Адам баласы - Алланың добы» [6, 41 б.]
Адамзат баласы Аллаһтың құлы. Сол себептен адам баласы допты қалай
бағындырса, Аллаһ та адам баласын өзіне солай тәуелді етеді. Осыдан адам
баласының тағдыры Алланың ғана қолында екені шығады. 
«Адам жүрген жерде аруақ жүзеді» [6, 41 б.]
Адам баласы әрқашан аруақтарды есіне алып, оларға дұғасын оқып,
Алладан иманды болуын тілеген. Аруақтарды дұғасына қосып, жандары
жәннәтта болуын медет еткен. Адамның жалпы болмысына қатысты мақал-
мәтелдер төменде берілген.
«Адам көркі - шүберек
Ағаш көркі - жапырақ
Адам тілі тас жарар, 
Тас жармаса, бас жарар
Адамзатты сөз бұзады, 
Тау мен тасты жел бұзады
Алланың шайтанынан адамның шайтаны күшті
Дәм айдаса, қалма,
Адам айдаса, барма» [6, 42 б.]
«Екі кісінің тақсыры,
Бір кісіні діннен шығарады» [6, 57 б.]
«Кісі ақылымен бай болғанша, 
Өз ақылыңмен жарлы бол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет