А. О. Искакова «Мәшhүр-Жүсіп Көпеев шығармаларындағы мақал-мәтелдер» 6М020500 Филология магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация



Pdf көрінісі
бет16/23
Дата20.09.2022
өлшемі0,49 Mb.
#39539
түріДиссертация
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Ер екеніңді, білейін,
Ер өлтірші көрейін. 
Ер есектей тасиды,
Қатын қаздай тасиды. 
Ер – жігіттің екі сөйлегені өлгені
Еменнің иілгені өлгені. 
Ер игісі – қос табар. 
Ер қартайса, көзден азар,
Көп отырған жерден азар. 
Ер толқыса, ел сүйеу болады,
Су толқыса, жар сүйеу болады. 
Ер туған жеріне,
Ит тойған жеріне. 
Ерден - ердің қаупі бар
Ерді-Құдай,
Етікті нәл сақтайды
Ерді намыс өлтіреді, 
Қоянды қамыс өлтіреді»[6, 58 б.]
«Ердің атын қатын шығарады, 
Қатынның атын отын шығарады
Ердің ерлігін білмеген -
Құдайдың «Бірлігін!» -білмейді. 
Ердің үш жұрты болады» [6, 59 б.]
Алла(Құдай) дін, иман туралы мақал-мәтелдер Мәшһүр-Жүсіп
жазбаларында жиырма жеті.
«Алланың шайтанынан адамның шайтаны күшті
Алтын көрсе періште жолдан таяды» 

6, 43 б.

«Әулие - ат үстінде, 
51


 Машайық - мал ішінде
Әулие жанындағысын қолтықтайды
Әулие, қасиетіңнен безейін,
Тамағымды берші!» 

6, 49 б.

«Адам жүрген жерде аруақ жүзеді» 

6, 40 б.

«Айғайласып келгенде, дау озады, 
Аллалап зікір салғанда, қожа озады 
Ақ жалау барда –
Малым бар деме, 
Әзірейіл барда – 
Жаным бар деме» 

6, 40 б.

 «Ақымаққа тоқпақ
Аюға намаз үйреткен таяқ» 

6, 42 б.

«Астың аласы – Құдайдың пәлесі 
Асыққан -шайтан ісі, 
Сабырлық – Құдай  ісі. 
 Ат арыса, тулақ, 
Ер арыса, аруақ» 

6, 45 б.

.
«Атаның жаман ұлы малға ортақ,
Әзірейіл малға ортақ 
Атың жемқор болса, берді Құдай
Қатының жемқор болса, берді Құдай» 

6, 46 б.

«Ауылдағы молданың ауызы сасық» 

6, 47 б

Бейшараның асын: «Бисмилла» - тауысады. 

6, 53 б.

«Білмес - Құдайды білмес,
Көрмес - түйені көрмес. 
Береке Құдайдың аты, 
52


Біте шайтанның аты» 

6, 54 б.

«Жалғанда еккен болсаң
Ақыретте орып аласың 
Жалғанда сүйерің – от,
Ақыретте күйерің – от» 

6, 61 б

. 
«Жалғыздық – Құдайға ғана жарасар» 

6, 62 б

«Кәпірдің қаламынан сақта 
Кәпірдің қаласынан сақта»

6, 69 б

«Құдайдан қорықпағаннан қорық 
Құдайға сеңген құстай ұшады,
Адамға сенген мұрттай ұшады
 
Құдайдан сұрағанның –
Екі бүйірі шығады. 
Адамның сұрағанның -
Екі көзі шығады»

6, 77 б

.
Қазақ халқы ежелден бала тәрбиесіне, әсіресе қыз бала тәрбиесіне ереше
көңіл бөлген. Өйткені бүгінгі – қыз бала, ертеңгі – ана. Ана болуы үшін дана
болуы керек. Ана тек бір ғана баланы тәрбиелеуші емес, бүкіл ұрпақты
тәрбиелеуші. Сол себептен қазақ халқында қыз баланың жалпы болмысына
қатысты мақал-мәтелдер өте көп. Соның біршамасын Мәшһүр-Жүсіп Көпеев
жинаған қазақ мақал-мәтелдерінен көреміз. Қыз туралы мынадай мақал-мәтел
бар. Жалпы саны он болып келеді.
«Анасын көр де, қызын ал
Аяғын көр де, асын іш» 

6, 43 б

бұл мақалда, қыз баланы анасына қарап біл, анасы қандай болса қызы да
сондай болады деген тұжырым жасалған. Себебі қыз бала тәрбиесіне анасы
жауапты және қыз бала анасына ұқсап, анасына еліктеп, анасының тәрбиесін
алады. Аяғын көр де асын іш деген жолдардан тазалық пен ұқыптылыққа мән
берген халық екендігіне назар аударамыз. 
«Қыз – қылығынан» 
деген мақалда қыздың тән сұлулығы емес, жан сұлулығы сөз етіледі.
«Жаны сұлудың, тәні сұлу» демекші, қыз балаға біріншіден керегі қылығының
түзу болуы. Қазақ халқы қыздарының қылықты болуын, сол қылығына қарай
қадірілі болатынын ескерткен. 
Қыз күніндегі мінезін кей майталман -
Бір елге қатын болып түссе-дағы қоймайды
53


Мақалында тағы да қыздың мінезі сөз етіледі. Қыз кезінде әке-шешенің
аялы алақанында еркелеп өседі. Сол еркелігін бір жерге келін болып түскенде
қою керектігін ескертеді. Сол сияқты:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет