А. О. Искакова «Мәшhүр-Жүсіп Көпеев шығармаларындағы мақал-мәтелдер» 6М020500 Филология магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация


Хадис: «Алланың атымен басталмаған әрбір маңызды сөз бен іс шолақ».  Қазақ мәтелі



Pdf көрінісі
бет19/23
Дата20.09.2022
өлшемі0,49 Mb.
#39539
түріДиссертация
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Хадис«Алланың атымен басталмаған әрбір маңызды сөз бен іс шолақ». 
Қазақ мәтелі«Сөздің басы бісміллә, бісмілләсіз іс қылма».
Құран Кәрімде«Мақтау-мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән».
Қазақ мақал-мәтелдері«Мақтауға Алла ғана лайық»; «Кірсіз – ай, мінсіз
– бір Құдай»; «Ей, айташы, Алланы айт».
Хадисте«Қайда болсаң да Алладан қорық».
Қазақ мақал-мәтелдері: «Халықтан ұял, Құдайдан қорық»; «Құдайдан
қорықпағаннан қорық»; «Қорқуға Құдай ғана лайық».
Хадисте«Бірдеңе сұрасаң, Алладан сұра. Жәрдем тілесең, Алладан тіле».
Қазақ мақал-мәтелдері: «Алладан сұрағанның екі бүйірі шығады, адамнан
сұрағанның екі көзі шығады»; «Аллаға сиынған құстай ұшады, адамға сиынған
мұрттай ұшады».
Құран Кәрімде: «Әлемдердің Раббысы Алла қаламаса, қалай
алмайсыңдар». Қазақ мақалы: «Адамның дегені болмайды, Алланың дегені
болады».
Құран Кәрімде: «Оған (Аллаға) ұқсас ештеңе жоқ! Әрі Ол – Естуші һәм
Көруші!» (Шура, 11). Хадисте: «Алла болды, Одан басқа ештеңе де болған
жоқ».
Қазақ өлеңдері:
Мәшһүр Жүсіп иләһи сипаттар туралы былай деген:
Ол – Алла жисм, жауһар, ғариз емес,
Боларға басқа басқа бөлектенбес.
Алланы еш нәрсеге ұқсатуға,
Еш нәрсе Оған ұқсап жөні келмес.
Бар Құдай көкте де емес, жерде де емес,
65


Мекенін бір Алланың ешкім білмес.
Сипаты сегіз болған, бірі – кәләм,
Сөйлейді құдіретімен Алла Тағалам
Сөйлеуі біздей тілмен, жақпен емес,
Тіл, жаққа мұқтаж емес секілді адам
Алды-арты, асты-үсті, оң-солы жоқ,
Ауыз, мұрын, аяқ, бас, көз, қолы жоқ.
Еш нәрсеге ұқсамайды Ол һәм еш нәрсе де,
Кітаптың айтқанынан ойлама көп.
Данышпан Абай Құнанбайұлы қазаққа ортақ мұсылманшылық танымды
былай жеткізеді:
Мекен берген, халық қылған Ол – лә мәкән,
Түп Иесін көксемей бола ма екен?
Және Оған қайтпақсың, оны ойламай,
Өзге мақсат ақылға тола ма екен?
Құран Кәрімде«...Қандай да бір жапырақ жерге түспесін, (Алла) оны да
біледі...». Қазақ мақалы: «Құдайсыз қурай сынбас»; «Тағдыр – Тәңір ісі».
Құран Кәрімде: «Ешбір жан ертең не істейтінін білмейді, ешбір жан
қашан өлетінін білмейді». Қазақ мақал-мәтелдері: «Алдағыны Алла біледі»;
«Ертең не боларын ешкім білмейді»; «Өлім айтып келмейді».
Хадисте: «Қаламдар көтерілді, парақтар кеуіп кетті (яғни тағдыр
тақтасына бәрі жазылды)». Қазақ мақал-мәтелі: «Қуған жетпес, бұйыртқан
кетпес»; «Тағдырдан қашып құтыла алмайсың».
Құран Кәрімде: «...Алланың рахымынан күдер үзбеңдер..». Қазақ мақал-
мәтелдері: «Үмітсіз – шайтан»; «Күніне тоқсан пәле көрсең-дағы, Сонда да
күдер үзбе бір Алладан»; «Тәңір ісінен түңілу – күпірлік».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет