А. О. Искакова «Мәшhүр-Жүсіп Көпеев шығармаларындағы мақал-мәтелдер» 6М020500 Филология магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация


Хадисте: «Жұмақ – аналардың аяқтарының астында». Қазақ мақалы: «Жұмақ – ананың аяғының астында». Хадисте



Pdf көрінісі
бет20/23
Дата20.09.2022
өлшемі0,49 Mb.
#39539
түріДиссертация
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Хадисте: «Жұмақ – аналардың аяқтарының астында». Қазақ мақалы:
«Жұмақ – ананың аяғының астында».
Хадисте: «Алланың разылығы ата-ананың разылығында, Алланың ашуы
ата-ананың ашуында». Қазақ мақалы: «Ата-ана разы болмай, Алла разы
болмас».
Хадисте: «Білім іздену әрбір мұсылман ер мен мұсылман әйелге парыз».
Қазақ мақал-мәтелдері: «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»; «Ақыл –
тозбайтын тон, білім – таусылмайтын кен»; «Білекті бірді жығады, білімді
мыңды жығады»; «Білім таппай мақтанба, өнер таппай баптанба»; «Ақыл
азбайды, білім тозбайды».
Риуаятта: «Білімді бесіктен табытқа дейін іздеңдер». Қазақ мақал-
мәтелдері: «Білімді тал бесіктен, жер бесікке дейін іздеңдер»; «Жүз жыл өмір
сүр, жүз жыл үйрен».
Хадисте«Уа, Алла! Өзіңмен пайдасыз білімнен сақтанамын». Нақыл сөз:
«Амалсыз білім жеміссіз ағаш». Қазақ мақалы: «Еңбегі жоқ ғалым – ыстығы
жоқ жалын».
66


Нақыл сөз: «Білім – нұр, надандық – қараңғылық». Қазақ мақалы:
«Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп»; «Білім – гауһар, бағасы жоқ,
надандық – кесел, дауасы жоқ».
Құран Кәрімде: «(Аяттардан) ақыл иелері ғана үгіт алады». Хадисте:
«Адам дәл ақылдан асқан артықшылыққа ие болған емес. Ақыл иесін тура
жолға салады, жамандықтан қайтарады. Ақылы кемелденбейінше пенденің
иманы толықпайды, діні түзелмейді». Қазақ мақал-мәтелдері: «Ақылмен алтын
табылар, алтынмен ақыл табылмас»; «Ақыл – адам көрігі, сабыр – ақыл
серігі»; «Ақыл азбайды, әділдік тозбайды»; «Ақыл айнымас, алтын шірімес»;
«Ақылдының сөзі – дарияның өзі»; «Ақыл – алтын сандық, адамына қарай
ашылар»; «Ақыл көпке жеткізеді, өнер көкке жеткізеді».
Хадисте: «Даналық сөз – мүміннің жоғалтқаны, егер тапса, оны алуға
басқадан гөрі хақылы». Қазақ мәтелдері: «Білімдіден шыққан сөз – талаптыға
болсын кез»; «Нақыл сөз – ниеті аққа жақын сөз».
Хадисте«Сөздің сиқырлы күші бар». Қазақ мақал-мәтелдері: «Өнер алды
– қызыл тіл»; «Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады»; «Тіл тас
жарады, тас жармаса, бас жарады»; «Ақынның тілі қылыштан өткір».
Хадисте«Әрбір мақамның, орынның өз сөзі бар». Қазақ мақал-мәтелдері:
«Орынды айтылған сөз орнына қағылған шегедей»; «Сөз жүйесін тапса, мал
иесін табар»; «Сөз тапқанға қолқа жоқ».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет