А. О. Искакова «Мәшhүр-Жүсіп Көпеев шығармаларындағы мақал-мәтелдер» 6М020500 Филология магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация



Pdf көрінісі
бет21/23
Дата20.09.2022
өлшемі0,49 Mb.
#39539
түріДиссертация
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Нақыл сөз«Сөздің қайырлысы – аз әрі саз болғаны». Әли ибн Әбу Талиб
(р.а.) айтқан. Қазақ мақал-мәтелі: «Көп сөз ұтпайды, дөп сөз ұтады»; «Көп сөз
– күміс, аз сөз – алтын».
Хадисте«Отбасыңа кірген кезде оларға сәлем бер. Ол өзіңе де, отбасыңа
да береке әкеледі». Қазақ мәтелдері: «Сәлем сөздің – анасы»; «Сәлем беру –
сүннет, қайтару – міндет».
Хадисте«Кімде-кім Аллаға, ақырет күніне иман келтірген болса, жақсы
сөз сөйлесін, не үндемесін». Қазақ мақалдары: «Байлауы жоқ шешеннен,
үндемеген есті артық, бәйге алмаған жүйріктен, белі жуан бесті артық»;
«Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер».
Ислам дінін қабылдағаннан кейін қазақ халқының мәдени өмірі жаңа
бетбұрыстарға толы еді. Халық ауыз әдебиетінің бір саласы – мақал-мәтелдерде
діни уәждердің орын алуы осының айқын дәлелі. Мақал-мәтелдер – халықтың
моральдық кодексі, тәрбие қағидасы, ата-бабамыздың болашақ ұрпаққа
қалдырған өнегелі өсиеті. Мақал-мәтелдерді халық педагогикасы деп те атауға
болады. Осы халық педагогикасын толқын-толқын ұрпақтардың халықтың
рухани мәдениетіне қосқан шығармашылық үлесінің нәтижесі деп айтсақ
жаңылмаймыз. Олай болса халықтың төл шығармасы – мақал-мәтелдердегі
хадис пен сүннеттің әсерін анықтау – халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілі-
гінде хадис пен сүннеттің рөлін қандай болғандығын үйренуге жол ашары
анық. Ислам мәдениетінің бөлінбес бөлшегі – хадистер мен сүннеттер аяқ жет-
кен жердің бәрінде мұсылмандықты қабылдаған жандарды баурап, бақытты
өмірге жетелеп, іс-әрекеттерін, жүріс-тұрыстарын реттеп, жөнге салып отырған.
Тәрбиеші, мұғалім ретінде адамзатқа жіберілген хазірет Пайғамбардың сөздері
67


мен іс-әрекеттері мұсылман халқымыздың талғам-танымына, дүние-тіршілік
қалпына айналып, халық педагогикасын, ұлт психологи- ясын, қазақы
болмысты жинақтаған мақал-мәтелдердің өн бойынан көрініс тапты. Осы
мақсатпен, қазақ мақал- мәтелдерін жинақтаған Ө. Тұрманжановтың «Қазақ
мақал-мәтелдері» (Алматы, 1997), Ж. Дәуренбековтың «Қазақ мақал-мәтелдері»
(Алматы, 2001), М. Әлімбаевтың «Халық ғажап тәлімгер» (Алматы, 1994),
Жәрдем Кейкіннің «Қазақтың 7777 мақалы мен мәтелі» (Алматы, 2002) және
т.б. кітаптарды қолға алып, көңіл сүзгісінен өткіздік. Осы кітаптарды
парақтағанымызда көптеген мақал-мәтелдер мен хадистердің арасында бір
үйлесімділіктің барын, кейбір хадистердің халқымыздың мақал-мәтеліне
айналғанын көрдік. Жоғарыда аталған жинақтардың ішінде кейбір мақал-
мәтелдерде хадис мәтіндерінің сол қалпында сақталғанын, ал кей жағдайда
халқымыздың хадистерден түйген ойларын мақал-мәтелге айналдырып жібер-
генін байқадық. Осы тұрғыдан хадистер мен мақал- мәтелдердің өзара
байланысын екі тақырыпқа бөліп қарастыруға болады. Халық ауыз әдебиетінің
бір тармағын құрайтын мақал-мәтелдердің кейбіреуі әрі тілдік жағынан, әрі
мағына жағынан хадис мәтіндерімен бірдей. Мұндай мақал-мәтелдердің халық
жадына сіңіп, қанатты сөзге айналған хадистер екенінде күмән жоқ. Мысалы,
Аллаһ Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Әр дерттің дауасы бар. Дерттің
дауасы табылып қолданылғанда Аллаһ тағаланың рұқсатымен (көмегімен) ауру
адам жазы- лады,» – деп мәлімдеген. Міне, осы хадистің бірінші сөйлемі қысқа
әрі нұсқа түрде халқымыздың тілінде «Әр дерттің дауасы бар» деген мақалға
айналған. Әрі мақалдағы «дауа» деген арапша сөздің сол күйінше алынуы, бұл
мақалдың халық арасында қанатты сөзге айналған хадис екенін көрсетеді.
Дерттің алдын алу тазалықпен байланысты. Ислам діні тазалыққа қатты
мән берген бірден-бір дін. Себебі адам баласының таза болуы – оның
денсаулығы, жүзінің шырайлылығы, тұла бойының сәнділігі,
айналасындағыларға тартымды да сүйкімділігі деген сөз. Ал ішкі жан дүниеге
тән тазалық – ақ жүрек, адал ниет, пәк көңіл мен кіршіксіз ой дегенді білдіреді.
Мұсылман үшін ең маңызды нәрсе иман болатын болса, тазалықты жаны
сүйген Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Тазалық – иманның
жартысы»[28] – деп, иманды құлды жан тазалығы мен тән тазалығына
шақырған. Мұсылман қазақ Аллаһ Елшісінің тәліміміне мойынсұнып, тұрмыс-
тіршілігінде тазалыққа ерек- ше мән берген. Осыдан ауыз әдебиетімізде
«Тазалық– иманның жартысы» деген мақал пайда болған.
Иманды ердің тағы бір ерекшелігі – ар-ұятын сақтай білуі. Хақ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ол жайын- да былай дейді: «Ұят – иманнан».[29]
Арапша айтылған хадистің мәтінін халқымыз «Ұят – иманның қабы» деп,
мақалға айналдырған. Мұсылман адам иманының арқасында жаманшылыққа
жуымай, ешкімге қиянат жасамай, күнәлардан бойын аулақ ұстайды. Ізгілікке
талпынып, ар-ұятын сақтайды. Мұның бәрі Аллаһ тағаланы жара- тушы ием
деп, Ол барлық жерде, әрбір сәтте мені көріп, не істеп жатқанымды біліп
тұрады деген сенімінен туындаған. Мұсылман құл арғы дүниеде әрбір ісінің
есебін беретінін біліп, соған қарай әрекет етеді. Мұндай адамды халқымыз
68


«иман жүзді» деп, оған үнемі сенім- мен қараған. Ал ар-ұяттан ада, азғын,
ождансыз адам- ды имансыз деп қарап, Дулат ақын: Құдай жақсы көре ме,
Шариғатты бұзған соң, Имансызға бейіш жоқ, – десе, Ақмолла ақын
әдепсіздікті имансыздыққа теңеп: Күпірлік әдептіде тұрмағандай, Әдепсізде
иман тұру ғажап деген, – дейді. Халқы- мыз осы орайда пайғамбарлар
Сұлтанының (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Аллаһтан қорықпағаннан
корық,»[30] – деген даналық ескертуін ойына түйіп, өскелең ұрпаққа мақал
ретінде қалдырған.
Ардақты Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тек қана дін
мәселесінде емес, өмірдің әр саласында үмбетіне үлгі-өнеге болған. Мысалы,
әлеуметтік салаға қатысты Хақ Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір
өсиетінде былай дейді: «Үйден бұрын көрші тап, жолға шықпай тұрып жолдас
тап».[31] Халқымыз осы хадисті нақылға айналдырып:»Сапарға шықпас бұрын
серігіңді сайла, үй салмас бұрын көршіңді ойла» – деген.
Халқымыз мұсылмандықты қабылдағаннан кейін діни ұғымдар табиғи
түрде сөздік қорымызға еніп, дүниетанымымызға сіңісіп кетті. Осының бірі –
шайтан ұғымы. Құранда айтылған шайтан сөзі өзгеріссіз түрде сөздік
қорымызға еніп, халқымыздың түсінігінде Ислам дінінің үйреткені бойынша
адам баласының өмірінің соңына дейін күресіп өтетін қас жауы ретінде
қалыптасқан. Адам баласында да шайтанға тән зұлымдық қасиеттер бар.
Әсіресе кейде әйел затының шайтанның сөзіне еріп жасайтын қулық-сұмдығы
шай- тандыкінен асып кетпесе, кем түспейді. Шайтанның айтқанына еріп,
айдауына тез түсетіндер әлі ақыл-ес тоқтатпаған жастар мен жаратылысынан
нәзік әйел қауымы екені рас. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
осыны бір хадисінде қозғап, былай дейді: «Жастық– жындылықтың бір
тармағы, қыз – шайтанның тұзағы».[32] Халқымыз да өмірлік тәжірибесінде
әйел баласының осындай қулық-сұмдығын көрген кезде Пайғамбарымыздың
хадисін еске алып: «Қыз – шайтан» деген. Осылайша хадистен алынған үзінді
халық аузында мақал ретінде қалыптасып кеткен. Шайтан жайын сөз еткен
келесі хадисінде Аллаһ Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Асықпау –
Рахманнан (Аллаһтан), асығу – шайтаннан,»[33] – деген. Осы хадистің де
екінші бөлімін мақалға айналдырған халқымыз: «Асыққан шайтанның ісі» деп,
асығыстыққа ұрынудан сақтандырған.
Қорытындылай келе, халық ауыз әдебиетіне мақал болып енген
Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) келесі хадисі: «Кеңес
қылған ел азбайды».[34] Осылайша үмбетіне бұл істе де үлгі-өнеге болған.
Хадистерінде кеңестің пайдаларын баяндаған. Жоғарыдағы хадис осы мақсатта
айтылған хадистердің бірі. Осы хадисті халқымыз да өмірінің өзегіне
айналдырып, бертін келе мақал ретінде айтылып, тіпті қасына ұйқасын келтіріп
былай деген: «Кеңес қылған ел азбас, кеңінен пішкен тон тозбас.» Аллаһ
Елшісін (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үлгі-өнеге тұтқан халқымыз оның
аузынан төгілген інжу-маржандарды бағалы қазынаға балап, оны жаттап,
тұрмыс-тіршілігін- де қалпын бұзбай қолданып отырған. Сондықтан кейбір
хадистер мақал-мәтел ретінде құйылып, өмірлік, адамгершілік қағидаға
69


айналған. Осылайша хадистер қазақ даласында халықтық нақыл ретінде өмір
сүрген.[50] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет