А. О. Искакова «Мәшhүр-Жүсіп Көпеев шығармаларындағы мақал-мәтелдер» 6М020500 Филология магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация


М.Ж.Көпейұлы жинаған мақал - мәтелдердің маңызы



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата15.03.2017
өлшемі0,49 Mb.
#9594
1   2   3   4   5

1.2 М.Ж.Көпейұлы жинаған мақал - мәтелдердің маңызы

«Мәшһүр-Жүсіп қолжазбалары ішіндегі мақал-мәтел тақырыптарының көп

түрлілігімен де құнды. Мұнда адамның мінез-ерекшелігіне, бітіміне, тұрмыс-

тіршілігіне,   әдет-ғұрпына,   дінге   т.б.   қатыстылары   жиі   кездеседі.   Мәселен,

қолжазбаларда:   «Қазақтың   Ат  биеден,   алып   анадан»,  –  деген   сөз   тараулары

мәнісі,   «Екі   қырағыдан   су   қараңғы»,   «Ұйқыда   өскен   бұзау   өгіз   болмайды»,

«Абылай аспас сары бел» дегеннің мәнісі, «Ала арқан жоғалды, бір лақ алып

табылды дегеннің мәнісі», «Ала арқан жоғалды, бір лақ алып табылды дегеннің

мәнісі»,  «Қазақ: «Пірден емес, мұраттан , – деуінің мәнісі» – деп аталатын т.б.

мақал-мәтелдер   топтамаларының   қазақ   халқының   тұрмыс-тіршілігін,   наным-

сенімін танытудағы мәні үлкен. Сондай-ақ қолжазбалардың бірінде Мәшһүр-

Жүсіп   саны   176   мақал-мәтелді   бір   бөліп   көрсеткен.   Мұндағы   мақал-

мәтелдердің барлығы рет-ретімен нөмірленіп жазылған. Және де әр беттегі әр

мақал-мәтел бет басынан аяғына дейін жаңадан нөмірленіп көрсетіліп, жалпы

қолжазбаның   13   бетін   қамтиды.   Сол   сияқты   қолжазбада   басқа   да   мақал-

мәтелдер тізімі берілген.

Асылы,   белгілі   бір   фольклор   үлгілерін   шығарғанда,   әр   материалдың

қайдан, кімнен алғаны көрсетілмеуі ғылымдағы асығыстықты, өзінен бұрынғы

зерттеуші, жинаушы еңбектерін елемеуді дәлелдесе керек. Ал, Мәшһүр-Жүсіп

әр мақалдың дерлік қайдан жазып алынғанын көбіне сөз арасында айтып кетіп

отырған. Мәселен, Байлық мұрат емес, // Жоқтық ұят емес!»  –  деген мақалды

Мәшһүр-Жүсіп:   «Күні   кеше   Сарыарқада   қасиетті,   шарапатты   болып   өткен

Ғайса Бикей ишан дуам айтып отырады екен»,  –  дейді. Яғни, бұдан мақалды

жеткізуші   есімі   Ғайса   Бикей   ишан   екендігі,   оны   Мәшһүр-Жүсіп   жазып

алғандығы көрініп тұр. 

Сол   сияқты   мына   үлгілерді   де   ауызша   айтудан   тікелей   хатқа   түсірген:

«Байды Құдай атқаны, // Жабағы жүнін сатқаны», – деп басталатын топтаманы

Мәшһүр-Жүсіп   Шортанбай   қожа   айтты   десе,   «Қарадан   хан   қойса,   қасиеті

болмайды, //Үлгісізден би қойса, өсиеті болмайды», деген жолдан басталатын

бір топ мақал-мәтелді Мұса Шорман би ұғлынан естігенін жазып қалдырған.

Міне,   осы   тәрізді   белгілі   бір   ел   аузынан   жиналған   фольклорлық   үлгілердің

жазылу   паспортына   қатысты   түсініктемелер,   толықтырулар   Мәшһүр-Жүсіп

жазбасында көптеп кездеседі. 

Сондай-ақ Мәшһүр-Жүсіп Абай Құнанбаевтың да үлгілі сөздерін қағазға

түсіргенін есте ұстаған жөн. Жалпы жиналған мақал-мәтелдердің көпшілігіне

дерлік   Мәшһүр-Жүсіп   анықтама   беріп   отырған.   Яғни   ол   мақал-мәтелдердің

қандай   жағдайда,   не   себептен   туғандығына,   ел   арасында   не   үшін

қолданылатынына, о баста қандай мағына бергендігіне, тіпті қай заманнан бері

айтылып жүргендігіне  де т.б.  назар  аудартады.  Бұл тағ да Мәшһүр-Жүсіптің

жинаушылық  қызметінің зерттеушілікпен  қатар  жүргендігін  дәлелдесе  керек.

Мәселен, қолжазбаларының бірінде: «Молдалар», «Құдай сөзі құран айтады»,

«Пайғамбар сөзі, хадис-шариф мынау», «Хадис-шариф, алла жаратады», «Шіп

Алутин   мен   Алайман,   хадис-шариф»,  –  делінген   айдармен   мақал-мәтелдер

19


топтамалары берілген. Бірінде молдалар төңірегінде жиналған мақал-мәтелдер

шоғыры   орын   алса,   келесінде   «Құран»   кітабынан   алынғандары,   ал

қалғандарында   «Хадис-шариф»   кітабынан   алынған   мақал-мәтелдер

топтамалары   еңгізілген.   Мұндағы   соңғы   тақырыпта:   «Ер   туған   жеріне,   ит

тойған   жеріне»   мақалының   мағынасын   қазақ   білмейді:   «Бұл   Хадис-

Шарифта»Шіп   Алутин   мен   Алайманның   мағынасынан   алынған   сөз»,  –  деп

оның қандай мағына беретінін де ашып береді.

Сондай-ақ   осы   қолжазбасының   47-53-ші   беттер   арасында   Мәшһүр-

жүсіптің «Қазақ мақалдары» деп кіргізген 15 шақты мақал-мәтелдері де бар.

Мақал-мәтелдің әрқайсына Мәшһүр-Жүсіп түсініктеме берген, және де олардың

біразының Құран Кәрімде де бар екенін т.б. көрсетіп кеткен.

Міне,   бұдан   біз   мақал-мәтелді   жинау   барсында   Мәшһүр-Жүсіптің   қай

материалды  қайдан алғанын  көрсетіп отыру өнегесін  танимыз. Сондай-ақ ел

арасында жиі кездесетін кейбір мақал-мәтелдердің кітап ішіндегі нұсқалармен

салыстырылып отырғаны да байқалады бар болса бар деп көрсетіліп отырған

Мәселен, «мақал аят пен хадиске дәлме дәл келетұғыны», – делінген ақын пікірі

де бар. Және шамасынша әр мақал-мәтел мәніне тоқтап, оның берер мағынасын

ашуға   тырысқан.   Бұдан   қазір   көпшілікке   түсініксіз,   беймәлім   болып   келген

қазақ   мәтелдер   т.б.   төркінін   ғылым   мен   мәдениеттің   бастауы   болған   Құран,

библия тәрізді ескі кітаптар арасынан іздестіру қажеттігі туады. 

Соның бір көрінісі біз қарастырып отырған Мәшһүр-Жүсіптің «Шығасы

шықпай,   кіресі   кірмейді»   мақалының   шығу   төркіні   әңгімесі.   Әңгімесінің

қысқаша оқиғасы мынандай: далада кле жатқан жесір әйелдің бір қап ұнын жел

ұшырып әкетеді. Соның мәнісін білу үшін Хазірет Дәуіт Ғалейссаламға барады.

Ол жауап берудің орнына бірде үш, екіншсінде бес пұт бидай беріп қайтарады.

Әр қайтарғанына есік алдында ойнап жүрген Сүлеймен оның ұн алғанына мәз

болмауы   керектігін,   қиянат   иесін   жауапқа   тарту   қажет   екенін   айтып,   әйелді

қайта әкесіне жұмсайды. «Осы саған далада біреу үйретіп тұр ма, шыныңды

айтшы», – деп Хазірет Дәуіт әйелден сұрағанында, ол үйретуші Дәуіттің он үш

жастағы баласы Сүлеймен екенін айтады. Одан әрі Сүлеймен икеліп, әкесінің

жел әрекетінің себебін жел иесінен сұраған жөн екенін түсіндіреді. Кейін әкесі

Хазірет Дәуіт ғибадатханаға барғанда құдай жіберген періште келіп оған түсінік

береді.   Сөйтсе,   ол   қап   бидай   теңізде   батуға   таянған   бір   кемеге   ұшырылып

апарылып,   соның   тесігін   бітеген   екен.   Себебі   олар   құдайға   жалбарынып,

кемедегі   жарты   қазынаны   жетім-жесірлерге   бермекші   болыпты.   Аяғында

кемедегілер соны істепті де, жарты дүниені әйел алыпты. «Шығасы шықпай,

кіресі кірмейді» деген сөз содан қалды дейді. 

Жоғарыда   айтып   кеткендей,   нұсқаны   кімнен,   қайдан   алғандығы   т.б.

турасында   деректерді   келтірмей   кету   тәрізді   кемшіліктер   орыс   фольклорист-

ғалымдары   арасында   кездеседі.   Мәселен,   фольклор   үлгілерін   жинаушы   П.

Лукашевичтің   де   М.   Максимовичтің   де   өзіндік   қателері  –  біріншіден,  үлгіні

кімнен   алғанын   көрсетпеуі   болса,   екіншіден,   көшірілген   тексті   өзгертуінде

екенін ғалым Б. П. Кирдан дұрыс байқаған. Сондай-ақ ол кісі материал көзін

көрсетушілер қатарына Н. Цертелевті де жатқызады. 

20


Мұндай   тексті   өзгерту   ғалым   В.   И.   Чичеров   пікірінше,   Богданова

еңбектерінде   де   кездеседі.   Ал,   ғалым   А.   И.   Баландин   фольклорист   П.   И.

якушкин  еңбектеріне   келгенде,   бірде:   «Записывая   самое   краткое   соднржание

сказок, Якушкин, как видим, отмечал лишь их оснавные сюжетные узлы. Потом

он подвергал свои записи литературной обработке», – десе, бірде «....И все же

свободный текстуже не был подлинным народным произведением, при такой

обработке   многообразие   содержания   произведений   сводилось   к   некоему

образцу, совершенно утрачивалось своеобразие мастерства сказителей /певцов/

ниволировался   под   образец   язык   песен   и   разрушолось   местная   песенная

традиция,   поэтому   Якушкин,   наблюдавший   песни   в   их   живом   бытовании,

отказался от этого метода и выбрал иной: печетать наиболее ценный, как ему

казалось,  текст, а все  варианты выносить в примечания..»  –  деп материалды

өзінше   билеп-төстеп   сұрыптау   орынсыздығына   көңіл   бөлген.   Ал,   мұндай

жоғарыдағы қателіктер, яғни кімнен алғанын көрсетпеу, я ел аузындағы тексті

хатқа түсірерде өзгерістерге ұшырату т.б. секілді ағаттықтардың Мәшһүр-Жүсіп

қолжазбасында мүлдем аз кездесуінің өзі жинаушы еңбегінің ауыз әдебиеті мен

фольклор табиғатын тану үшін де баға жетпес қазына көзі болып қала беретінін

дәлелдесе керек. 

Қорытындылай келе, Мәшһүр-Жүсіп жазбаларын ақтара отырып, тағы бір

мақал-мәтелдерге қатысты  мынадай  деректерге кез  болдық.  Онда: «Мәшһүр-

Жүсіп қолжазбасынан көшірме, 1920 жылы Ә. Диваев экспедициясы жинаған» ,

–  делінген.   Бұған   сүйенсек,   кезінде   Ә.Диваев   ұйымдастырған   экспедиция

мүшелері де фольклорлық үлгілерді жинау кезінде Мәшһүр-Жүсіп  қолжазбаларын

пайдаланғанға   ұқсайды,   және   де   ол   нұсқаларды   кімнен   алғандығын   жазып

кеткен. Енді бірде аты жойылып кеткен Қатаған жұрты туралы да: «Қатаған

ханы Тұрсын, қай неткенді ант ұрсын» – деген мақал сонан қалды деседі. Сонан

соң   Қатаған   деген   жоғалды.   Бірі  –  жарымды   қалғаны   болса,   Қаңлы-

Шанышқылыға   соңды   кетіп,   сонан   қалған   елден   қалыпты   деп   айтылады»  –

деген   дерегін   келтіреді.   Яғни   Еңсегей   бойлы   Ер   Есімге   опасыздық   жасаған

Қатаған ханы Тұрсынның, елімен бірге тарих алаңынан із-түссіз жоғалғандығы

сөз болады. 

21


2   Қазақ   мақал-мәтелдерінің   жиналу,   жариялану   жағдайы   және

Мәшһүр-Жүсіп

2. 1 Қазақ мақал-мәтелдерінің жариялануы

Қазақ   мақал-мәтелдерінің   жиналу,   жариялану   жағдайы   «Қазақ

фольклористикасы» атты еңбекте былайша берілген: «Қазақ мақал-мәтелдері –

ертек, аңыз-әңгіме, батырлық-ғашықтық  жырлар, қара өлеңдер секілді халық

шығармаларымен қатар жасап келе жатқан көне  жанр.  Олай дейтініміз  XII  –

XIII  ғасырлардан   сақталған  сирек   жазба   деректерде  мақал-мәтелдерді

кездестіруге   болады.   Мәселен,   Орхон   жазуларында:   «Жырақ   болса   жаман

сыйлық   берер,   жақын   болса   жақсы   сыйлық   берер»,   «Бастыны   еңкейткен,

тізеліні бүктірген» («Күлтегіннен»), «Жұқаны таптау оңай, жіңішкені үзу оңай»,

«Өлімнен ұят күшті» («Тоныкөктен») – деген мақал-мәтелдерді кездестіреміз.

Ал   Махмут   Қашқаридің  «Дивайни  луғат-ат   түрік»   сөздігінен:   «Ұлы   болсаң

кішік бол, халық үшін бәлік бол». «Кісі аласы ішінде, жылқы аласы сыртында»,

«Тай  ат болса  –  ат тынар, ұл ер болса  –  ата  тынар»  –  дейтін мақалдарды, ал

«Құдатғу   біліктен».  «Біліп   сөйлеген   білікке   саналар,   білімсіз   сөз   өз   басын

жояр», «Ауыздан бірде  от, бірде су шығар, бірі жанса, бірі сөндірер» – дейтін

мақал-мәтелдерді оқимыз.

Алайда, ертедегі құлпы тастарда, сирек кітаптарда жазылып қалған бірен-

сарандары болмаса, қазақ мақалдары мен мәтелдері, негізінде, халық жадында

ауызша айтылып сақталған. Оларды жинап, жазып қағаз бетіне түсіру, баспасөз

арқылы жариялау XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады.

Қазақтың  мақал-мәтелдерін алғаш  қағаз  бетіне түсірген  ғалым  –  Шоқан

Уәлиханов. Ш. Ш. Уәлиханов  пен Л. И.  Березин архивтерінде  XIX  ғасырдың

елуінші жылдарында ел аузынан жазып алынған екі жүзден  аса  мақал-мәтел

сакталған. Солардың ішінде күні бүгінге дейін құнын жоймаған «Ақыл – дария,

көңіл  –  дүлдүл», «Тотықұс бойын көріп сырланады, аяғын  көріп  қорланады»

деген сияқты ондаған мақал  бар. Сол  уақыттан бері қазақ мақал-мәтелдері әр

түрлі   ведомостілерде,   жинақтарда,   хрестоматияларда   жазылып   жарияланып

келді. Қазақ фольклорының басқа түрлерімен бірге (кейде дербес) оны жинап

жариялаушылар:  Ш.  Ибрагимов,  М. Терентьев, Ы. Алтынсарин,  Я. Лютшь, Ф.

Плотников, Н. И. Гродеков, А. А. Васильев, П. М. Мелиоранский, А. А. Диваев,

Н. Ф. Катанов, Н. Н. Пантусов, В. В. Катаринский т.б. болды.

Қазақ ауыз әдебиетінің нұсқалары, соның ішінде мақал-мәтелдер жарияланған

революцияға   дейінгі   әдебиетте   Орынборда  1879  жылы   шыққан,  1906  жылы

толықтырылып қайта басылған Ыбырай Алтынсарин хрестоматиясының алатын

орны ерекше.

Хрестоматияда   қазақ   мақал-мәтелдерінің   ең   таңдаулылары   іріктеліп

жарияланған және адам туралы, әйел, бала, ата-ана мен туыстар, оқу-білім, еңбек,

қайырымдылық  пен  қайырымсыздық,   байлық  пен   кедейлік,   достық,   және

денсаулық  деп  он  шақты  тақырыпқа   бөліп,  жүйелеп  түзілген.  «Әлі  қараңғы,

бірақ, аздырғыш элементтердің ешқайсысына азбаған және пайдалы нәрсенің

22


бәрін  қабылдауға  қабілетті  туған  еліңе шама  келгенше  пайдалы  үлес  қосу  –

біздің   әрқайсымыздың   борышымыз»   деп   өзі   айтқандай   ұлы   ұстаз  Ыбырай

Алтынсарин тек  оқу-ағарту ісіне емес, сонымен қатар халық мұрасын іріктеп,

сұрыптап, реттеп жариялауға да үлкен үлес қосты.

Сол сияқты В.Катаринскийдің  Орынборда 1899 жылы «Памятная книжка

Тургайской области на 1899 год» дейтін кітапта жарияланған қазақ мақалдарының

жинағын  да   атай  кеткен   жөн.   Бұл   жинақта   оған   дейін   жарық   көрген   қазақ,

мақалдары   мен   мәтелдері   жинақталған  –  бір   мың  бес  жүздей   мақал-мәтел

жарияланған.

Халықтың   нұсқалары   таңдап   алынып,   тақырыптық  принцип  бойынша

түзілген бұл екі басылым қазақ мақал-мәтелдерінің кейінгі жинақтарына үлгі

болды, жол ашты.

Жоғарыда аталған Шығыс мәдениетін зерттеушілер бастаған  жинақтардың

бір артықшылығы – оларда мақал-мәтелдер ел арасында қалай айтылса, ешбір

өңдеусіз,   өзгертусіз   сол   қалпында   жазып   алынған  да,  іріктеп-сұрыптап

жарияланған,   көне,   бөгде   сөздерге   түсініктер   және   қазақша   текстімен   қатар

орысша аудармасы берілген. Сонсын, жинақтарда қай жерден жазып алынғаны

көрсетіліп, әр уездің мақал-мәтелдері бөлек топталған.

Жазуы мен баспа сөзі кенжелеп дамыған халықтардың  тілін, тұрмысын,

салтын, кәсібін т.б. зерттеп білу үшін құрылысы ерте қалыптасқан мақал-мәтел

сияқты ескі әдеби мұраны өзгертпей, өз қалпында жазып жариялаудың және

материалдың   қайдан,   қашан,   кімнен   жазып   алынғанын   көрсетіп   отырудың

ғылыми   мәні   үлкен.   Оның   үстіне   әдеби   нұсқаны   қазақ   тілінде   жариялаумен

қатар, орысша аудармасын беру де жинақтардың құнын арттыра түскен.

Алайда   революцияға   дейінгі   халық   шығармасын   жинаушы,

жариялаушылардың   осындай   игілікті   істерінде   кейбір   кемшіліктер   де   орын

алған.  Атап айтқанда, ауыз әдебиеті нұсқаларын  жаттап, сақтап келген  және

жаздырған   әңгімешілер   мен   жыршылардың   аты-жөндері   аталмаған,   айтушы,

жаздырушылар   жөнінде   ешқандай   дерек,   мәлімет   берілмеген.   Тағы   бір

кемшілік, аталған жинақтардың көбінде мақал-мәтелдің шығу тарихын, әдеби

мәнін түсіндіргендей жарытымды түсініктер, алғы сөздер жазылмаған.

Ұлы  Октябрь  социалистік революциясынан кейін  ғана  қазақ фольклорының

басқа түрлері сияқты мақал-мәтелдер де ұқыпты жиналып, молынан жариялана

бастады.


Ташкентте  1927  жылы   «Қазақ   мақалдары»   (құрастырушы   Әбубәкір

Диваев),   Алматыда  1935   жылы  «Қазақтың   мақалдары   мен   мәтелдері»

(құрастырушы Өтебай Тұрманжанов), 1950 жылы «Қазақтың мақал-мәтелдері»

(құрастырушы Балым Ақмұқанова) атты жинақтар басылды. Содан бері мақал-

мәтел нұсқалары мезгіл-мезгіл қайталап, толықтырылып басылып келеді.

Мақал-мәтелдердің   революциядан   бергі   басылымдарына   тән  ерекшеліктер

бұларда материалдар идеялық мазмұнына, көркемдік кұндылығына қарай елеп-

екшеп алынған, тақырыптық принциппен жүйелеп берілген. Барлығында дерлік

түсіндірме, алғы сөздер бар.

23


Бұл   жерде   қазақ   ауыз   әдебиетінің   жанашыры   жазушы   Өтебай

Тұрманжановтың   еңбегін   ерекше   атау   ләзім.   Ол   ескілі-жаңалы   газет-

журналдарда,   жинақ   кітапшаларда   бұрын-соңды   жарияланған,   әдеби-тарихи

архивтерде   қолжазба   күйінде   жатқан   және   ел   аузынан   өзі   жинаған   қазақ

мақалдары   мен   мәтелдерін   іріктеп-сұрыптап,   белгілі   жүйеге   салып,   үнемі

толықтырып   жариялап   келеді.   Ө.Тұрманжанов   құрастырған   мақалдар   мен

мәтелдер   жинақтары  

1!

идеялық   және   көркемдік   жағынан   таңдап   алынуымен,



тақырыбы   мен   мазмұнына  карай  жүйелеп   берілуімен,   басқа   жинақтарға

қарағанда әлде қайда толықтығымен дараланады.

Дегенмен бұл жинақтарда да қазақ мақал-мәтелдері түгел қамтылды деуге

болмайды.  Құрастырушылар,  көбіне,  өздерінен   бұрынғы  жарияланған  мақал-

мәтел   нұсқаларын   іріктеп,   кейде   өңдеп,өзгертіп   жариялаумен   қанағаттанған.

Тағы  да  бір   байқалатын   кемшілік  –  соңғы   жариялаушылар   алдыңғы

жинаушыларды,   жинақтарды   үнемі   атап   отырмайды;   немесе   жинаққа   кірген

материалдар қайдан алынып, қалай жиналғаны да көрсетілмейді.

Жоғарыда аталған жинақтарда берілген түсінік дәрежесіндегі бірен-саран

шағын   алғыс   сөздерде,   жалпы   ауыз   әдебиеті   жайында   жазылған   шолу

мақалаларда айтылғаны болмаса, қазақ мақал-мәтелдері қырқыншы жылдарға

дейін арнайы сөз болып зерттелген емес.

Рас,  Мұхтар   Әуезовтің  1927  жылғы   «Әдебиет   тарихында»,   Сәкен

Сейфуллинің  1932  жылғы   «Қазақ   әдебиеті»   атты   кітабында   мақал-мәтелдер

қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы ретінде аталып, топтап мысалдар келтіріледі.

Мұнда С.Сейфуллин мақал-мәтелдерді шешендік сөздердің бір саласы, жалғасы

ретінде   қарайды.   Мақал-мәтел   көшпелі   елдің   тұрмысынан   туып,   сол   халық

өмірінің барлық, саласын қамтитынын, бейнелейтінін көрсете келіп, зерттеуші

жалпы ауыз  әдебиетіне ортақ бір ой тастайды. «Ауыз әдебиетінің қай бөлімі

болса  да,  –  дейді   Сәкен,  сол   заманның   тұрмысының   қандай   болғанын,   сол

тұрмыстың әсерімен ол тұрмысқа ұсап туған  сана, қандай сөз, қандай әдебиет

болғанын   көрсетеді.   «Заманына   қарай   күлкісі,   тауына   қарай   түлкісі»,

«Сабасына  карай  піспегі,   мұртына   қарай   іскегі»   деген   ерекше   сөздер  –  әр

заманның тілі, көркем сөзі, әдебиеті сол заманның салт-санасына, сол заманның

тұрмысына,   ол   заман    тұрмысынан   туған   мұратына   ұсай   туды   деген   сөзді

қуаттайды»

Демек, әдеби мұра оны тудырған уақытпен, қоғам мүддесімен, мұратымен

тығыз байланыста қаралып, бағалануға тиіс.

Мұхтар   Әуезов  1940  жылдардың   басында   жазылған   «Қазақ   халқының

эпосы   мен   фольклоры»   дейтін   зерттеуінде   қазақтың   мақалдары   мен

мәтелдерінің тұлғасы өлең түрінде жасалатын, мазмұны халықтың негізгі кәсібі

малшылықпен   байланысты   болатын   екі   ерекшелігіне   назар   аударған.   Оның

көркемдік,   бейнелілік   қасиеттеріне   мысалдар   келтіре  отырып,   автор   одан

мынандай   қорытынды   жасайды:   «Мақал-мәтелдердің   молдығы,   олардың

тамаша поэтикалық формасы, шебер түрде берілген терең, тіпті философиялық,

мән-мағынасы –  осындай тамаша үздік шығармалар тудырған қазақ халқының

24


өзінің   де   асқан   ақындық   дарынының,   оның   сарқылмас   даналығының   анық,

айғағы».


Алайда   қазақ  совет  фольклористикасының   негізін   салушылар   мақал-

мәтелдердің   кейбір   ерекшеліктерін   анықтап,   оған   жоғары   баға   бергенмен,

олардың жанрлық табиғатына тоқталмайды.

Қазақ, мақал-мәтелдерінің зерттелуі шын мағынасында «Қазақ, әдебиетінің

тарихында»    басылған   Белгібай   Шалабаевтың   «Мақал-мәтел»   атты   ғылыми

очеркінен   басталады.   Онда   зерттеуші   қазақ   мақал-мәтелдерін   малшылық,

аңшылық және егіншілік секілді негізгі тақырыптарға бөліп талдайды. Олардың

тәрбиелік, білім берерлік мәніне, қызметіне көңіл бөледі. Мақал мен мәтелдің

жанрлық   ерекшеліктеріне   тоқ-талып,   әрқайсысына   тиісті   анықтама   береді.

«Мақал   дегеніміз,  –  дейді   Б.Шалабаев,  –  тағлым   берерлік,   ырғағы  бар,

тәжірибеде көп колданылатын бейнелі, қысқа, нақыл сөйлем. Мәтел дегеніміз

де   өнеге   берерлік   бейнелі,   ырғағы  бар  сөйлем.   Мұның   мақалдан

айырмашылығы  –  мағынасы   ашық,   болмай,   ишарамен   аятылатындығы,

сөйлемнің толымсыз болып келуі». Алайда  автор  мақал-мәтелдің шығу,  даму

тарихына,  жиналып жариялану жайына назар аудармаған. Жанрдың өзіне тән

ерекшеліктерін,  өзге  жанрлармен қарым-қатынасын толық ашпаған» [15, 56, 6

б.]. 

Аталған жанрды жан-жақты талдап зерттеген  ғалым  –  Мәлік Ғабдуллин



дейді Қадыр Мырзалиев «М.Ғабдуллин «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» дейтін

жоғары оқу орындарына арналған оқулығында мақал-мәтелдерді жұмбақтармен

бірге   дербес   тарау   етіп   қарастырады.   Зерттеуші,   ең   алдымен,   қазақ   мақал-

мәтелдерін жинап бастырушыларды ілтипатпен атай келіп, сөз болып отырған

жанрдың   табиғатын,   әдеби-әлеуметтік   мәнін   анықтайды.   «Ең  алдымен,

әдебиеттік   жа-ғынан   алғанда,   мақал  –  үлкен   толғау,  образ  арқылы   берілген

логикалық   ой   қорытындысы   болып   келеді,  дейді   М.   Ғабдуллин.  –  Ол   адам

өмірінде,   тұрмыс-тіршілікте,   қоғамдық   жағдайларда   кездесетін   әр   түрлі

құбылыстарға, тарихи мәні бар уақиғаларға берілген даналық баға, тұжырымды

түйін   есебінде   қолданылады.   М.Горькийдің   «Мақал   мен   мәтел   еңбекші

халықтың тарихын, әлеуметтің барлық өмір тәжірибелерін үлгілі, қысқа түрде

айтып береді» деуі осыдан.

Еңбекте халықтың малшылық, аңшылық, диқаншылық кәсіптерін  көрсететін

мақал-мәтелдерден  мысалдар  келтіре   отырып,   олардың   өмір   танытқыштық

мәні, қызметі аты, анықталған.

Фольклордың   басқа   түрлері   сияқты   мақал-мәтелдер  –  халық   оқулығы

өсиеті. Олар жастарды жақсы мінез-құлыққа мегзейді, жамандықтан сақтандырады.

Ең алдымен адалдыққа, қайырымдылыққа, ерлікке,  ұйымшылдыққа  шақырады,

еңбекке баулиды. Биік адамгершілікті насихаттай  отырып,  оған қарама-қарсы

арамдық, қараулық, ұрлық, өтірік, жалқаулық секілді жарамсыз мінез-құлықтар

сыналады, мансұқталады.

Халық, қоғам  –  кең ұғым. Тапты қоғамда  бай мен  жарлы, қанаушы мен

қаналушы қатар өмір сүреді. Халық тұрмысының айнасы мақал-мәтелдерде осы

қоғамдық   топтардың,   таптардың   арасындағы   қайшылықтар,   тартыстар

25


бейнеленеді. Байлар: «Құм жиылып тас болмас, құл жиылып бас болмас», – деп

кедейлерді кемсітсе, кедейлер: «Аузы қисық болса  да бай баласы сөйлесін» –,

деп   байларды  кекетеді.   М.   Ғабдуллиннің   монографиялық   еңбегінде   осының

барлығы  мол мысалдармен дәлелденген.  Автор  өзінің педагогикалық ой-пікірі

лайық   парасаттылықты,   білімділікті,   саналылықты  уағыздайды;   өнер-білімге,

ерлік-еңбекке, бірлік-ұйымшылдыққа тәрбиелейтін мақал-мәтелдерді  түсіндіруге,

насихаттауға   ерекше   көңіл   бөлген,   мақал-мәтелдердің   эстетикалық   мәнін,

маңызын ашып, айқындап берген. 

С  Нұрышевтың «қазақтың халық мақалдарының  даму тарихынан»  деген

атпен  1959  жылы   көркем  әдебиет   баспасынан   шыққан   кітапшасынан  да  бұл

мәселе   шешімін  таппады,  жанр  сыры  ашылмады.   Автор  кітапшасында   қазақ

мақал-мәтелдерінің   көнелігі,   көптігі;   халықтың   тұрмысымен,   кәсібімен

байланыстылығы туралы белгілі жайттарды қайталаумен канағаттанған. Қазақ

мақалдарын   «Россияға   қосылғанға   дейінгі»,   «Қосылғаннан   кейінгі»   деп

жасанды   түрде   екіге   бөліп,   малшылық   жөніндегі   мақалдар   байырғы,   ал

егіншілікті көрсететін мақалдар Россияға қосылғаннан кейін пайда болған деген

секілді ұшқары пікірлер айтқан да, сол жаңсақ пікірін дәлелдеуге тырысқан.

Мақалдар мен мәтелдер  – мағынасы  да, формасы да әлдеқашан қалыптасқан,

өзгеріске онша  тез  ұшырамайтын тұрақты  жанр.  Фольклорлық мұраның  даму

дәуірін белгілегенде бұл ерекшеліктерді елемеуге, ескермеуге болмайды.

Қазақ,   ауыз  әдебиетін   зерттеу,   жариялау   ісінде   соңғы  он   бес-жиырма

жылда елеулі жұмыстар істелді.

М.О.Әуезовтың басшылығымен қазақ әдебиетінің фольклоры тарихының

бірінші   кітабы   жазылды.   Бұл   еңбекте   әрбір  жанр   бойынша  бұрын-соңды

айтылған,   жазылған   зерттеулер   жинақталған,   қорытылған,   соның   ішінде

мақалдар мен мәтелдердің (авторлары  3.Ахметов, Б.Ақмұқанова) мәні, халық

тұрмысымен   тығыз   байланыстылығы   дұрыс   баяндалған,   соны   пікірлер

айтылған.

Қазақ  совет   ауыз  әдебиеті   дәуіріне   арналған   екінші   кітапта  (редакторы

М.Қаратаев)   Б.Ақмұқанова  совет  дәуірінде   туған   жаңа   мақалдар   мен

мәтелдерден көптеген мысалдар келтіре отырып талдау жасаған. Алайда қазақ

мақалдары мен мәтелдері туралы әдебиет тарихы үшін жазылған соңғы  очерк

бола  тұр»   мұнда   жаңа   мақал-мәтелдердің   шығу,   қалыптасу   жайы,   әдеби-

поэтикалық ерекшеліктері ашылмайды;

тектес   жанрлармен   байланысы,

 көршілес   халықтардың   мақал-

мәтелдерімен қарым-қатынасы анықталмайды.

Қазақ   мақал-мәтелдерін   соңғы   жылдары   арнайы   зерттеген   ғалымдардың

бірі  –  Рахметолла   Сәрсенбаев   ол  өзінің  «Қазақ   мақалдары   мен   мәтелдерінің

лексика-стилистикалық ерекшеліктері»  дейтін  кандидаттық;  диссертациясында

мақал мен мәтелдердің құрылымын,  лексикасын,  стилистикасын қарастырған,

талдау жасаған; жасалу жолдарын, формасы мен мазмұнын, жақын жанрлармен

ара  қатынасын   кеңінен   сөз   қылған.  Автор  орыс   мақал-мәтелдерін   қазақшаға

аудару тәсілдеріне де тоқталып бұл жайындағы тәжірибелеріміз бен қол жеткен

табыстарымызды   көрсетіп,   сонымен   байланыста   өзінің   ой-пікірлерін   ортаға

26


салған.   Солай   болғанмен   де   тілші   ғалым   мақалдардың   тарихына,   көркемдік

ерекшеліктеріне, атқаратын қызметіне тоқталмаған.

Соңғы он жылда дидактикалық шағын жанрларға әдебиет қауымы көбірек

назар   аудара   бастады.   Жанрлар   табиғатын   танытатын,   әдеби   қорымызды

байытатын аударма жинақтар,  зерттеулер жарық  көрді. Солардың ішінде ақын

М.Әлімбаевтың   «Өрнекті   сөз   –  ортақ   қазына»  атты   еңбегі   мақал-мәтелдерге

және  аударма  мәселесіне   арналған.   Еңбекте   қазақ   мақал-мәтелдерінің   шығу

тарихы, өмір танытқыштық, мәні, қолданылуы және жаңа мақалдардың жасалу

жолдары   жайында  автор   өз  ойларын,   басқа   тілден  қазақ,  тіліне   мақал-мәтел

аударудағы өз тәжірибелерін ұсынған [16, 25-36.б.] – дейді.

Сайып   келгенде,   мақал-мәтелдердің   сөз   өнерінде   алатын   орны   ерекше.

Мақал-мәтел   –  бейнелі   сөз,   тапқырлық,   даналық   сөз.   Мақал-мәтел   –  көлемі

нұсқа, тілі ұста, құрылысы тұрақты сөйлем. Сондықтан  да ол  жаттауға, есте

сақтауға,   керекті   кезінде   қынаптан   қылыш   суырғандай   жаңғыртуға,

пайдалануға оңтайлы.

Мақал-мәтел   –  халықтың  көп  жылдың,  сан  ғасырлық  көрген-білгенінен,

бастан кешкенінен қорытқан ақыл-ойының жиынтығы, анықтамасы; табиғатта,

өмірде   үнемі   болып,   қайталап   тұратын   уақиғалармен,   құбылыстармен

байланысты туған тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні. 

Халық  поэзиясы үлгілерін, оның ішінде мақал-мәтелдерді Мәшһүр-Жүсіп

Көпеевтің   ерінбей   ұзақ   жинағаны   мәлім.   Фольклордың   басқа   жанрларына

қарағанда,  мақал-мәтелдерді  жинаумен айналысу фольклорист-ғалымнан ұзақ

уақытпен қажымас ізденуді қажет ететіні белгілі. Себебі мақал-мәтелдер дайын

күйінде   жеке   дара   кездеспейді.   Оларды   айтушының   не   ауызекі   сөзінен,   не

қолжазбалар   ішінен,   туындылар   арасынан   іздеп   табу   арқылы   қағазға   түсіру

керектігі аян.

Қорытынды шығара отыра, «Қазақ мақал-мәтелдері» деген атпен шыққан

кітаптардың бірде-бірінде материалдардың басым көпшілігі Мәшһүр-Жүсіптен

алғаны   еш  көрсетілмей  келгенін  үлкен   қынжылыспен  атап  айтқымыз  келеді.

Н.Қуандықұлының   зерттеуінше:   «Қазақстан   Республикасы   Ұлттық   Ғылым

Академиясында орталық қолжазбалар қорында Мәшһүр-Жүсіп жинаған көлемі

бір кітап боларлық мақал-мәтел топтамасының 1930-жылдардың басынан бері

сақталып келе жатқаны белгілі.Сондай-ақ, мақал-мәтелдердің басқа да үлгілері

«әулеттік архивте» сақталуда. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет