А. О. Тымболова драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы Алматы, 2013 А. О. Тымболова драмалық шығармаларды лингвистикалық поэтикасы



бет11/95
Дата06.10.2023
өлшемі1,66 Mb.
#113256
түріМонография
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   95
Қарабай. Уа, мен Қарабаймын!.. Қара емен майыспаса, Қарабай қайыспас! Біліп қойыңдар мұны!.. (Төбеге келіп отырады.) Уһ!.. Қажытар болар ма қатын-бала! Қашан ғана қыз бер деп сұрап ем сенен? Не өңімде, не түсімде шықты ма екен аузымнан! Шықпаған-ақ шығар!.. Жіпсіз тұсадың да қойдың Қарабайды!.. (Үйден Жантық шығады.) Уа, бас аяғыңды! Қарабайдың басына күн туғасын, сенің де аяғың ауырлайын деген екен, мұндар!
Қарабай. Мына қан жауғырдан қашып құтылатын болам-ау!.. Аюға намаз үйреткен таяқ екенін тағы бір көрсетер ем көзіңе, күледі-ау жұрты құрғырдың жұрты!
Қарабай. Қан жауғыр, өңімде болса, нем қалатын еді, түсімде-дағы!
Қарабай. О, жағың қарыссын, жағың қарысқыр!
Міне, пьеса тілінде драматург кейіпкерлердің өздерін сөйлетіп, кімнің кім екенін көрсетеді. Шағын штрихтар арқылы кейіпкердің бейнесін дәл бейнелейді.
Сондай-ақ, суреткер ойды әсерлі етіп, түсінікті, жатық беруде қайталама тәсілін өте белсенді қолданып отырады. Қайталамалар көріктеуіш, анықтауыш, әсерлеуіш құрал ретінде шығармаға өзгеше реңк береді. Мысалы:
Қарабай. Енді қайда деп ең? Әттең, артына ғана мінгестіріп жібермес пе ем, қызы құрғырды алып қана, жеті қабат жердің астына түсіп қана, қарасы өшкірдің қарасы өшіп қана кететін біреу табыла қалса!.. А, құдай, жан деп жаратсаң, бер осы тілегімді!.. (11 б.)
Мұндағы ғана (қана) шылауының қайталанып берілуінен кейіпкердің кіжінісін, жалғыз қызын жақсыға қимаған қарабайлығын көруге болады. Келесі мысалда да драматург ойды нақтылау үшін Баянның деп келдім сөзін бес алты-рет қайталап береді. Бұл тәсіл (қайталама) сөз салмағын нығарлап жеткізуде, ойдың логикалық түйінін күшейту үшін қолданылған:
Баян. Ал, ардақты аға, құрбы-замандастар! Көп қалады дегесін, алдарыңа келдім... Әлсізді жақтар, әділдікті арашалар деп келдім... Түсінер, жарға жықпас, Баянның жүрегіне дақ салмас деп келдім... Жаныңды ақтар, жүрегіңді ортаға сал демес деп келдім... Заманы бір, тілеуі бір тең құрбы зорлық етпес, көкпарға түс деп қолқаламас деп келдім... Өз басын өзіне билетер деп келдім... (Жігіттер жауап қайтара алмай қалады.) (16 б.)
Драма тілін зерттеуде диалогтар мен монологтарда қолданылатын сөздердің жасырын жатқан көркемдік (стильдік) жүгіне баса назар аудару қажет. Сондай стилдік амалдардың бірі – кейіпкер тіліндегі одағайлар болып табылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет