208
Алынған сандарды осы үш геннің локусымен салыстырамыз,
бұлар
тіркесудің екінші тобында орналасқан. Гендердің локусы b-48,5; cn-57,5; vg-
67,0. Демек,
b және
cn гендерінің арасындағы кроссинговер орташа есеппен
9%-ды құрайды (біздің мысалда 8,4%),
cn және
vg гендердің аралығы 9-10%
болуы мүмкін (біздегі будандастыруда 11,6%),
b және
vg гендерінің арасы
18,5% құрайды (бізде -20%).
2.12 сурет. Дрозофила шыбының талдаушы будандастырудағы үш тіркескен
белгілерінің тұқым қуалауы.
Гендерді белгілеп көрсету: 1) көздің түсі сп
+
– қызыл,
сп
– киноварлы; 2) денесінің түсі: b
+
– сұр, b – қара; 3) қанаты vg
+
– қалыпты, vg –
жетілмеген. F
b
тек қана аталықтары көрсетілген. Аналықтарында тура сондай
генотиптер мен фенотиптер.
Сонымен, біздің тәжірибелердің нәтижесі мен теориялық күтілген
бойынша тура келеді. Аздаған айырмашылықтарды әр түрлі
себептермен
түсіндіруге болады: кейбір фенотиптік кластардағы шыбындардың өлуінен,
шыбындардың кеш жарылып шығуынан және т.б.