А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы



Pdf көрінісі
бет137/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   159
ТЕРМИНДЕР СӨЗДІГІ 
«Адам геномы» жобасы – халықаралық ғылыми зерттеу консорциумы, 
оның мақсаты адамның бүкіл геномының генетикалық, физиологиялық 
картасын жасап секвенирлеу. Жобаға Ресей және 50 ел қатыстырылған. 1 
сантиморганнан кіші көлемде бейнеленген геномның дәлме–дәл генетикалық 
картасы жасалды. Адам ДНҚ молекуласының жалпы ұзындығы 3,3 х 10
9
н.ж. 
деген қортындыға келді.  
Амбер-кодон. УАГ триплеті, ақуыз синтезінің терминациясын ескертетін, 
үш мәнсіз кодондардың бірі. 
Амбер-мутация. Бүкіл ДНҚ молекуласындағы өзгерістерде амин 
қышқылдарын
кодтайтын, мәнді триплеттердің орнына амбер-кодондардың көрінулері. 
Амбер-супрессорлар. УАГ кодонын танитын тРНҚ өзгертілген 
антикодондарын кодтайтын мутантты гендер. Кейбір жағдайларда бастапқы 
кодонды танитын қабілеттігі сақталады. 
Аминоацил-тРНҚ- синтетазалар. Амин қышқылдарын тРНҚ немесе 
ОН
-
ұштарына ковалентті байланыстыратын ферменттер. 
Антикодондар. тРНҚ молекуласының құрамында нақты және арнайы 
орындарда тұратын триплеттер. хРНҚ (иРНҚ) кодондарымен немесе 
антикодондарымен комплементарлы байланыстарға түседі. 
Аттенуация. Кейбір бактериялардың оперондарын экспрессиялаудағы 
транскрипцияның термацинация деңгейінде реттелуі. 
Аттенуатор. Аттенуация жүретін терминаторлық кезектестіктер. 
АР-эндонуклеазалар. ДНҚ молекуласындағы апуриндік немесе 
апиримидиндік бөліктерді кесуде 5
1
-ұштарды шығаратын ферменттер. 
att- сайттарыФаг және бактерия хромосомаларының бөліктері. Олардың 
рекомбинациясы интеграциялануға немесе фагты шығаруға соқтырады. 
Ақуыз-репрессорДНҚ немесе РНҚ операторымен байланысатын реттеуші 
ақуыз. Ол траскрипцияның немесе трансляцияның басталуын тоқтатады.. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет