Аминоацил – тРНК синтетаза аминқышқыл 2 немесе 3 ОН-тен тРНҚ –
ға дейін ковалентті байланысқан ферменттер.
Бактериофагтер (фагтер). Бактерияларды инфекциялайтын вирустар. Бактерияға бөгде ДНҚ фрагменттерін тасымалдау үшін арналған векторлар
ретінде генетикалық инженерияда қолданылады.
Будандастыру. РНҚ және ДНҚ комплементарлы тізбектерінің өзара
әрекеттесу процестерінің нәтижесінде, екі тізбекті РНҚ - ДНҚ буданның
құрылуы.
Биогентикалық заң – онтогенздік даму кезеңдерінің филогенездерін
қайталайтындығын көрсететін заңдылық.
Биотехнология - әр түрлі мақсатта қолдануға болатын препараттар мен
жаңа өнім түрлерін өндіруді интенсификациялау мен алу мақсатында
өсімдіктер мен жануарлардың, жасуша дақылдарының, микроағзалардың
генетикалық транформациялануын қолдана отырып жасау технологиясы мен
жасушалық әдістері жайлы ғылым. Тарихи даму жағынан - биотехнология
молекулалық генетиканың бір бағыты болып саналады.
Бенд (bands) – боялған соң микроскопта жарықпен немесе
люминисцентпен көрінетін хромосомадағы жолақ.
Бір нуклеотидті полиморфизм (SNP) – ДНҚ белгілі бір нуклеотидінің
жалғыз өзінің ғана өгеруімен байланысты полиморфизм.
Бірінші реттік транскрипт (РНҚ – ізашар, пре–мРНҚ) –
транцкрипциялық
бірлікке
сәйкес
РНҚ
бастапқы
синтезделген,
модификацияланбаған молекуласы.
Вариация – ағзалардың белгілі бір жиынтығын құрайтын бірліктердің
арасындағы модификациялық немесе фенотиптік айырмашылық.
Нұсқа - өзгермелі белгінің жеке сандық мәні.
215
Вариациялық қатар – зерттелетін белгінің мәндеріне сәйкес кластарға
үлестірімі. Белгінің сипатамаларын анықтау үшін құрастырылады.