Вектор – бөтен ДНҚ бөлігін тасымалдауға арналған құрал (фаг, плазмида,
космида және т.б).
Вектор сиымдылығы – осы векторда өркендетуге болатын рекомбинантты
ДНҚ максимальды көлемі. Мысалы, фагтың лямбдасы 24 мың н.ж.
Вирион– вирустың ұсақ бөлігі, вирустың жасушадан тыс формасы. ДНҚ
немесе РНҚ және ақуыздық қабықшадан (капсид) ие өзекшеден (нукеоид)
тұратын
қарапайым
вирустардың
вириондары
(аденовирустар,
пикорнавирустар).
Вироид - өзіне тән байланысы бар РНҚ майда бір жасушалы сақиналы
(200-400 нуклеотидтер) облигатты сақина ішілік паразит.
- геномды – тотальды ДНҚ, хромосомадан немесе оның фрагменттерінен,
жасушаның кез – келген типінен бөлінген ДНҚ.
- артық (эгоистік, паразиттік) – кодтау функциясын алып жүруші ДНҚ. - комплементарлы (кДНҚ) - мРНҚ молекулаларын кері транскрипциясы
процесінде алынған бір жіпті ДНҚ. - митохондриальды –митохондрияларда шоғырланған ДНҚ. - плазмидті – плазмидті құрамға кіретін ДНҚ. - рекомбинантты (гибридті) - әр – түрлі көзден алынған фрагменттерден
құралған ДНҚ химерлі молекулалары. Вирустар – тек қана тірі жасушаға ене алатын және көбейетін
табиғаттағы жасушасыз форма. Вирустардың генетикалық ақпараты (ДНҚ
немесе РНҚ) болады. Жасушада орналасқан вирустар синтездеуге және
кодтауға қабілеттілі. Олар генетикалық деңгейдегі жасушаішілік паразит
ретінде қарастырады.
Гамета – жыныс жасушасы. Аталық жыныс жасушасы – сперматозоид, ал
аналық жыныс жасушасы – жұмыртқа деп аталады.
Гаметгенез – жануарлар мен өсімдіктердің жыныс жасушасының түзілу
процесі.
Гаплоид – жануар мен өсімдік жасушасынң ядросындағы сыңар
хромосоманың жиынтығы. Оны басқаша геном деп атйды.