Трисомия – хромосоманың диплоидты жиынтығының өзі үш дана болып
келетін кариотиптік өзгеріс.
Түр – морфологиялық жағынан ұқсас, жалпы генетикалық белгілері бір
және табиғи жағдайда өзара еркін шағылыса алатын даралар тобы.
Фенотип – генотип пен сыртқы орта факторларының әрекеттесуі негізінде
қалыптасатын белгі-қасиеттердің жиынтығы.
Хромосомалар – жасуша ядросындағы нукеопротеидтік жіпшелерден
тұратын құрылым.
Харди-Вайнберг заңы – эволюциялық факторлардың әсері жоқ кезде
панмиксиялық популяцияның генетикалық тұрақтылығы.
Цистрон – тестте комплементация жолымен ерекшеленетін генетикалық
бірлік генге эквивалентті және ДНК бірлігі. Кодтаушы ақуыз.
Цитоплазмалық тұқым қуалау – негізінен цитоплазма органоидтарында
(митохондрия, пластидтер және т.б.) орналасқан гендер арқылы анықталатын
тұқым қуалаушылық. Экзон– РНК –да сақталатын үзілген геннің кез келген жеке фрагменті.
Экзонуклеаза – ДНК немесе РНК-да 5-тен және 3-ке дейінгі қатынасты
түзетін, нуклеотидтен полинуклеотид сақинасына дейінгі ферменттер.
Эксцизді репарациялық жүйе – бірсақиналы бөлікті екі сақиналы ДНК
жояды. Дұрыс орналаспаған жағдайда орнын алмастырып, снтездеп, сол
сақинаға комплементарлы бөлігін қояды.
Эндонуклеаза – полинуклеотидті сақинадағы нуклеин қышқылының
ажыраған бөлігіндегі ферменттер. Бір тізбекті немесе екі тізбекті ДНК-ның
РНК-ға қатысы бар.
Эухроматин – гетерохроматинде ядроның интерфазасындағы генетикалық
материал болып саналады.
Шайн – Дальгарн тізбегі – иницерленуші AUG – кодонның алдында
мРНҚ 5' – ақырында, комплементарлы тізбек 3' – ақырында 16S рРНҚ болатын
AGGAGG полипуринді бөлік немесе толық өзі: мРНҚ мен бірге рибосомаларды
байланыстыруға қатысады.