87
Есеп 3.5. Қалыпты ала жүнді қоянды, толығымен бояуы бар ангор
тұқымдығының аналығымен будандастырғанда, будандардың барлығы
қалыпты ала жүнділер болып шықты.
Алынған будандарды талдаушы
будандастырғанда мынадай ұрпақтар алынды:
52 – ала ангорлар;
288 - толығымен бояулылар;
46 - толығымен боялған қалыпты жүнділер;
314 – ала, қалыпты жүнділер.
Шешімі. Берілген мәліметтерді сараласақ қалыпты жүнділер ангорларға
доминантты, ал ала жүнділер – толық боялғандарға. Жүннің түсінің бояуы мен
қалыптылығы тіркескен, өйткені талдаушы будандастырғанда будандарда
фенотиптік кластардың тұқым қууы түрліше болып шыққан (Мендельдің Ғ
2
9:3:3:1).
Кроссверлі кластарды аз санды көрсеткіштеріне, немесе ата-аналықтарына
қарай оңай ажыратуға болады. Мұнда 52 – ала ангорлар және 46
- толығымен
боялған қалыпты жүнділер. Жұннің түсін және қалыпты жүнділігін шығарушы
гендер арасындағы шамалы қашықтықты, барлық алынған ұрпақ сандарымен,
кроссверлі қояндардың пайыздығын келесі жолмен анықтайды:
52+46
С = -------------------------- = 14%
52 + 288 + 46 + 314
Есеп 3.6. Дальтоник әйел құлағында жүні бар, дальтоник емес ер адамға
тұрмысқа шықты. Отбасында қандай ұрпақтар пайда болуы мүмкін, егер
дальтонизм
рецессивті гені Х-хромосомада, ал жүнді құлақ – Ү-
хромосомасында. Анасы-әкесінің генотиптерін, ұрпақтардың генотипі мен
фенотипін анықтаңдар. Есептің шешу сызбасын салыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: