А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы


және Париж классификациясы (1971)



Pdf көрінісі
бет90/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   159
Байланысты:
Rystenov A.R., Eleygalieva N.J. Genetika praktikymy 2016 (1)

және Париж классификациясы (1971).  
Денвер классификациясы бойынша хромосомалардың үлкенінен 
кішкентайына қарай орналастырып, олардың идиограммасын құрастырады да 
әрқайсысын нөмірлейді, морфологиясына қарай бірнеше топқа бөледі: мұнда 
негізгі көрсеткіш ретінде центромералық индексті (ЦИ) пайдаланады. 
Центромералық индекс дегеніміз – хромосоманың қысқа иіні ұзындығының 
бүкіл хромосома ұзындығына ара қатынасы (%) болып табылады: 
А тобы: 1-2-3 хромосомалар; ең ірі метацентрлі хромосомалар, (ЦИ=38-49); 
В тобы: 4-5; ірі субметацентрлі хромосомалар, (ЦИ=24-30); 
С тобы: 6-12; орташа субметацентрлі хромосомалар, (ЦИ=27-35); 
Д тобы: 13-15; орташа акроцентрлі хромосомалар, (ЦИ=15); 
Е тобы: 16-18; ұсақ субметацентрлі хромосомалар, (ЦИ=26-40); 
Ғ тобы: 19-20; ең ұсақ метацентрлі хромосомалар, (ЦИ=36-46); 
G тобы: 21-22; ең ұсақ акроцентрлі хромосмалар, (ЦИ=13-23); 
Х хромосома – орташа субметацентрлі (С тобы) хромосома. У хромосома – 
ең ұсақ акроцентрлі (G тобы) хромосомалары болып табылады. 
Денвер жіктеуінің кемшілігіне бір топқа жататын хромосомаларды 
ажыратудың қиындығы жатады. 
Париж классификациясы (1971) хромосомалардың таңдамалы боялуына 
байланысты жүргізіледі. (54-ші сурет). Ол үшін хромосомаларды түрліше 
бояулармен бояйды (G. R. S).
Сондықтан әр түрлі (гомологтік емес) хромосомалар түрліше боялады, ал 
гомологтік хромосомалар бірдей боялады, сондықтан хромосомалардың 
гомологтік жұптарын табу жеңілдейді.


131 
54 сурет. Кейбір белгілер арасындағы айырмашылықтар 
Сонымен қатар, бұл классификация бойынша хромосомалардағы нақтылы 
локустарды ажыратып белгілеуге, хромосома картасын жасауға болады. Ол 
үшін, кейбір символдарды пайдаланады, мысалы: хромосоманың қысқа иінін р, 
ұзын иінін q әрпімен белгілейді. Боялу интенсивтігіне қарай хромосоманың 
әрбір иінін центромерадан теломераға қарай аудандарға, ал аудандарды 
сегменттерге бөледі де араб сандарымен белгілейді. Мысалы, Ір 22 
хромосоманың қысқа иінінің 2 ауданындағы 2 сегмент дегенді білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет