128
Астыңғы ерін
Жалпақ шығыңқы
Қалыпты
Тері қалыңдығы
Қалың
Жұқа
Терінің түсі
Қара торы
Ақшыл
Терінің сепкілдігі
Байқалады
Байқалмайды
Бойының ұзындығы
Қалыпты
Қалыпты аласа немесе
пропорционалды аласа
Диспропоционалды
Қалыпты
Қолдың басымдылығы
Оңқайлылық
Солақайлылық
Қолдың құрылысы
Полидактилия
Қалыпты
Тырнақ құрылысы
Жіңішке және жалпақ Қалыпты
Тырнақ түсі
Көгілдір – ақшыл
Қалыпты
Тырнақ терісіндегі өрнек
Элипс тәрізді
Циркулярлық
Ерлер дауысының типі
Бас
Тенор
Әйелдер дауысының типі
Сопрано
Альт
Жұмыстың барысы:
1. Төмендегі кестені пайдаланып адамдардағы қалыпты тұқым қуалайтын
белгілерді талдау.
2. Әр білімгер өзінің жанұясындағы белгілі бір қасиеттің тұқым
қуалауына шежіре құрастыру.
3. Мына есепті оқып, шежіре құрастыру.
Тапсырма 7.1. Адамда қой көзді белгіні анықтайтын ген, көк көзді белгіні
анықтайтын генге қарағанда басым. Әкесі жағынан әжесі мен атасы (5,6)
атасының шешесің (3) және атасының әкесінің әке – шешесі (1,2) қой көзді,
атасының әкесінің (4) көзінің түсі көк болған. Шешесі жағынан нағашылары
әжесінің (11), әжесінің шешесінің (13), әжесінің шешесінің шешесінің (15),
көздері көк. Ал атасының (12), атасының әкесінің (14) және атасының әкесінің
әкесінде (16) қой көзділік белгі тұқым қуалаған. Ал шешесі (10)
мен бір
ұлының көздері қой көзді де, әкесі (7) мен екінші ұлының (8) көздері көк. Осы
мәліметтерге сүйеніп ұлдардың шежіресін құрастырып, отбасы мүшелерінің
генотипін және тұқым қуалау типін анықтаңдар. - көк көзді; ■ – Қой көзді;
Шежіредегі тұқым қуалау типін анықтаңыз.
Бақылау сұрақтары:
1.
Генеологиялық әдіс дегеніміз не?
2.
Пробанд қандай адам?
3.
Шежіре құрастыру үшін қандай символдар қолданылады?
4.
Генеология қандай мағынаны білдіреді?
129
7.2. Цитогенетикалық әдіс
Жұмыстың
мақсаты:
Адам
хромосомаларындағы
ауытқуларды
цитогенетикалық әдіс арқылы зерттеу.
Қажетті құрал – жабдықтар: Микроскоп, адам хромосомасы егілген
дайын препараттар, оқулықтар, әдістемелік
нұсқаулар, кесте.
Адам кариотипі. Адамның сома жасушаларында 46 хромосома (2n)
кездеседі, олар 23 жұп құрайды. 22 жұп хромосомалар әйелдерде де, ер
адамдарда да бірдей болады, оларды аутосомалар, ал бір жұп хромосомалар ер
адамдарда (ХУ), әйелдерде (ХХ) болып келеді, оларды жыныс хромосомалары
деп атайды. Адам кариотипінің көрінісі 9-шы суретте берілген.
53 сурет Адам кариотипінің көрінісі
Кариотипті анықтауда әртүрлі бояғыш заттарды қолданады, бұл әдісті
хромосоманы дифференциальді бояу деп атайды.
Q-бояуы — Касперссон әдісі бойынша бояу. Көбінсе Y-хромосоманы
зерттеуде қолданады.
G-бояуы — Романовский — Гимзе әдісі бойынша бояу.
Аберрацияны
және маркерлі хромосоманы анықтауда қолданылады.
R-бояуы — акридинді сары немесе соған ұқсас бояулар қолданады, G-
бояуына боялмайтын хромосоманың бөліктері боялады.
130
C-бояуы — хромосоманың центромерлі бөліктерін анықтауда қолданады.
T-бояуы — хромосоманың теломерлі бөліктерін анықтауда қолданады.
Адам кариотипі 46 хромосомадан тұрады., олар 23 гомолог жұп құрайды.
Оның 22 жұбы екі жыныстада бірдей болады, сондықтан оларды
аутосомалар
деп атайды, ал 23 жұп хромосомалары бір – бірінен өзгеше болып келеді,
оларды
У және Х хромосома немесе
жыныс хромосомалары (гоносомалар)
деп атайды. Кариотипті, әдетте метафазалық препараттар дайындап зерттейді.
Адам кариотипін жіктеудің 2 түрі белгілі:
Денвер классификациясы (1960)
Достарыңызбен бөлісу: