А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы



Pdf көрінісі
бет146/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   159
Геномды инпритинг – ата анасының қайсысынан бұл гендерді мұра етіп 
алғандығына байланысты гендердің экспрессиясы. Гаметалардың пайда 
болуына байланысты ДНҚ геномдарының эпигенетикалы модификациясы 
(металлдану және т.б) себеп болып табылады. 


219 
Дальтон – сутегінің атомдық массасына 1,67. 10 г немесе оттегінің (12 С) 
атомдық массасының 12/1-не тең өлшем бірлік (Да). Молекула вирустардың 
жасуша және оның құрылымдарын (хромосома, рибосома, митохондрия, 
хлоропласт және т.б.) атомдық массасын анықтау үшін қолданылады. Ағылшын 
физигі және химигі Дж. Дальтонның (1766-1844) құрметіне осы атау берілді.
 Дезоксирибоза – ДНК-ның құрамына кіретін 5 көміртегілі моносахарид.
 Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНК) – тірі клеткада (репликация, 
редупликация) өзін-өзі өндіруші қабілеті бар, жалғыз ғана молекулалы тип 
(өмір энциклопедиясы) тұқым қуалаушы затжәне генетикалық ақпаратты 
кодтаушы. Дезоксирибоза және фосфор қышқылы қалдығынан және төрт 
азоттық негіздермен ковалентті байланысқан – аденин (А), тимин (Т), гуанин (Г 
немесе G) және цитозин (Ц) байланысқан ерекше молекула. Бір тізбекті немесе 
екі тізбекті формада негіздер арасында комплементарлы сутекпен байланысқан
А-Т, Г-Ц.
Делеция. ДНҚ кезектестіктерінің түсіп қалуы. Мұнда шеткі жақтағы 
тізбектер бірімен–бірі қосылады. 
ДНҚ және РНҚ денетурациясы. Екі тізбектің бір тізбекке ауысуы; 
тізбектердің бөлшектенуі. 
ДНҚ қайталамалары – геномда қайталанып жолығатын ДНҚ тізбегі: 
- инверттелген немесе айналдырылғандар – бір - бірінен нөлден ондаған 
мыңдар п.н. қашықтықта жатқан геномның 5% алып жатқан, қарама – қарсы 
бағыттарда бағдарланған 300 п.н., шамасында ұзындықтағы ДНҚ екі ұқсас 
көшірмесінен тұрады; 
- полиндром 
– аралық тізбектермен бөлінбеген айналдырылған 
қайталамалар; 
- сателлитті – ДНҚ жоғарғы қайталанушы тізбектері (200 п.н.аспайтын) 
салыстырмалы кіші көлемді центромерлі, теломерлі және гетерохроматинді 
хромосомалы аудандарда тандемді блоктарымен орналасқан: геномның 10% 
алып жатыр;
- альфоидті ДНҚ – адамның әртүрлі хромосомасының гетерохроматинді 
аудандарына тән тізбектер құрамында табылатын 170 – 200 п.н. көлемді ДНҚ 
сателитті класы; 
- микросателлиттілер - бір немесе екі нуклеотидті тандемді қайталамалар, 
диспресті түрде бүкіл геном бойында таралған
- Минисателлитті – геном бойында дисперсті тараған 3 – тен 20 
нуклеотидтер көлеміндегі тандемді кайталамалары; 
- STR (short tandem repeats) – үш өлшемді және төрт өлшемді қысқа 
тандемді қайталамалар; 


220 
- UNTR – саны бойынша вариацияланушы тандемді үш - , тетра – және 
пентануклеотидті қайталамалар; 
- баяу (төменкопиялы) – жүзден бастап мыңдаған нуклеотидтердегі 
көлемді ДНҚ геном бойынша қайталанатын тізбектері бойынша дисперсті 
үйлескен: геномды ДНҚ 20% шамасын құрады; 
- ALU – 300 п.н. шамасындағы көлемдегі ДНҚ тізбегі, адамның геномында 
бірнеше мыңдаған рет қайталанады. 
- LINE – ұзын дисперстелген п.н. бірнеше мыңдаған көлемінде 
қайталанған, геномда 10 мыңнан аспайтын көшірмесі бар. 
- SINE – п.н. 500 дейінгі көлемінде дисперсті қайталамасы салыстырмалы 
қысқа, көшірме саны бірнеше мың әрбір 2,2 мың п.н. соң жолығады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет