Гимза – хромосоманы бояу барысында G сегменті көріну үшін
қолданылатын әдіс.
Гистон – эукариоттағы ДНК-мен байланысқан консервативті ақуыз.
Нуклеосоманың түзілуіне қатысады. Хроматиннің негізгі құрылым бірлігі.
Гомеобокс – эмбриондық дамуға жауап беретін, экзондары гомеозисті ген
болып саналатын қысқа жоғары консервативті ДНК-ның 180 п.н. алып жатқан
алаңы. Гомеобоксты гендер (негізін қалаған американдық генетик –Эдвард
Льюис) барлық тірі организмдерде айтарлықтай табылды. Бұл сүтқоректілерде
өте көп. Тышқанның және адамның төрт түрлі хромосомасында орналасқан.
НОХ-ген кластерінде жинақталған.
Гомеодомен – 60 амин қышқыл қалдығынан тұратын гомеобокстың өнімі.
Осы ақуыздар арқылы басқа гендердің қосылуын, бір гендердің өшуін
басқарады.Олардың ерекшелігі бір типті домендердің, яғни гомодомендердің
болуында. Түрлі экзондарды көрсету үшін гендердің фрагменті түрлі домен
ақуызын кодтаушы міндетті түрде интрондарға бөлінген.
Гомеозисті гендер – насекомдардағы сегментті бөлігін эмбриондық
дамуда бақылайтын гендердің жүйесі. Дрозофила шыбынының антеиндері
аяққа немесе аристері аяққа айналғанын мутация кезінде анықталған.
Гомоплазмия – қалыпты немесе мутантты ағзалардың жасушасы мен
ұлпасында бір типті митохондриялы ДНК.
Гендердің горизонтальды ауысуы – прокариоттар мен эукариоттардағы
генетикалық ақпараттың бір түрден екінші түрге ауысудағы туындаған
жағдайлар. Бұл жағдайлар табиғи зерттеуде сондай-ақ экспериментте де ауысу
болады.
Гуанин- пуринді азоттық негіз, цитозинге комплементарлы ДНК және
РНК құрамына кіреді.
Г,С жұп құрылым – микроорганизмдер бірлігінде негізгі критерийі болып
саналады. ДНК молекуласының жалпы санына қарай гуанин мен цитозиннің
мөлшері сәйкес келеді.моль %. Бактерияларда бұл көрсеткіш 25-75%- ға
өзгереді, қарапайымдыларда 20-70%, омыртқалыларда 35-45%.