Белсенді сөйлеуді дамыту ойындары
Сөйлеу жүре пайда болғандықтан, оны дамыту үшін жұмыс жасау керек. Осы негізде ата-аналарға арналған бірнеше нұсқаулық:- Алғашқы у-ілге , буынға, дыбысқа, ым-ишараға дауыстап
жауап қайырамыз: «Ия дұрыс айтасың...бөпе « ААА» деп жылайды, самолет «УУУ» деп ұшады т.с.с.»- Не айтқысы кеп тұрғанын сөйлетуге итермелеу негізінде, екі затты көрсетіп қайсысы екенін сұраймыз.- Баланың байқағыштығын сынап, әдейі қате айтамыз: «Мынау қоян ба? Жоқ? Дұрыс мынау аю!» Итті көрсетіп: «Ит қалай үреді? Мяу ! Жоқ! Ав-ав дейді.Дұрыс- Жануарлармен танысуда бірге жүгіреміз, секіреміз, еңбектейміз, қимыл- қозғалыстарды ерінбей баламен орындаймыз. Мысалы: қоянның секіргенін көрсетіп, құлағын қозғалтқанын, сәбізді кеміргенін көрсету арқылы баланы қызықтырамыз.Бір қарағанда оңай, қарапайым дүниелер. Алайда ойындарды, жаттығуларды күнделікті жасау ата-анадан орасан зор еңбекті талап етеді.
4 жасқа дейін баладан дыбысты дұрыс айтуын талап етпеу керек. Бастысы сөйлей алса болғаны, 4 жастан кейін де қате дыбыстарды түзетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |