«Қонаққа барамыз» ойыны. Баламен үй иесі және қонақ болып бөлініп, қонақты күтіп алып, оған ас ұсынып, онымен әңгімелесіп, қонақты шығарып салу әрекеттерін орындаймыз.
Ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған ойындар
Балада қимыл-қозғалыс әрекеті белсенді болса, оның физи-калық, психикалық дамуы қарқынды болады. Қимыл-қозғалыс екі үлкен топқа бөлінеді:- Барлық дене мүшемен орындалатын қозғалыс: жүру, жүгіру, баспалдақпен көтерілу, түсу, ролик, коньки, велосипед тебу,
суға жүзу, доппен ойнау т.б.-
Қолмен, саусақтармен орындалатын әрекеттер: қасық, ша-нышқы, пышақ, балға, ине, қысқыш ұстап, оны қолдана білу, өзі киініп – шешіну, бауын байлау, түймелерін салу, тамақ пісіру, кір жуу, киім бүктеу т.с.с.Ұсақ моториканың жақсы дамуы, баланың сөйлеу тілінің дамуына орасан зор үлесі бар. Яғни, үнемі баланы жаттықтыру,
оны сөйлеуге ынталандырумен пара-пар:
- Баланың алақанынан білегіне дейін уқалау (қолдың ішкі және сыртқы жағынан);- Бас бармақтан басқа саусақтарды 2-4 рет бүгіп-ашу;
- Бас бармақты алдыға- артқа, оңға- солға қозғалту;- Қарандашты екі алақан арасына қысып сырғыту;- Кішкене резиналы грушаны (дәріханадан алуға болады) қысып мақтаны ұшыру;- Газет, керексіз қағаздарды умаждау;- Пазл, конструктор құрау;
- Екі саусақпен адам аяқтары тәрізді етіп, рөлдік ойындар ойнау.Ұсақ моториканы дамыту арқылы бала тілінің дамуына төте жол таба аламыз. Қол, қолдың білезік және саусақтарының қозғалысының дамуына оң әсер ететін заттық ойындарды біз көп аңғара бермейміз. Ал анығында бұл дамытушы құралдардың пайдасы орасан зор. Мозайкалар, конструкторлар арқылы баланың байқағыштығы, төзімділік пен табандылығы шыңдала түседі
Достарыңызбен бөлісу: |