Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет10/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   109
Байланысты:
Ақ Сарбаз Әлемі

АҚ САРБАЗДЫҢ ОТБАСЫ
Ақ Сарбазға әуелі келгенде тірі тышқанға зияны тимеген 
тақуа әулиелер туралы көп естіген басым, Ұстаздың мен естіген 
әулиелерге мүлде ұқсамас болмысын көріп таң қалдым.
Ақ Сарбаз қонақжай, мәрт, тік мінезді турашыл, бірақ тақуа 
емес.
Әрбір істің ақырын көріп отыратын қасиеті болғандықтан 
аяқ астынан ашулануы, болмаса аяқ астынан жадырауы 
мүмкін. Ашуланғанда жаман сөздерді де жібере салады.
Ақ Сарбазды Құдайдың отқа салсаң жасымас, боққа салсаң 
кірлемес алмас қылышы деген дұрыс шығар.
Жеті қасиет көзі ашылған адам мына физикалық дүниеден 
тіке гиперкеңістікке өтіп кете алады екен.
Биік Дүниеге уақытынан бұрын кетіп қалмас үшін әдейі 
боғауыз араластырып сөйлейтін әулиелер болған деп естуші 
едім.
Ұстаз Зұлымдық Күштерімен күресте Шыңғысханның: 
«жыланды жауыңа өлтірт. Егер жылан жеңіп кетсе – жауыңнан 
құтыласың» деген қағидасын ұстанатын. Тағы бір жақсы 
көріп бақылайтыны спорттық жарыстар еді. Ұстаз ықыласына 
бөленген қазақ жігіттерінің шетінен әлем чемпионы бола 
бастағаны шындық.
Алайда елде исламдану үрдісі қаурыт жүріп, еркегі 
сақалды, әйел тұмшаланған жат үлгіні көріп ренжитін. «Күріш 
арқасында күрмек су ішіп» Ақ Сарбаздың қазаққа жасаған 
қолайлы жағдайын өзі істегендей ғып көрсетпек болғандар да 
шықты.
Құдай Өзінің ең сүйікті Ұлы – Ақ Сарбазға Өзіне тән 
Қасиеттің бәрін берді, бірақ адамға тән, соның ішінде қазаққа 
тән бақытты бермеді.
Қазақ үшін бақыт – өз теңін тауып қосылу мен артыңда 


39
ізіңді жалғар ұрпағың қалуы ғой!
Ақ Сарбаз да менің жасымдағы жігіт кезінде осыны 
армандапты. Алайда Ғарыш алдындағы міндет бәрінен 
маңызды еді. Ол ғасырлар бойы дайындалған негізгі миссиясын 
орындау жолында өз арманы мен жоспарының бәрін құрбан 
еткен.
Алайда Құдай Оны жалғыз қалдырған жоқ. Ақ Сарбазға 
кармалық жағынан жақын шәкірт-балдарын берді. Мен 33 
жасымда өз отбасымды құрғанда осының бәрі Ұстаздың 
қалауымен орындалып жатқанын білдім.
Ол Өзі жетсем деп армандап, Өзіне бұйырмаған игіліктің 
бәрін маған берді.
Дүниеге келген ұлдарымның бәрінің есімін өзі қойды. Ізтілеу 
– оның бала кезінде суық тиіп қайтыс болатын досының есімі 
еді.
Ахметшах – Ауғаныстанның халық батырының есімі болатын. 
Ахметшах балам дүниеге келгенде маңдайында үш жерінде 
көкшіл қалы болды, кейін кетіп қалды. Моджахедтардің көсемі 
Ахметшах Масуд Ақ Сарбаздың Ментал Дүниесі арқылы берген 
бұйрығын орындап, Кеңес Одағы әскеріне алғаш майдан ашып, 
жеңіп шыққан батыр ғой. Ақ Сарбаздың тікелей қолдауына ие 
бола жүріп ол ылғи жеңіп отырған. Осылайша Кеңес Одағы 
әскерінің сағын сындырып, Одақтың ыдырауына себепші 
болған.
Ахметшах Масудты мұсылман тәлибтер қастандықпен 
өлтірді. «Тәңір Жауынгері» кітабында Ақ Сарбаздың Ахметшах 
үшін тәлибтерден қалай кек алғаны баяндалады.
Ұстаз 70 жасқа толғанда сыйлық ретінде өзі есім қойған 
балаларын шұбыртып, отбасыммен қыдырып бардым. Біздің 
баруымыз Ұстаз үшін мереке болды. Ол кезде Ахметшах тәй-
тәй басып енді жүріп жүр еді. Бір реті келгенде:
– Бұл бала осы ғұмырында да жауынгер кармасын 
жалғастыра ма? – деп сұрадым.
– Жоқ – деп кесіп айтты Ұстаз, – оған енді жаңа деңгей, 
бейбіт өмірде эволюциялану құқығы ұсынылады.
Ақ Сарбаздың «Шығармашылық» деген әңгімесінде:
Ұстаз туралы


40
Ақ Сарбаз Әлемі


41
«Ислам Арыстаны Ахмедшах қырқыншы күні Жоғарғы 
Соттың алдына келді. Ол өз Сенімі үшін ажал құшқан шахид 
ретінде танылып, параллель Әлемде Сенім жолында қаза 
тапқан серіктерімен бірге Жауынгер Жолын жалғастырды. 
Қабаттас Дүниелердегі өмірі біткесін Ахмедшах қазақ 
отбасында дүниеге келіп, өз жолын алтыншы саты халқының 
ішінде жалғастырғысы келеді.
Оның Қалауы орындалатыны туралы уәде берілді!» – деген 
жолдар бар.
Осы әңгімеге коллажды өзім жасадым. Картинада Ауған 
тауларына баспалап кіріп келе жатқан Кеңес солдаттары 
мен оларға қарсылас болған Ахметшах Масудтың бейнесі. 
Ахметшах әскерінен жеңіліп, тас-талқаны шығып жатқан 
орыс техникасы. Таудың ұшар басында Олимптің шыңындағы 
найзағай Құдайы Зевс секілді айбатпен, кішкентай Ахметшахты 
құшағына алған Ақ Сарбаз.
Тәжік Ахметшах отанын жаудан қорғай жүріп шейт болса, 
қазақ Ахметшахтың ендігі тағдыры Ақ Сарбаздың тікелей 
қамқорлығында өтпек. Енді Атасы өзіне шын берілген хас 
батырын ешқашан өлімге бермес. 
Ұстаз туралы


42
Ақ Сарбаз Әлемі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет